Өсімдік
селекциясы
Өсімдік селекциясы (
лат.
selectіo – таңдау, сұрыптау) — ауыл шаруашылықтың
өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибридтерін шығаратын және бұларды шығару
әдістерін зерттейтін ғылым,
өсімдік
сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы
ғылым. Өсімдік селекциясы ғылым ретінде агрономия
ғылымы саласына жатады,
бірақ егіншілікке, агрохимия, өсімдік өсіруге қарағанда селекция ғылымы өсімдіктің
өз табиғатына әсер ету жолдарын іздеп, тұқым қуу қасиетін қажет бағытқа өзгертуді
көздейді. Сондықтан өсімдік селекциясының
теориялық негізі -
генетика
. Өсімдік
селекциясы
ботаника
,
цитология
,
өсімдік физиологиясы
, өсімдік өсіру,
экология
т.б.
ғылымдар мен тығыз байланысты. Өсімдік селекциясы жұмыстары нәтижесінде
шығарылған жаңа сорттарды өндіріске енгізу - алғашқы шыққан өндірісі өнімін
арттырудың ең бір тиімді әдісі.
Өсімдік селекциясы тарихи адамның егіншілікпен айналасуынан басталады.
Селекцияның қарапайым түрі ерте заманда-ақ ірі дәнді
келесі жылы себуге қалдырып
отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттардың
маңызы әлі күнге дейін орасан зор. Өсімдік селекциясы дамуына Батыс Еуропа елдері
селекционер-практиктері 1774 жылы Париж маңында құралған Вильмонер селекция
фирмасы жұмыстарының қорытындысы,
Ч.Дарвинның
«Түрлердің пайда болуы»
деген еңбегі,
К.А.Тимирязевтің
тұқым қуу және өзгергіштік туралы ілімі,
И.В.Мичуриннің
сұрыптау нәтижесінде жемістердің
жаңа сорттарын шығару
жұмыстары үлкен әсер етті.
КСРО
-да өсімдік селекциясы алым ретінде 19 ғ. аяғы мен
20 ғ-дың басында қалыптаса бастады. Ең алғашқы ғылыми мекеме
1885 жылы
Полтавада құрылды.
1903 жылғы
Мәскеу құрамында селекциялық арнаулық
тәжірибе станциясы құрылып, дәнді дақылдар мен зығырдың алғашқы жаңа
сорттары шығарылған.1909жылы Харьковте т.б. қалаларда
тәжірибе станциялар
құрылды.
1921 жылы
В.И.Ленин қол қойған «Тұқым туралы» декрет шықты, бұл
селекция, тұқым мәселелерімен айналысатын мекемелер жұмысының негізіне
алынды.
1924 жылы
Бүкілодақтық ботаника және жаңа екпе дақылдар интернаты
құрылып, ол
1930 жылы
Бүкілодақтық өсімдік өсіру интернатына айналды. Бұл
интернатты ұзақ уақыт
Н.И.Вавилов
басқарып, өсімдік селекциясының теориялық
негізін құрды және елімізде тәжірибе-селекция жұмысын
ұйымдастыруға көп еңбек
сіңірді.
П.П.Лукьяненконың
басшылығымен Краснодар ауыл шаруашылық ғылыми-
зерттеу институтында күздік бидайдың жоғары өнімді «Безостая-1», «Аврора» және
«Кавказ» деген сорттары шығарылады. Бұлар бұрынғы аудандастырылған (12-18 ц
өнім беретін) сорттарға қарағанда гектарынан 60-70 ц өнім береді.
Қазақстанда өсімдіктер селекциясы' саласындағы жүйелі зерттеулер 20 ғ-дың 30-
жылдары басталды, қазіргі уақытта
Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты
,
Қазақ
жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
,
Қазақ
картоп және
көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
,
Қазақ мал азығын өндіру және
жайылым ғылыми-зерттеу институты
,
Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты
, т.б. бірқатар ауыл шаруашылығы институттары,
облыс ауыл
шаруашылығы және селекциялық тәжірибе станциялары шұғылданады. Өсімдік
сорттары мен гибридтерін шығарудағы негізгі мақсат – өсімдіктің өнімділігін, аязға,
қуаңшылыққа төзімділігін арттырып, аурулар мен зиянкестерге қарсы тұру қабілетін
күшейту, т.б. Қазіргі кезде жеміс-жидектің,
дәнді дақылдардың, картоптың, көкөніс-
бақша дақылдарының, т.б. бірнеше сорттары.
[1]
.
1.
"Қазақ Энциклопедиясы"
«
https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Өсімдік_селекциясы&oldid=2399495
»
бетінен алынған
Дереккөздер