Ағылшын тілі сабағында ойналатын қызықты ойындар «Алфавит» (“Alphabet”) ойыны



Дата04.04.2022
өлшемі19,78 Kb.
#137828
Байланысты:
ойын адиси
тема 5 кайраткызы аружан, казахстанкий педагог, №4 история моей специальности, алима құзыреттілік, дүниетану 11 лекция, 1 аралық бақылау., әдебиеттік оқу 5 лекция, Sau Module 8, 8th form, БиологияSliv 2021, Fizika-II-n s a

Ағылшын тілі сабағында ойналатын қызықты ойындар

1. «Алфавит» (“Alphabet”) ойыны
Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.

2. «Ойлан, тап» (“Think and find”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.

3. «30 секунд» (“30 second”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту
Шарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.

4. «Дұрыс жаз» (“Write right”) ойыны
Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.
Мысалы: Swim – son, well, ill, mother

5. «Ширату» (“Brainstorm”) ойыны
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.

6. «Шашу»(“Strew”) ойыны
Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек.

7. «Менің заттарым» (“My things”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңарту
Шарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: мен кеше бір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті су сабыным «Көгершінді» сыйлады.

8. «Смайликтер»(“Smiles”) ойыны
Мақсаты:  тақтаға шығарып, оған бір сөйлем беріледі. Мысалы: “I loveswimming”. Оқушы берілген сөйлемді бес түрлі смайликтердің суретін көрсетілген кейіпте айтуы тиіс.

9. «Сен болжай аласың ба?» (“Can you guess?”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың таным үрдісін тексеру және дамыту
Шарты: оқушыларды топқа бөліп, топ басшысын ортаға шығарамыз. Топ басшыларына атақты адамдардың портретін береміз. Әр топ осы тұлға жайлы ағылшын тілінде сұрақ қою арқылы кім екендігін табуы тиіс. Ескерту: 10 сұрақ қоюға болады.
Мысалы:
- Is it a man (a women)?
- Does he/she live in…?
- Does he/she singer (actor, writer)?
- Is he/she American, (English, Russian and Kazakh)?
- Does he/she wear glasses?
- When they think they know the person name, they say:
- Is he …(name)? Or is she …(name)?
10. «Жалғастыр» (“Continue”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын қаншалықты екендігін тексеру
Шарты: оқушылрға екі бағанда бөлінген бір сөз берілген, оқушылар соны табу керек. Мысалы:
Arm washer Tele chair Win pet Dish phone Car ture Pic dow

11. «Мәтінді жалғастыр» (“Continue the topic”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға 3 – 4 оқушыны шақырып аламыз. Бір оқушыны ғана қалдырып, ал қалған оқушылар сыныптан шығара тұрады. Сыныптағы оқушы мәтін жазылған парақты оқуы тиіс. Оқып болған соң келесі оқушыны шақырып алып, әңгімесін ауызша келесі оқушыға айттырамыз. Солай жалғасады, соңында тыңдаған оқушы мен басында әңгімелеген оқушыны тыңдаймыз.
12. «Қызықты алаң» (“Cheerful place”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды өзін – өзі еркін ұстауға, батылдыққа және көшбасшылыққа жетелеу
Шарты: Тақтаға бір оқушыны шығарамыз. Оған үш түрлі суреттер беріледі. Оқушы сол суретті ым – ишарамен, іс – қимылмен жасырады. Сыныптағы оқушылар сол заттың (жануар, мамандық иесі, жеміс, т. Б) атын ағылшын тілінде табуы тиіс. Ескерту: дыбысын шығармайды.
Сыныптағы оқушылардың ішіндегі кім көп табады, сол тақтаға шығып көрсетуі тиіс. Солай ойын жалғасын табады.

13. «Сүйкімді шар» (“Better balloon”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға, ептілікке дағдылау
Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін шар қажет. Тақтаға 2 – 3 не оданда көп шығаруға болады. Әрқайсысына бір шардан беріледі. Мұғалім тақырыпқа сай ортақ сөз айтады, ал ойынға қатысушылар сол тақырыпқа сай бір сөз айтады. Әр соз айтқан сайын шарды үрлеуі тиіс. Егер кімде кім сөз айта алмаса, шарды үрлемейді. Сөйтіп, кім бірінші өз шарын үрлеп болса, сол жеңіске жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет