Клеткалық селекция арқылы құрғақшылыққа төзімді өсімдікті алу.
Клеткалық селекция арқылы қүрғақшлыққа төзімді регенерант өсімдіктерді
сұрыптап алу. In vitro өсірілген клеткалардың арасынан нақтылы бір селективт
і жағдайдға сәйкес өзгеріске ұшырап, пайдалы қасиетке ие болған клеткаларды
көбейтіп сұрыптап алуды клеткалық селекция дейді. Әрбір клеткадан өсімдік
шыға алатын болғандықтан, клеткалық селекцияны қолданып өсімдікті жаңа
формаларын алуға болады. Оларға бастама болған клетка белгілі бір төтенше
факторларға төзімді келсе, одан шыққан өсімдікте көбінесе сол қасиетке ие
болады. Селекцияны қажетті бір бағытқа өткізу жеке клеткаларды сұрыптау
үшін оларды арнайы селективтік ортада өсіреді, сондай жағдайда тек
мутантклеткалар ғана өсе алады. In vitro жағдайында селекцияны тек
аминқышқылдар аналогтарға, нуклеотиттер, аналогтарына, патотоксиндерге,
антибиотиктерге, гербецидтерге, тұздар мен басқада түрлі факторларға төзімді
линияларды сұрыптап алу үшін жүргізеді. Сондай-ақ, гормондар, витаминдерге,
аминқышқылдарына протофтық немесе ауксотрофтық клеткаларды сұрыптайды, яғни сол заттар ортада болмағанда ғана өсе алатын клеткалар іріктеліп алынады. Егер де белгілі бір затқа төзімді клеткаларды
сұрыптап алу керек болса, оларды сол зат қосылған ортаға егіп өсіреді.
Ал енді нақтылы стресс факторларға төзімді клеткаларды сұрыптап алу мақсатында болсақ, онда ішінде өсіп жатқан ыдыстарды, дәл сондай жағдай әсер ететін жерге орналастырады. In vitro бірқалыпты бөлініп ретсіз
өсіп келе жатқан каллуста қайта дифференциясалану процесінің арқасында
ұлпалар, мүшелер ұрық тәрізді құрылымдар пайда болады.
Алдымен каллус өсіп бір деңгейге дейін өз массасын көбейтеді.
Осыдан кейін ол морфогенезге бағытталады.
Бірақ, каллустың тек қана бірлі-жарым клеткалары өзінің даму кезде
бағдарламасын өзгерте алады. Өйткені сол клеткалар детерминацияланады,
яғни өздерінің даму жолдарын өзгертуге дайын болады.
Дәл осы кезде сыртқы факторларының, әсіресе қоздырушы, онсыз морфогенез
процесі байқалмайды. Көбінесе индукторлық қызметі фитогормондар атқарады.
Сөйтіп, клетканың күйі мен индукторлық әсері дәлме-дәл сәйкес келген кезде
морфогенез процесі байқалады.
Ең бастысы клетканың морфогенезге қабілеттілігі өсімдіктің тенотипіне,
оның физиологиялы күйіне, эксплант алынған мүшесіне,
даму мерзіміне және басқа химия-физикалық факторларға байланысты.
Өсімдіктерге құрғақшылықтың әсері. Құрғақшылық өсімдікке әртүрлі
және күрделі әсер етеді. Қүрғақшылық әсерінен өсімдіктердін,
температурасы күрт көтеріліп, тканьдерінде су мөлшері азаяды.
Мұндай құбылысты Қазақстанның шөл далаларында өсетін өсімдіктерден
байқауға болады. Өсімдіктердің, құрғақшылықтан кенет апатқа
ұшырауын «ыстық ұру» деп атайды.
|