Селекцияның генетикалық негіздері



Дата28.01.2022
өлшемі3,16 Mb.
#130099
түріЛекция
Байланысты:
Генентика АГС

Селекцияның генетикалық негіздері

Орындаған: Сейт Ақелік

Оңайбаева Гүлхан

Мамбетбаева Саяжан

Селекция


Селекция (латынша, selection – таңдау, іріктеу) – өсімдіктер сорттарын, жануарлардың қолтұқымдарын және микроорганизмдердің адамға қажетті белгілерімент құру әдістері туралы ғылым. Мәдени өсімдіктердің сорттары немесе жануарлардың қолтұқымдары дегеніміз – адамға қажетті құнды шаруашылық және морфофункционалдық тұқым қуалайтын белгілерінің жиынтығы.

Селекцияның теориялық негізі болып генетика саналады. Селекция, сондай-ақ молекулалық биологияның, физиологияның, цитология және өзге биологиялық ғылымдардың жетістіктеріне сүйенеді. Қазіргі таңда әсіресе селекцияның дамуына клеткалық және гендік инженерияның жетістіктері, сондай-ақ биотехнологияның жетістіктері үлкен үлес қосуда.

Генетика ұғымдары


Өзгергіштік деп ағзалардың жаңа белгілерді иемдену қабілетін айтамыз.

Тұқым қуалаушылық – ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін (құрылысы, даму, қызметінің ерекшеліктерін) беру қабілеті.

Генетика – ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштікті зеріттейтін ғылым.

Селекцияның негізгі әдістері


Сұрыптау

Гибридизация

Полиплоидия

Мутагенез

Клеткалық және ген инженериясы

Сұрыптау және гибридизация

  • Сұрыптау мен гибридизацияға материал ретінде жабайы және жасанды жолмен алынған сорттар мен қолтұқымдар алынады. Салыстырма үшін: барлық тіршілік етуші тірі организмдер қатарынан адам шамамен 200-ге жуық өсімдік түрлері мен 20 омыртқалы жануарлардың түрлерін мәдениеттендірді.

Селекция сұрыптаудың екі формасын қолданады:


Жаппай сұрыптау

Жеке сұрыптау



Жаппай сұрыптауда алынған популяция дараларынан, демек қолтұқым немесе сорт шығатын қаситтерге ие болатын ұрпақ алады. Сұрыптауды бірнеше ұрпақтар бойында қайталап жүргізеді,  мақсаты – қызықтырушы белгінің сортта немесе қолтұқымда өзіндік сипатқа ие болуы. Осындай жолмен алынған сорт генетикалық жағынан бірыңғай емес, сұрыптауды уақыт сала қайталайды.

Жаппай сұрыптау

Жеке сұрыптауда әр дарадан жеке ұрпақ алады және өсімдіктерде өзін-өзі ұрықтандыру және жануарларда жақын туыстық дараларды шағылыстыруда инбридинг, таза линиялар алынады, генетикалық біртұтас гомозиготалық даралар топтары. Бұның пайда болу себебі, әр жаңа ұрпақта шағылысатын гетерозиготалардың жартысынан астамы гомозиготалы, осылайша әр ұрпақ сайын гомозиготалар саны арта түседі. Мысалы, өсімдіктің өзін-өзі ұрықтандыруда гомозиготалықтың 100 % деңгейі ұрпақтың 7-8 ретінде тура келеді. Жеке сұрыптау өзін-өзі ұрықтандыратын өсімдіктерге тән болып келеді. Осылайша, енгізілген сорттар генотип тұрақтылығын сақтап қалады.

Жеке сұрыптау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет