Сандық-аналогты түрлендіргіштер



Дата14.12.2021
өлшемі14,86 Kb.
#100718
Байланысты:
Сандық


Сандық-аналогты түрлендіргіштер деп – сандық ақпаратты аналогтық ақпаратқа түрлендіретін құрылғыны айтамыз. Олар кернеу немесе тоқ түріндегі сигналды болдыру үшін, басқарылатын кодпен байланысады. Бұдан басқа, Сандық-аналогты түрлендіргіштер аналогты – сандық түрлендіргіштермен кері байланысты түйін ретінде қолданылады. Жалпылама олар деректерді беру жүйелерінде, өлшегіш құрылғыларда, сыналатын қондырғыларда, күрделі функциялы генераторларда, дисплей экрандарында көрініс болдыруда және т.б. мақсаттарда қолданылады. Осыған байланысты Сандық- аналогты түрлендіргіштер интегралды микросхемаларының көптеген түрлері жасалып шығарылады. Сандық- аналогты түрлендіргіштердің схемаларын әртүрлі белгісіне қарай жіктеледі. Олар, жұмыс істеу принципіне, шықпа сигналының полярлығына, элементті базасына байланысты болады. Жұмыс істеу принципіне байланысты Сандық- аналогты түрлендіргіштердің кеңінен тараған мына келесі түрлері кездеседі, Олар тоқтардың қосылуы, кернеудің бөлінуі, кернеудің көбейтілуі.

Сандық-аналогты түрлендіргіштердің негізгі параметрлері.

Сандық-аналогты түрлендіргіштер барлық параметрлерін жалпы 2 топқа бөлінеді. Олар статикалық және динамикалық.



Статикалық параметрлеріне жіберілетін мүмкіндігі, түрленудің ауытқуы, шықпа сигналының мәндерінің диапозондары, басқарылатын кодының мінездемесі, және т.б. жатады.

Ал Динамикалық параметрлеріне жататындар: шықпа сигналын қою уақыты, түрленудің шекті жиілігі, динамикалық ауытқулар, және т.б. жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет