Агробиология факультетінің 6В08101-Агрономия мамандығының студенті Төлегенова Алтынай Ғалымжанқызының



Дата17.07.2020
өлшемі17,54 Kb.
#75338
түріДиплом
Байланысты:
Сын пікір Төлегенова Алтынай


Агробиология факультетінің 6В08101-Агрономия мамандығының студенті Төлегенова Алтынай Ғалымжанқызының

«Жамбыл облысы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ филиалы жағдайында жүгері егістігіндегі арамшөптерге қарсы гербицид қолданудың тиімділігі » тақырыбы бойынша дайындалған дипломдық жұмысына
СЫН ПІКІР

Жүгері егістіктері негізінен Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облысының суармалы жерлерінде орналасқан. Ауа райының қолайлы болуы бұл жерлерде жүгерінің кеш пісетін сорттары мен будандарын егуге мүмкіндік береді. Осыған орай бұл аймақ республиканың терістік аудандары үшін сүрлемдік жүгері үшін жүгерінің сорттары мен будандарының сапалы тұқымын өсіреді. Жүгері өсіруден келетін пайда көп. Ол ең алдымен егіншілік мәдениетін жақсартады, атқарылатын жұмыстардың бәрін бүгінгі күннің өскелең талабына сай жүргізуге мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыста жүгері егістігіндегі арамшөптерге қарсы гербицид қолданудың тиімділігі анықтаған.

Әр түрлі гербицидтермен өңделген танаптарда өсірілген дәндік жүгерінің Тулпар 539 буданының фотосинтетикалық қызметтерін зерттеуде өсімдіктердің өсуі мен дамуындағы мынадай ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ең жоғарғы өнімділік – 123,5 ц/га Майстер Пауэр гербицидімен өңделген нұсқада болды. Дуал Голдпен өңделген нұсқада 120,0 ц/га құраса, эллюмисте 110,5 ц/га, ал бақылау нұсқасында 100,8 ц/га құрады.

Зерттеу жұмыстары Жамбыл облысы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ филиалы жағдайында жүргізілген.

Дипломдық жұмыста келтірілген ғылыми нәтижелер мен қорытындылар жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінен құрастырылған. Зерттеу жұмыстары дипломдық жұмыстың талаптарына сай келетін әдістемелердің көмегімен жүзеге асырылған, зерттеу нәтижелері мен анықтамалары математикалық әдіспен өңделген.

Төлегенова Алтынай дипломдық жұмысының жоғарыда аталған жетістіктерімен қатар, кейбір кемшіліктерін атап өтуіміз керек.Атап айтсақ жұмыс барысында келесі кемшіліктер орын алған:


  1. Жұмыста орфографиялық қателер кездеседі.

  2. Жүгері дақылының өнімділігі бойынша математикалық өңдеу жасалмаған.

Қорыта айтқанда сын-пікір беріп отырған дипломдық жұмыс өзінің мазмұны мен әрлеуі жағынан оған қойылатын талаптарға сай келеді, сондықтан 6(алты) балл қойып, оның авторы Төлегенова Алтынай 6В08101-Агрономия бакалавры дәрежесін алуға лайық.

Сын пікір беруші:

Ауыл шаруашылығы ғылымының _________________ Жусупбеков Е.К.



кандидаты

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет