ТҮСІНІК ХАТ
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Химия» оқу пәні «Жаратылыстану» білім саласына жатады. Химия пәнін негізгі орта білім деңгейінде оқыту негізгі орта білім оқу бағдарламасы түрінде жүзеге асады. Негізгі орта білім оқу бағдарламасы негізгі орта білім курсының базалық мазмұны мен оқушылардың химия пәні бойынша білім жетістіктерін көрсетеді.
«Химия» оқу пәнінің негізгі орта білім беру деңгейіндегі мақсаты оқушыларда қоршаған орта туралы, адам өмірі мен табиғаттағы химиялық процестер мен құбылыстар туралы химиялық білім жүйесін қалыптастырады; химиялық заттармен жұмыс істей білу, алған теориялық білімді практикада қолдана білу біліктілік дағдысын қалыптастырады; табиғатты адамның зиянды іс әрекетінен қорғау, қоршаған ортаны сақтау мәдениетін, экологиялық, гуманистік көзқарас қалыптастырады; Қазақстан Республикасының табиғи ресурсы туралы мәліметтер беріліп, табиғи байлықтарды орынды және тиімді игеруге тәрбиелейді. Ал әрбір сабақтан соң оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру- сол арқылы оқушылардың логикалық ойлау әркетін дамытумен тікелей байланысты. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезінде оларға есептерді көбірек беру өте маңызды. Өйткені белгілі бір «өзіндік құпиясы» бар, «қызық» есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыратын тамаша әдіс. Есептер шығару арқылы баланың ойлау, есте сақтау, ғылым тілінде сөйлей алу қабілеттері дамиды, химиялық заңдар мен құбылыстарды түсінуі қалыптасып, дүниетанымы артады. Химия сабақтарында өзіндік жұмыс кезінде есептер шығару
барысында оқушылар:
• есептің шартын сауатты құра білу;
•есепке талдау жасай білу, зерттеу жүргізе білу;
•есептің типін анықтау;
•есептің шығару тәсілін таңдай білу, шығару жолының жоспарын жасау;
• масса мен көлем брліктерін Халықаралық жүйеге (СИ)- халықаралық жүйесіне келтіре білу;
• алынған жауапқа талдау жасай білу;
• қосымша әдебиетпен жұмыс жүргізе білу сияқты нақты біліктілікке ие болады.
Әрбір өзіндік жұмыста шәкірттер бойында белгілі бір икемділік, іскерлік дағды қалыптастыру сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады. Оқушылардың білім мен білік, іс -әрекет дағдыларын тығыз қалыптастыра отырып, есте сақтау, тез ойлау, дұрыс жауап беру, өз пікірін айту, дәлелдей алу әрекеттері күшейіп, ой-өрісі шыңдала түседі.
Оқу пәнінің міндеттері:
оқушыларда күнделікті тұрмыста және табиғатта кездесетін құбылыстарды түсіндіруге химия ғылымының тәсілдерін, теория, заңдар мен түсініктері туралы білім негізін қалыптастыру;
зат қасиеттерінің, оның құрамы мен құрылысына тәуелділігі жөнінде оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
табиғат, зертхана, күнделікті тұрмыста кездесетін химиялық құбылыстарды бақылау, талдау дағдысын дамыту. Құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау;
оқушылардың химиялық құралдар мен реактивтерді пайдалану, күрделі емес зертханалық тәжірибелік есептерді шешу, химиялық білімді практикада қолдану дағдысын қалыптастыру;
әр оқушыға өз өлкесінің, сондай-ақ, Қазақстандағы химия өндірісінің экологияға тигізетін әсерін білу, қоршаған ортаны ластанудан қорғау жолдары туралы білім беру;
оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкоголь мен темекінің, есірткінің зияны туралы қажетті біліммен қамтамасыз ету;
оқушылардың өздігінен білім алу, болашақ мамандық таңдау біліктілігін қалыптастыру;
алған білімі мен біліктіліктерін күнделікті өмірде және болашақта пайдалана білуге дағдыландыру сияқты талап-тілектерін ескереді.
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейіндегі химия пәні бойынша тереңдетілген 8-сыныпта «Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:
8 сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
№
|
Сабақ тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
|
Бастапқы химиялық ұғымдар (29-сағат)
|
|
|
1
|
Химия пәнінің ашылу тарихы
|
1
|
|
2
|
Заттар және олардың қасиеттерін анықтау
|
1
|
|
3
|
Заттарды қоспадан бөлу әдістері
|
1
|
|
4
|
Химиялық реакциялардың белгілері. Физикалық, химиялық құбылыстар
|
1
|
|
5-6
|
Химиялық элементтер және олардың таңбалары
|
2
|
|
7
|
Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасын есептеу
|
1
|
|
8
|
Химиялық элементтердің таралуы және биологиялық ролі
|
1
|
|
9-10
|
Химиялық формула бойынша есептеулер
|
2
|
|
11-12
|
Элементтердің валенттілігі бойынша қосылыстардың формуласын құру
|
2
|
|
13
|
Сенің ағзаң неден құралған
|
1
|
|
14
|
Заттардың құрам тұрақтылық заңын есептеулерде қолдану
|
1
|
|
15
|
Зат массасының сақталу заңын есептеулерде қолдану
|
1
|
|
16-17
|
Химиялық реакция теңдеулерін жазуды үйрену
|
2
|
|
18
|
Химиялық реакция теңдеулеріне байланысты орындалатын өздік жұмыс
|
1
|
|
19
|
Зат мөлшері, моль, Авогадро санын, молярлық массаны пайдаланып есептер шығару
|
1
|
|
20
|
Зат мөлшері және Авогадро санына байланысты өздік жұмыс
|
1
|
|
21-22
|
Химиялық реакция типтерін ажырату
|
2
|
|
23
|
Химиялық реакция типтеріне байланысты өздік жұмыс
|
1
|
|
24-25
|
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
|
2
|
|
26
|
Химиялық реакция теңдеулері бойынша өздік жұмыс
|
1
|
|
27
|
«Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын қорытындылау
|
1
|
|
28
|
Тарау бойынша тест жұмысы
|
1
|
|
29
|
Бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Оттек. Оксидтер (14-сағат)
|
|
|
1
|
Оттектің сипаттамасы
|
1
|
|
2
|
Оттектің алу жолдары
|
1
|
|
3
|
Оттектің химиялық қасиеттері және жануға байланысты есептер шығару
|
1
|
|
4
|
Оксидтер. Олардың аталуы
|
1
|
|
5
|
Оттек және оксидтер тақырыптары бойынша өздік жұмыс
|
1
|
|
6
|
Оттек өмір сүруге қажетті макроэлемент
|
1
|
|
7
|
Ауа- газдар қоспасы
|
1
|
|
8-9
|
Химиялық реакцияның жылу эффектісіне байланысты есептеулер
|
2
|
|
10
|
Газдар жайлы түсінік. Авогадро заңы. Газдардың молярлық көлемін есептеулерде қолдану
|
1
|
|
11
|
Газдардың салыстырмалы тығыздығына байланысты есептер
|
1
|
|
12
|
Газдардың салыстырмалы тығыздығы және молярлы көлеміне байланысты өздік жұмыс
|
1
|
|
13
|
Тарау бойынша тест жұмысы
|
1
|
|
14
|
Тарау бойынша бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Сутек. Газдар жайлы түсінік. Қышқылдар. Тұздар (11-сағат)
|
|
|
1
|
Сутектің сипаттамасы
|
1
|
|
2
|
Сутектің алыну жолдары
|
1
|
|
3
|
Сутектің химиялық қасиеттеріне байланысты есептер шығару
|
1
|
|
4
|
Қышқылдар. Құрамы мен алынуы
|
1
|
|
5
|
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
|
1
|
|
6
|
Қышқылдарға байланысты есептер шығару
|
1
|
|
7
|
Тұздар. Құрамы, химиялық қасиеттері
|
2
|
|
8
|
Тұздарға байланысты есептер шығару
|
1
|
|
9
|
Тарау бойынша тест жұмысын орындау
|
1
|
|
10
|
Бақылау жұмысына дайындалу
|
1
|
|
11
|
Тарау бойынша бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Су. Ерітінділер. Негіздер (9-сағат)
|
|
|
1
|
Табиғаттағы су және оны тазарту әдістері
|
1
|
|
2-3
|
Массалық үлеске байланысты есептер шығару
|
2
|
|
4
|
Судың құрамы. Судың химиялық қасиеттерін пайдаланып есептер шығару
|
1
|
|
5
|
Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі
|
1
|
|
6
|
Негіздердің химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
|
1
|
|
7
|
Негіздерге байланысты есептер шығару
|
1
|
|
8
|
Тарау бойынша тест жұмысы
|
1
|
|
9
|
Тарау бойынша бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары (12-сағат)
|
|
|
1
|
Оксидтер. Жіктелуі. Алу жолдары, химиялық қасиеттеріне байланысты есептеулер
|
1
|
|
2
|
Оксидтер тақырыбына байланысты өздік жұмыс
|
1
|
|
3
|
Негіздер, атауы, алынуы және химиялық қасиеттері
|
1
|
|
4
|
Негіздер тақырыбына байланысты өздік жұмыс
|
1
|
|
5
|
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
|
1
|
|
6
|
Қышқылдар тақырыбына байланысты өздік жұмыс
|
1
|
|
7
|
Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
|
1
|
|
8
|
Тұздар тақырыбына байланысты өздік жұмыс
|
1
|
|
9
|
Класаралық генетикалық байланыстар
|
1
|
|
10
|
Тарауға байланысты есептер шығару
|
1
|
|
11
|
Тарау бойынша тест жұмысы
|
1
|
|
12
|
Тарау бойынша бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жұйесі. Атом құрылысы (9-сағат)
|
|
|
1
|
Д.И.Менделеевтің периодтық заңы
|
1
|
|
2
|
Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы, изотоптарға байланысты есептер шығару
|
1
|
|
3
|
Атомдарда электрондардың орналасуы. Энергетикалық деңгейлер.
|
1
|
|
4
|
Атомдарда электрондардың орналасуына байланысты есептер шығару
|
1
|
|
5
|
Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Периодтық жүйенің құрылымы
|
1
|
|
6
|
Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан элементтердің және оның қосылыстарының сипаттамасы
|
1
|
|
7
|
Д.И.Менделеевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы- реферат қорғау
|
1
|
|
8
|
Тарау бойынша тест жұмысы
|
1
|
|
9
|
Тарау бойынша бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Зат құрылысы және химиялық байланыс (8-сағат)
|
|
|
1
|
Химиялық элементтердің электртерістілігі
|
1
|
|
2
|
Химиялық байланыстардың негізгі түрлері
|
1
|
|
3
|
Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары
|
1
|
|
4-5
|
Тотығу-тотықсыздану реакцияларына есептер шығару
|
2
|
|
6
|
Тарау бойынша тест жұмысы
|
1
|
|
7
|
Бақылау жұмысына дайындық
|
1
|
|
8
|
Тарау бойынша бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Сілтілік металдар. Галогендер (10-сағат)
|
|
|
1
|
Натрий және оның қосылыстарының химиялық қасиеттеріне байланысты есептер шығару
|
1
|
|
2
|
Натрий тақырыбына байланысты өздік жұмыс
|
1
|
|
3
|
Хлор және оның қосылыстарының химиялық қасиеттеріне байланысты есептер шығару
|
1
|
|
4
|
Хлорсутек және оның тұздарына байланысты өздік жұмыс
|
1
|
|
5
|
Ағзада йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулар
|
1
|
|
6
|
Галогендерге байланысты есептер шығару
|
1
|
|
7
|
Тарауды қайталау, есептер шығару
|
1
|
|
8
|
Тарау бойынша тест жұмысы
|
1
|
|
9
|
Тарау бойынша бақылау жұмысы
|
1
|
|
10
|
Жылдық қорытынды
|
1
|
|
СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Пән бойынша оқушылардың білім, білік және дағдысына қойылатын талаптар сынып бойынша оқушылардың дайындық деңгейін анықтайды.
8- сынып оқушылары біледі:
Химияның негізгі түсініктері мен заңдарын, зат, қоспа, химиялық элемент, атом, молекула, салыстырмалы атомдық масса, валенттілік, тотығу дәрежесі, химиялық формула, химиялық теңдеулер, моль, мольдік масса ұғымдарын; Зат массасының сақталу заңын, Авагадро заңын.
Жай және күрделі заттардың құрамы мен қасиеттерін, сутектің, оттектің зертханада және өндірісте алыну тәсілдерін, қолдану аясын;
ауаның құрамын, ауаны ластанудан қорғаудың экологиялық проблемаларын,тотығу, тот басу, жану процестерінің мәнін, табиғаттағы және өндірістегі эндо-, экзотермиялық реакциялардың мәні мен маңызын;
судың физикалық және химиялық қасиеттерін, судың еріткіш ретіндегі ролін, Жер бетіндегі тіршілік үшін маңыздылығын;
Қазақстандағы ауыз суы проблемаларын, су қоймаларын ластанудан және құрғап кетуден сақтаудың экологиялық проблемалырын және оның алдын алу шараларын;
ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, ерітінділердің адам өміріндегі маңызын;
оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар; құрамы, алынуы, қасиеттері, қолданылуын; өзара генетикалық байланыстарын;
Атом құрылысын: атом ядросы (протондар мен нейтрондар) және электрондар, элементтің реттің нөмері, элемент атомы ядросының заряды. ұғымдарының мәнін;
Химиялық элемент қасиеттерінің атом ядросының зарядына периодты тәуелділігін. Изотоптар ұғымын;
Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйенің құрылымын, алғашқы үш периодтағы элементтер атомдарында электрондардың орналасу реттіліктерін, 1-20 химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы негізінде сипаттауды.
Жасай алады:
ертінділермен, газдармен және қатты химиялық заттармен және қондырғылармен, зертханалық ыдыстармен жұмыс істеуде және күнделікті өмірде, тұрмыста қолдануда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;
қарапайым зертханалық іс-әрекеттерді: өлшеу, сүзу, еріту, қыздыру, айдау, оттек алу, сутек алу, қышқылдар мен негіздерді индикаторлар арқылы айыру;
заттардың химиялық формулаларын құрастыру, оларды кластарға жіктеу, халықаралық номенклатура бойынша жіктеу, реакция теңдеулерін құру және оларды теңестіру;
химиялық элементтердің валенттілігі мен тотығу дәрежесі бойынша бейорганикалық заттардың формуласын құрастыру;
химиялық реакциялардың типтерін анықтау;
химиялық формулалар және реакциялардың теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу, химиялық реакциялардың жылу эффектісін анықтау, газдардың көлемін, тығыздығын есептеу;
еріген заттың массалық үлесін табу, белгілі концентрацияға сай ерітінді әзірлеу, заттарыың салыстырмалы молекулалық массасын, газдардың салыстырмалы тығыздығын табу.
«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры Аудандық білім беру бөлімінің
Е.Қ.Абсалямов бастығы С.Н.Дауытбаева
ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
8-сынып
Аптасына- 3 сағат
Оқу жылында- 102 сағат
Пән мұғалімі: Аубакирова Ардақ Машанқызы
2013-2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |