Өндірістік санитария. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар Зиянды өндірістік фактор



Дата10.02.2023
өлшемі22,75 Kb.
#168237
Байланысты:
Зиянды факторлар
10 информатика ҚМЖ улгі

Өндірістік санитария. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Зиянды өндірістік фактор — жұмыскерге әсері ауруға немесе жұмыс жарамдылығының төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсеріне алып келуі мүмкін өндірістік фактор, белгілі бір жағдайларда (қарқындылық, ұзақтық және т.б.) жұмыс істеушіге әсері кәсіптік ауру, жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуін тудыруы, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігін арттыруы, ұрпағының денсаулығының бұзылуына алып келуі мүмкін орта және еңбек процесінің факторлары. Сандық сипаттамасына (концентрация және т.б. деңгейне) және әсер ету ұзақтығына байланысты зиянды өндірістік қауіпті болуы мүмкін.
Қауіпті өндірістік фактор — жұмыс істеушіге әсері жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуіне (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлім-жітімге алып келуі мүмкін өндірістік фактор, әрекет ету табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизикалық болып бөлінеді.
Қауіп дегеніміз адамдардың іс әрекеті негізінде және табиғаттан келетін, тіршілік ортаның қалпын бұзатын, нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін процесс, құбылыс, обьект, субьект.
Қауіпсіздік дегеніміз қоршаған ортаның бір қалыпты тұрақты болуы, адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін қауіп-қатердің болмауы не аз болуы, адамдардың ауқатты тұрмысының сақталуына қолайлы жағдайдың болуы. 
Өндірістегі қауіптердің жүйеленуі:
1.Физикалық
2.Химиялық
3.Биологиялық
4.Психофизиологиялық
Тіршілік қауіпсіздігі - ғылым, адамдарды олардың өмір сүретін ортасына туатын қауіпті және зиянды факторларынан қорғау, денсаулықты сақтау және қауіпсіздік жолдарын теориялық және практикалық жағынан қамтитын білім саласы.
Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 

  1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.

  2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.

  3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.

  4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.

Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады.
Зиянды заттар адам организміне тигізетін әсеріне байланысты тағайындалып, төмендегідей кластарға бөлінеді:
1. Төтенше қауіпті (сынап, қорғасын).
2. Жоғары қауіпті (күкірт қышқылы, хлор).
3. Қауіптілігі орташа (темекі,шай).
4. Қауіптілігі төмен (аммияк, ацетон).
Жұмыс орындарында ауаны қауіпті жағдайға келтіруге арналған шаралар арасындағы маңыздысы ҚШШ (қауіпсіз шоғырлану шегі) деп аталады. Адамның тыныс алу жолдары арқылы өте зиянды газдар мен булардан бүкіл организм уланады, немесе организмнің жеке бөлігі улануы мүмкін. Сондықтан, зиянды газдардың әсерінен төмендетілетін шараларды жете зерттеуден бұрын, сол газдардың және зянды булардың түсу жолдары мен оюлығын анықтау қажет. Жұмыс аймағында газдар мен булардың қоюлығын төмендететін шараларға мыналар жатады: механикаландыру, автоматтар қолдану, технологиялық процестерді герметизациялау (технологиялық жабдықтардың ауамен қатынасы болмауы), жергілікті жайларда ауаны сорып шығытын жабдықтар қолдану және жалпы желдеткішті тиімді пайдалану(өндіріс процестерінің рационализациялау). Егер жұмыс аймағында ауа зиянды газдармен, булармен ластанса,оның мөлшері ҚШШ-сынан асып кетсе, қорғану амалдарын қолданған жөн. Мысалы, универсалды респираторларды, противогаздарды, арнайы киімдерді пайдалана білу керек. Ауа кеңістігіне баға беру әдістерінің кең тарағандары тек экспрестік және лабораториялық. Лабораториялық әдіс өте дәл, бірақ те көп еңбек жұмсауды талап етеді. Экспрестік әдіс өте жылдамдықпен зиянды газдар мен булардың қоюлығын (концентрация) анықтайды. Ол үшін тексеруге арналған ауаны индикаторлық порошогы бар түтікшеден сорып өткізеді. Зиянды ауаның әсерінен түтікшедегі индикаторлық порошок өз түсін басқа бояуға өзгертеді. Түсі басқа бояуға өзгерген индикаторлық порошок, түтікшенің ұзындығы сол зиянды ауның қоюлығына және ауа сору уақытына тікелей қатынаста болып табылады. Бұл зиянды газдардың қоюлығын экспрес әдіспен анықтау үшін УГ-2 деп аталатын газоанализатор қолданылады. Адамның психофизиологиалық мҥмкіндігін іске асыру. Адамның жұмыс қабілеті жұмыс күнінде бірнеше рет өзгеріске ұшырайды, атап айтқанда –фазалық.
Фазалар:
1.Жұмысқа үйрену (қалыптасу).
2.Жұмыс қабілеттілігінің тұрақтылығы.
3.Жұмыс қабілетінің төмендеуі.
1.Бұл жұмыс басталғандағы фаза яғни ұзақтығы – 1,5 сағат
2.Еңбек өнімділігінің жоғарылауы ұзақтығы 2,25 сағат)
3.Шаршағанда пайда болатын фаза.
Жұмыс қабілетінің өзгеруі жұмыс түріне тікелей байланысты. Жұмыс қабілетінің тұрақтылығын тек қана адам-машина-ортаны үйлестіру,жұмыс, демалыс режимдерін сақтау. Оның ең бірден-бір жолы коллективтегі ішкі жағдайлардың дұрыс болуы. Аталған жағдайдың дұрыс болмауы стресс,жарақатқа және аварияға әкеліп соғуы мүмкін. Жұмыс қауіпсіздігіне әсер ететін психологиялық фактор: ықылас (назар аудару,сезіну, еске сақтау,ойлау,жұмыс қабілеттілігі,қабылдау,шаршау (қажу).Зиянды газдар көбінесе адамның демалыс органдары арқылы түсіп қана тарайды.Сондықтан да ауа бассейнінің барлық уақытта таза ұстауға арналған дер кезіндегі шаралар еңбек қорғаудың негізгі мақсаты болып табылады. Таза да кебу ауа бірнеше газдардың қосындыларынан тұрады,мысалы: азот (70%), кислород (21%), көмірқышқыл газы және басқа активті (1%) және күкірт (1%) газдардың қосындылары.Ал, өндіріс жағдайларында көбіне ауа адам денсаулығына зиянды булар және 
газдармен ластайды. Мысалы, малшылар жүріп-тұратын жерлерінде ауа аммякпен,күкіртті сутегі және басқа да зиянды газдармен ластайды. Сонымен қатар кейбір зиянды булар мен газдар қопарылыс беретін қоспа құруы да мүмкін. Мысалы,аммияк,бензин және басқалар.Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың кері әсерлері томендегідей салдарға әкеліп соқтырады:Қауіпті факторлар сәтсіз оқиғаларға, ал зиянды кәсіби ауруларға.
Зиянды, қауіпті заттар және қолайсыз факторлар арқылы атқарылатын жұмысқа жіберуге болмайтын жалпы медициналық көрсеткіштер төмендегідей:
1) ағзалардың туа болатын аномалиясы салдарынан, олардың атқаратын қызметінің жетіспеушілігі орын алғанда.
2) орталық және шеткергі жүйке жүйесінің органикалық ауруларының салдарынан олардың қызметінің тұрақты түрде бұзылуы орын алғанда.
3) созылмалы психикалық аурулар және психоневрологиялық диспансерлерде міндетті түрде диспансерлік бақылауға жататын түрлері және соларға тең боп келетін жағдайларды; жиі ұстайтын қояншық ауруын. Психикалық ауруларға жақын, ес өзгерулері анық түрде болған жағдайда тиісті жұмыстарға жарайтыны туралы мәселені психоневрологиялық ұйымның комиссиясымен жеке түрде, арнайы шешіледі.
4) нашақорлық, уытты заттарға әуестену, созылмалы маскүнемдік.
5) Эндокринді жүйелердің ауруы (қант диабеті, тиреотоксикоз және басқалары), жұмысқа жіберу жеке түрде, арнайы шешіледі.
6) Қатерлі ісіктер (емдеу өткізілгеннен кейін абсолютті қарсы көрсеткіштердің болмаған жағдайда мәселе жеке түрде, арнайы шешілуі керек).
7) Қан жүйесінің барлық қатерлі ісік түріндегі аурулары.
8) ІІ-дәрежедегі қан қысымының жоғарылауы, өрши беретін, күрт асқынатын, жиі қайталанатын түрлері (жұмысқа жіберілуі туралы шешім жеке түрде, арнайы шешіледі).
9) ІІІ- дәрежедегі қан қысымының жоғарылауы.
10) Қан айналымының жетіспеушілігімен сипатталатын жүрек аурулары (декомпенсация-қалпына қайтіп келмейтін түрі).
11) Анық өкпе-жүрек жетіспеушілігімен сипатталатын өкпенің созылмалы аурулары (декомпенсацияланған түрі).
12) Тыныс алу мен қан айналымының анық түрдегі функционалдық қызметінің бұзылуымен сипатталатын бронх демікпесінің ауыр түрі.
13) Белсенді туберкулездің барлық түрлері.
14) Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, олардың созылмалы қайталанатын ауыр ағымдағы және қанауға дайын тұратын түрлері.
15) Бауырдың циррозы және белсенді созылмалы гепатиттер (декомпенсацияланған түрі).
16) Айқын түрдегі бүйрек жетіспеушілігімен сипатталатын бүйректің созылмалы аурулары.
17) Дәнекер тіндердің (жүйелі түрдегі) қалпына келмейтін аурулары.
18) Кәсіби міндетін орындауға кедергі болатын, қызметі тұрақты түрде бұзылуымен сипатталатын жүйке-бұлшық ет жүйесінің және тірек-қимылдау аппаратының аурулары.
19) Тыныс алу органдарының, тері және тері асты торшаларының аллергиялық аурулары, жиі асқынатын қалпына қайта келмейтін түрлері.
20) Қалпына қайта келмейтін глаукома.
21) Жүктілік кезінде және бала емізетін кезде.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет