29. Уәжді ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»



Дата17.06.2018
өлшемі20.38 Kb.
29. Уәжді ауытқулар
Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік» атты бағдарламалар циклін жалғастырамыз. Анар ханым, бұл жолғы тақырып «Уәжді ауытқулар» деп аталады. Уәжді ауытқулар себепті бола ма, әлде себепсіз бола ма? Соны тарқатып айтып берсеңіз.

Анар ханым: Уәжді ауытқулар дегеніміз өзі аты айтып тұрғандай, уәжі бар деген сөз. Демек себепті ауытқулар деген сөз. Себепті ауытқу дегеніміз сөзді бұзып айту, бірақ оның ар жағында негізі болып тұрады. Әрине, ең бірінші кезекте, ойға идеологиялық ерекшеліктер келеді. Өзі тілдегі кез келген нормадан шығушылық, кез келген норманы бұзушылық біреуі міндетті түрде себепті болуы мүмкін, екінші бір формасы себепсіз болуы мүмкін.

Жүргізуші: Сөз түрінде бір мысал келтіріп кетсеңіз.

Анар ханым: Енді оған қазір мысал келтіру қиын енді... Мысалы, орфоэпиялық норманы бұзған кезде...

Жүргізуші: Бұзып сөйлеп көріңіз енді бір рет..

Анар ханым: Бұзып сөйлегенде, мысалы, көбіне кекеш адамдардың тілінде болады. Уәжді ауытқу деген бұл физиологиялық ерекшеліктерге байланысты, сөзді дұрыс айтпау, немесе бір кейбір кісілер болады, жуысыңқы қатаң «с» дыбысын айқанда біртүрлі қызық.

Жүргізуші: Тілін төсеп сөйлейді.

Анар ханым: Ия, тілін төсеп сөйлейді. Немесе бір балалардың тілінде жиі кездеседі я, «р» дыбысын айта алмайтын балалар болады. Мысалы, «р»-ды «й» деп айтуы мүмкін. «Ай» деп, я, мысалы, менің атымды, «Анар» дегенді «Анай» деп айтуы мүмкін. (күледі) Осындай ауытқуларды біз «уәжді ауытқуларға» жатқызамыз. Сондықтан бұндай ауытқуды, «уәжді ауытқуды» тыңдап отырған адам, сөзін тыңдап отырған адам бірден біледі. Демек тілінің бір мүкісі бар екен деген сияқты. Осының бір қызығы, үлкен жасқа келгенге дейін кейбір кісілердің тілінде жеке дыбыстардың айтылуы қалыптаспаған жағдайлар кездеседі. Мұндай кезде біз мұны кешіріммен қараймыз, ә! Ал егер маман болып тұрса, ауызша сөздің маманы болып тұрса және ауызша сөзді айту арқылы, тарату арқылы күнделікті нәпақасын тауып жүрген адам болса, онда оның тілінде мұндай кемістіктердің болмағаны абзал. Міне, уәжді ауытқуларға біз осыны жатқызамыз. Осымен байланысты бір кішкентай бір проблемаларды айта кетейін. Осы орфоэпиялық нормадан уәжді ауытқуға байланысты, бізде мынадай бір, біздің тыңдарманымыз қазақша үйреніп жүргендер немесе қазақша біліп, бірақ қазақша білімін жетілдіріп жүргендер я, міне, осы кісілерге айтатыным, сіздердің, тіпті біздің, мен ойлап отырмын, тыңдарманның ішінде қазақша жаңа бастап үйреніп жүргендер болуы мүмкін, тілдеріңізде осындай ауытқулар болмас үшін, әрбір дыбыстың айтылуын үйрену өте маңызды. Мысалы, өзім мысалы, кішкентай балаларға қазақ тілін үйреткенде, мүлдем қазақша білмейтін балаларға әрбір дыбыстың айтылуын ойын түрінде айтып үйретемін.

Жүргізуші: Бірінші сыныпқа барған баланың «А» әрпінен бастап үйренгеніндей, үйренгені абзал дейсіз ғой.

Анар ханым: Иә, иә, мысалы, қазақтың көп дыбыстары орыс тіліне айтылуы жағынан ұқсас келеді. Әрине, бірдей болмайды. Әр тілдің дыбысы өзінше ерекше. Дегенмен қазақ тілінде орыс тілінде мүлде жоқ, ұқсамайтын дыбыстар бар. Мысалы, «ң» дыбысы бар, одан кейін «қ» дыбысы бар, «қ» дыбысын орыстілділерге айтып үйрету керек. Ертең, мысалы, орыс тілінде тілі шыққан адам қазақтың «қ» дыбысын айта алмай тұрса, онда мұны да уәжді ауытқуға жатқызамыз. Себебі ол кісінің мына артикуляциялық базасы мына ауыз қуысындағы бұлшықеттері «қ» дыбысын айтуға үйренбеген. Сондықтан сіздің тіліңізде осындай уәжді ауытқу болмас үшін сіз сол тілді үйреніп бастаған кезде, әрбір дыбыстың айтылуына мән беріп үйренуіңіз керек.

Жүргізуші: Одан кейін тағы бір нәрсе бар, егер жаңағыдай, сіз айтқандай, айта алмай жатса, тілі келмей жатса «ң» дыбысына, оған кешіріммен қарайсың, енді – уәжді ауытқу. Тіпті жазғанда да, жаңағы, «ң» мен «н»-ны шатастыратын кісілер бар.

Анар ханым: Иә, «ң» мен «н»-ды шатастырып жазатындар, көрдіңіз бе, бұл алдымен ауызша тілді үйреніп, содан кейін жазба тілді үйренгендердің мәтіндерінде көп кездеседі. Сондықтан, көрдіңіз бе, ауызша тілде дыбыстарды дұрыс айтып, ажырата білудің маңызы зор. Енді мынау әрбір дыбысты айтқан кезде оны қалай айту керектігін кәдімгідей физиологиялық тұрғыдай үйрету керек: тіліңді алға қарай жылжытасың, артқа қарай жылжытасың. Мысалы, «қ» дыбысын айтуды үйрету үшін мен орыс ұлты өкілдеріне немесе өзге ұлт өкілдеріне айтамын: «Сен, тіліңді артқа қарай жылжыт та, артқы жағын көтеріп, таңдайыңның ең артқы бөлігіне тіре» деймін. Сонан кейін оны көз алдына елестетеді. Сонан кейін оның миы, органдары дейміз ғой, мүшелеріне сигнал береді, сонан кейін ол оны орындауға тырысады. Басында, әрине бірден дұрыс орындамайды. Көрдіңіз бе, дыбыстарды айту ол сіздің ауыз қуысындағы мүшелеріңіздің қозғалысына байланысты. Тіл үйренушілерге о бастан әріптерді дұрыс айтып үйретсе, онда ол қазақтың дыбыстарын дұрыс айтатын еді.

Жүргізуші: Мен тіпті де ойламаппын осындай қазақтың «қ», «ғ» сықылды әріптерін үйрену үшін осындай күрделі процестен керек ...

Анар ханым: Иә, дыбыстарын үйрену үшін сондай «ң»-ды айтқан кезде мен ол кісілерге айтам, «мысалы, «сіздер «ң»-ды айтатын кезде, «н» дыбысын айтумен салыстырып отырып үйреніңіздер. «Н» дыбысын айтқанда, тіліңіздің ұшы күрек тісіңіздің үстіңгі жағына келіп тіреледі. Қызыл иек пен күрек тіске келіп тіреледі. Ал енді «ң»-ды айтқан кезде сіздің тіліңіз мүлдем ол жаққа бармайды. «Ң» дегенде тіліңіз жиналып алып, артқа қарай кетіп, келе жатқан ауаны бөгейді де, ол ауа ауызға бармай, оның бүкіл көп бөлігі мұрныңыздан шығады «ң» (созып) дегенде. Сосын оларға осыны дәлелдеу үшін «мұрындарыңызды жауып «ң»-ды айтыңыздар» деймін. (Мұрнын жауып) «Ң» десе, айта алмайды. Айтыңызшы, Самат?

Жүргізуші: (Үнсіздік)

Анар ханым: Мүлдем шықпайды даусыңыз. Ал енді «н» дыбысын айтқанда мұрныңызды жапсаңыз, «н», әйтеуір бір естіледі. Өйткені «н»-ны айтқан кезде ауаның жартысы бәрібір ауыз қуысымен кетеді. Дәл солай «қ» дыбысын айтуды да үйретем. «К» дыбысы мен «қ» дыбысының айырмашылығын түсіндіремін. «К» дыбысын айтқан кезде сіздің тіліңіздің ортаңғы жағы көтеріліп келіп, таңдайыңыздың ортасына барып тіреледі.

Жүргізуші: Көп рақмет, Анар ханым!
Каталог: static -> electronic book -> text80
text80 -> 56. Көркем әдебиет стилінің ауызша формасы Жүргізуші: Сіздер «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 30. Уәжcіз ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 6. Ауызша сөз нормаларын қайдан білеміз? Жүргізуші: «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 11. Сөз ағымы бірліктері Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 73. Грамматикалық қателер Жүргізуші
text80 -> 23. Бата беру Жүргізуші. Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 72. Сөздерді дұрыс айтпау Жүргізуші: Қадірменді тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 64. Дайындықсыз ауызша сөздегі қателер Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 41. Ауызша сөздің үлкен 2 типі: дайындықты және дайындықсыз Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 20. Қоштасу Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет