ЖұӨ-н кейбір есептеу принциптері



бет1/4
Дата10.12.2022
өлшемі84,16 Kb.
#162231
  1   2   3   4
Байланысты:
10, 14, Статистика уровня жизни населения Все эконом спец, Амперметр және Вольтметр

ЖҰӨ-н кейбір есептеу принциптері

Гипотекалық экономикада, мұнда тек нанды өндіреді деп жорамалдаймыз. Нақты өмірде мемлекеттердің ЖҰӨ-ны есептеуі күрделі мәселе. Сондай күрделі экономиканы өндіріс пен қызметтер шығынын қоса отырып, тікелей түсінуге болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсінік алу үшін, оның басты қалыптасу принциптері туралы білу қажет.


Қор есебі: Мәселен, фирма қосымша жүмысшылар алып, өндірісін үлкейтсе, яғни нан ондірсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейін жасаған тауарлары өтпей қалса, бұл ЖҰӨ өлшеміне қалай әсер етеді?
Жауап өтпей қалған нанды не істейді, соған байланысты. Егер нан керек емес деп тасталса, онда фирмапайдасы қосымша жалақы өлшемі ретінде төленеді,сонда фирма жалақы ретінде үлкен сома толесе, ал пайда ретінде өзіне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлеміне және табыс деңгейіне әсер етпейді. Сондықтан ЖҰӨ өлшемі өзгеріссіз қалады (тек қана жалақыға тиесілі бөлігі аз). Басқаша айтқанда, егернанды кейінірек сату үшін, қорға жинап қойса, ондаүлттық есептеу принципіне байланысты, бұл операциябасқаша қаралады. Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды, себебі нан фирма қорында сақталуда. Сол себепті ЖҰӨ көлемі кобейеді. Яғни, жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың жиналуынан шығын көлемі көбейеді.
Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция көлемі қорға және шығын құрамына,табыс құрамына енеді. Сол себепті, өндіріс нәтижесінде қор өсімі пайда болады, ЖҰӨ көбейеді.


Алма мен апельсинді қалай қосуға болады

Біз ЖҰӨ-ді талдау барысында нанды тек бір ғана өндіріс тауары деп қарадық. Шын мәнінде, экономикада көптеген тауар түрлері мен қызмет түрлері - нан,автомобильдер, шаштараз қызметтері және т.с.с. бар.ЖҰӨ-де осы әр түрлі тауарлардың құны бір жалпы көрсеткіш арқылы өрнектеледі. Экономикада өндірілген тауарлардың әр түрлілігі ЖҰӨ есебін қиындатады,себебі бұл тауарлардың әр қайсысы әр түрлі баға иемденеді. Мәселен, айталық, экономикада 3 апельсин мен 4 алма өндірілсін. ЖҰӨ-ді қалай есептейміз? Біз жайғана алма мен апельсиннің санын қосып, ЖҰӨ-ді 7 бірлік жеміс-жидек деп айтуымызға болады.


Егерде алма мен апельсиннің бағасы бірдей болса ғана мүның мағынасы болады, бірақ ереже бойыншаолай емес (Егер біз экономикада 4 арбуз және 3 грейп-фрукт өндіріледі десек, бұл мысал бүдан да түсінікті болар еді), әр түрлі тауарлардың жалпы құнын есептеу үшін, біз нарық бағасын олардың бағасы ретінде қолданамыз. Нарықтық бағаны қолдану себебіміз тұтынушылар белгілі бір тауар немесе көрсетілген қызмет үшін сол бағаны нақты төлеуге дайын. Егер де алманың 1данасы 50 тиын түрса, ал апельсиннің 1 данасы 1 теңге түрса, онда ЖҰӨ мынаған тең:
ЖҰӨ = (алма бағасы х алма саны) + (апельсинбағасы х апельсин саны) = (0,50 x 4) + (1,00 x 3) = 5,00.Барлық алма бағасына (2 теңге) барлық апельсин бағасын (3 теңге) қосамыз.ЖҰӨ = 5 теңге.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет