ӘОЖ 811. 512. 122
ӨНЕРДІҢ ӨЗІ ЕМДІК ҚАСИЕТКЕ ИЕ
А.М. Умбеталиева
ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан
Резюме
В данной статье рассмотриваются управление с талантом
Summary
The article management is with talent
«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» - деп Кеңес педагогы А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бір неше түрі емдік қасиетке ие.
Өнерге байланысты балалармен тәжірбиелік іс-әрекеттік қабілеттерін шыңдау арқылы, емдік қасиеттерінде қолдануға болады. Осы тақырыпқа орай дамуында ауытқуы бар балаларды инемен төсекке таңып емдеу, басқа да жолын қарастырмастан бұрын басқа да әдіс тәсілдерді қолдануға болатынын байқап көрейік. Әртүрлі әдіс тәсілдерге: қол еңбегіне сүйене отырып ұлдар үшін- ағаштардан түрлі бұйымдар жасау арқылы т.б, қыздар үшін- тоқыма тоқу, тігін тігу арқылы т.б., таза ауада серуендеу арқылы төбеде ұшқан құс, жан- жағындағы жануарларды да ақырын сөзбен түсіндіру арқылы үйрете білу, ойын өткізу арқылы да тәрбиешілер ойын мен өнерді ұштастыра отырып қолдана білуі, бейнелеу және сурет салу өнеріде жатады. Табиғатта таза ауада сурет салу арқылы бала өз ойын керемет бір, жоғары дәреже де болмаса стресс немесе бойындағы бір күйзелісті жеңе біледі. Сурет салу өнерінің бір адамға деген тигізер ролі үлкен. Ал дәстүрлі емес тәсілдерге арттерапия (өнер құралдарымен коррекциялық- педагогикалық көмек көрсету) мен иппотерапияны (ат үсті жүру әдістерімен коррекциялық- педагогикалық көмек көрсету), сондай-ақ гимнастикалық жаттығуларды жатқызуға болады.
Баланың жан - жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру. Оған сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу сабақтары арқылы бала өзін қоршаған туралы өз түсініктерін қалыптастырып, дамиды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді. Бейнелеу өнері сабақтары басқа сабақтармен тығыз қарым - қатынаста болуы керек. Мысалы сурет сабағында дөңгелекке ұқсас заттарды салған кезде математика сабақтарында шеңбермен таныстыру, тіл дамыту сабақтарында доп туралы тақпақ жаттатқызу, мүсіндеу сабақтарында доптарды мүсіндеу ұсынылса дөңгелек туралы түсініктері жақсы қалыптасады. Берілетін тақырыптар балаларды қызықтыратындай таныс болуы қажет.
Бейнелеу өнері сабақтарының негізгі мақсаты балалардың шығармашылығын арттыру болғандықтан сабақта баланың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалғаны дұрыс. Сабақтарда үлгіні көп жағдайда қолданбау керек. Тек балаларға таныс емес әдіс - тәсілдерді қолдану кезінде қолданған жөн. Сабақ соңында тәрбиеші балалардың жұмыстарын түгелдей тақтаға іліп, талқылайды. Талқылау міндетті түрде әр сабақ соңында жүргізіліп отыруы тиіс. Сонда бала өз ойын сурет арқылы бере білуге, әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана білу жолдарын игереді. Нәтиже тапсырмамен байланысты болуы қажет. Талқылау балалардың белсенді араласуымен өткені дұрыс. Талқылауға тәрбиеші бағыт беріп отырады. Кіші топтарда сәбилер суреттердің ашық түсті бояуларына қуанса, үлкен топтарда талап күшейе түседі. Олар гүлдің сабақтары мен жапырақтары салынды деп айтып қоймай, гүлдер алқызыл, жапырақтары ұзыншақ жасыл, сабақтары сәл иіліп тұрғандай деп сипаттама береді. Екінші кішкентайлар тобында саусақпен салу әдісін қолданбаған жөн. Өйткені балалар бояуға қызығып оны ауыздарына салуы мүмкін. Тәрбиешінің дауысы жайлы, құлаққа жағымды естілуі керек.
Сурет салу барысында әртүрлі саусақ жаттығуларын қолданып отырса, баланың ұсақ қол моторикасы дамып, есте сақтау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Баланы қазақ халқының керемет қол өнері туралы түсініктерін терең дамыту мақсатында екінші кішкентайлар тобынан бастап ұлттық ою - өрнектерді қолданып әртүрлі суреттерді салуды ұсыну. Келесі топтарда ою - өрнектермен таныстыру жалғаса береді.
Балалардың жұмыс нәтижелерін ата - аналармен бірге қарап, талқыласа, бала өзіне назар аударғанын сезіп, өз бетімен жұмыс істеуге деген талпынысы күшейе түседі. Балалардың сурет көрмесін балабақшада жиірек ұйымдастыру керек. Әр балаға жеке жұмыс папкасын ашып, баланың еңбектерін түгелдей жинақтап отыру қажет. Бұл баланың жұмысының нәтижесі мен жеткен жетістіктері, алда қандай бағытта жұмыс істеу керектігінің көрсеткіші болып табылады. Оны баланың ата - анасымен талқылаған жөн. Сабақ үлгілерін жазған кезде әртүрлі методикалық нұсқаулар мен балалар журналдарынан үзінділер қолдандым. Қазақ тілінде әдістемелік нұсқаулықтар өте аз. Сондықтан да тәрбиешілер орыс тілінен аударады немесе әртүрлі журналдардан жинақтайды.Бұл сабақтар сіздерге ұнаса ересектер тобына арналған сабақтарды да ұсына аламын. Тәрбиешілер сабақтарға әртүрлі жұмбақтар мен өлеңдерді, жаңылтпаштарды қосуларына болады.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері. Күлкі терапиясы сияқты тоқыма тоқудың да денсаулыққа берер мол пайдасын дәрігер-ғалымдар анықтап, дәлелдей білген. Күнделікті күйбең тірлік салдарынан адам бойын әлсіздік, көңілсіздік, күйзеліс билейді. Салдарынан түрлі жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары және гипетоникалық аурулар туындауы мүмкін. Бұл дерттердің алдын алу мақсатында дәрігерлер анда-санда тоқыма тоқуға кеңес береді. Тоқыма тоқу жүйке жүйесі мен ми жұмысын жақсартады. Артық ойлардан арылтып, көңіл көтереді. Тоқыма тоқу – шығармашылық жұмыс. Ал адам баласы шығармашылық жұмыспен айналысқан кезде, ол бар назарын ісіне аударып, көңілі жай тауып, жаны тынышталады.
Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс. Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы – адам. Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендету. Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту. Бүгініміз бен келешегімізді нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың борышымыз.
Аристотель биді «Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі деді, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді» деген екен.
Би өнерінің мәні. Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындылығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет. Латын тілінен аударғанда «Үлгілі» деген мағынаны білдіреді. Бидегі ырғақтықты сезіну қимылдың бір уақытта бірдей қайталануы, үзіліс пен екпін түсіруі әрі алмасуы нәтижесінде жетеді. Бидегі музыкалық, ырғақтық үзілістер би үзілістерінің эмоциялық-динамикалық қалпына сәйкес келеді. Би билеу орындаушыға мамыражай, жан жадыратар рахат бір күй әкеледі. Би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Би өнерінің сабақтары сапалы болуы үшін дидактиканың негізгі принциптеріне бағыну керек, бұлар саналы-эмоциялы тұжырымдамалық және сарамандық, бірізділік, көрнекілік, оқылатын материалдарға шығармашылық ықпал жасай білу.Эмоциялық және логикалық ықпал ету – сабақ жүргізудің дайындық қойылым жұмыстарының негізгі алғы шарттары болып табылады.
Би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыра білу. Көп білетін және алған білімдерін жұмыста, үйде, демалыс кезінде қолдана алатын адам-рухани бай, мәдениеті жоғары адам. Адам өз халқына, еліне мүмкіндігінше пайдасын тигізу үшін – дені сау, күшті, епті, төзімді болуы тиіс. Ондай адам қандай жұмыстыда шаршамай шалдықпай істей алады. шаршасада оңай әл жинап, тез тыныға біледі. Ондай адамды өз денесін тәрбиелеген, шыныққан төзімді, қайратты адам дейміз. Бұған би пәні де негіз бола алады. Бұл пән оқушының салауатты өмір салтын қалыптастыруға бастар бірден-бір жол. Биде тәрбиеленген балалардың жүріс-тұрысы, дауыс ырғағына дейін, ішкі-сезімінің дамуы ерекше келеді. Би – бұл өнер, әрі спорт, ал бимен әрдайым шұғылданатын болса, ол денсаулыққа, әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы.
Бидің денсаулыққа пайдасы:
1. Түрлі жаттығулар жасаған кезде денеден көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді, бұл жүректегі қан айналымын жақсартады.
2. Қан айналымын қалыпты ұстауға әсер етеді.
3. Қан қысымының көтерілуін тежейді.
Би тек қана сырт келбетті емес, соныменқатар ішкі дүниенің, сана сезімін артады және түрлі зиянды заттардан аулақ болуға баулиды. Би өнері ішкі рухани әлемді ашады, адамды сұлулыққа тәрбиелейді, игі қасиеттерді оятады, адамгершілік идеяларды насихаттайды.«Тынымсыз – ізденіс, түбегейлі – нәтиже», би адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Оқушлардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше.
Әдебиеттер
1 “Пайдалы кеңестер” журналы
2 “Мектептегі технология” журналы.
Достарыңызбен бөлісу: |