Байланысты: Өсімдіктер физиология емтихан сұрақтары ХБ-19к 2022
«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы» пәніне кіріспе. Негізгі даму кезеңдері, мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Басқа ғылымдармен байланысы.
Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Олардың физиологиялық рөлі.
Өсімдік жасушасы организм тіршілігінің негізі ретінде. Жасуша органоидтардың құрылысы мен қызметтері.
Фотосинтез ілімінің дамуы мен тарихы. Фотосинтез процесінің бірегейлігі мен мәні. Тыныс алу процесімен ортақтығы мен айырмашылықтары.
Жасушаның химиялық құрамы. Нәруыздар, нуклеин қышқылдары, липидтер, көмірсулар, ферменттер, АТФ.
Өсімдікте судың тасымалдануы. Транспирация, оның реттелуі. Өсімдіктер өміріндегі маңызы.
Судың биологиялық маңызы. Физико-химиялық қасиеттері. Су молекуласының құрылымы.
Өсімдіктердің әртүрлі экологиялық топтардың өсімдіктеріндегі су алмасуының ерекшеліктері (ксерофиттер, мезофиттер, гидрофиттер). Өсімдіктердің ылғал тапшылығына бейімделу механизмдері.
Көмірсулардың алмасуы. Аминқышқылдар мен ақуыздар, липидтердің алмасуы. Дәрумендер. Қосымша заттар.
"С–4" фотосинтез жолы, Хэтч-Слэк циклы.
Онтогенез кезендері. Тұқымның тыныштық күйі. Алғашқы өсу процессі. Өсу қозғалыстары. Өсу гормондары. Өсімдіктердің тозуы.
Өсімдіктегі судың күйі, бос және байланысқан су – қасиеттері, рөлі. Су потенциалы.
Өсімдік онтогенезінің орта жағдайына бейімделуі. Өсімдіктердің зақымдаушы факторларының әсеріне бейімделуі, қорғау реакциялары.
Осмос. Өсімдік жасушасы осмотикалық жүйе ретінде. Осмотикалық және тургорлық қысым. Сору күші.
Жоғары өсімдіктердің патогендік микроорганизмдерге және басқа биотикалық факторларға төзімділігінің физиологиялық және биохимиялық негіздері.
Хлорофиллдер. Оның химиялық құрылымы, спектрлік қасиеттері, функциялары. Хлорофиллдің флуоресценциясы.
Тұрақтылық өсімдіктердің өмір сүру жағдайларына бейімделуі ретінде. Өсімдіктердің экологиялық стресске бейімделу реакцияларының жалпы принциптері.
Макроэлементтердің өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Олардың физиологиялық рөлі.
Фикобилиндер. Таралуы, химиялық құрылымы, спектрлік қасиеттері. Фотосинтездегі рөлі.
Өсімдіктің молекулалық құрылымының ерекшеліктеріне байланысты судың жағдайы. Өсімдік ағзасының құрылымы мен қызметіндегі судың рөлі.
Транспирация және оның өсімдіктер өміріндегі физиологиялық маңызы. Транспирацияның сандық көрсеткіштері: қарқындылығы, өнімділігі, транспирациялық коэффициенті.
Фотосинтез. Жапырақ пигменттері, оның негізгі өкілдеріне сипаттама. Пигменттерді бөлу әдістері.
Фотосинтездің қарқындылығы. Қоршаған орта факторларының фотосинтез қарқындылығына әсері.
Каротиноидтар. Жіктелуі, химиялық құрылымы, спектрлік қасиеттері мен қызметі.
Көмірсулардың диссимиляциясының негізгі жолдары. Тыныс алудың анаэробты фазасы (гликолиз, оның кезеңдері).
Өсімдіктердің гормоналды жүйесі. Фитогормондардың өзара әрекеттесуі.
Тыныс алудың аэробты фазасы, Кребс циклы. Циклды реттеу механизмдері.
Тамыр – су сіңіру мүшесі, оның құрылысы, қызметі. Иондардың тамырға ену модельдері, минералды заттарды ксилемаға тасымалдау.