1 – д ә р І с дәрістің мақсаты


Зат құрамының массалық үлесін есептеу



бет17/21
Дата03.01.2022
өлшемі197,5 Kb.
#108820
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
1-дәріс

1.3.6. Зат құрамының массалық үлесін есептеу

Қосылыстың формуласы және оның құрамындағы элементтердің салыстырмалы атомдық массалары белгілі болса, онда ол элементтердің осы қосылыстағы массалық үлестерін есептеп табуға болады.



Мысалы. Құрамында бес моль суы бар мыс (II) сульфаты қосылысындағы кристаллизациялық судың массалық үлесі қандай?

Шешуі. Формула CuSO4 ∙5H2O

Салыстырмалы атомдық массалар: Cu 63; S 32; O 16 және H 1.

Молярлық масса = 63,5+32+(4∙16)+(5∙18) = 249,5 г∙моль-1.

Судың массалық үлесі = (90/249,5) ∙100 = 36,1%.



1.3.7. Қатты фазадағы химиялық реакция теңдеулері

Химиялық реакция теңдеулерінен қандай заттар және олар қандай зат мөлшерлік қатынаста әрекеттесетінін анықтауға болады. Натрий гидрокарбонатын қыздырғанда жүретін химиялық реакцияның теңдеуі:


2NaHCO3 (қатты) → Na2CO3 (қатты) + CO2 (г) + H2O (г)

Бұл теңдеуден зат мөлшері 2,0 моль натрий гидрокарбонаты ыдырағанда зат мөлшері 1,0 моль натрий карбонаты түзілетіні анықталады.

Егер әрекеттесуші заттар реакция теңдеуінде көрсетілгендей мөлшерде алынып әрекеттестірілсе, онда бұл мөлшер стехиометриялы деп аталады. Химиялық реакция теңдеуіндегі өнім мен реагенттердің зат мөлшерлерінің қатынасы – стехиометрия деп аталады. Егер реакция барысында реагенттің біреуі стехиометриялық мөлшерден артық алынған болса, онда осы артық мөлшер реакцияның соңында әрекеттеспеген күйінде қалады.

Мысалы. Массасы 10,00 т мырыш оксидін 10,00 т көмірмен өңдегенде мырыштың қандай мөлшері түзіледі?

Шешуі. Реакция теңдеуі:
ZnO (қатты) + C (қатты) → Zn (қатты) + CO (газ)
ZnO зат мөлшері = 10,00∙106/(65,4+16,00) = 1,23∙105 моль

С зат мөлшері = 10,00∙106/12,00 = 8,33∙105 моль


Мұндағы мырыш оксиді аз мөлшермен алынғандықтан, түзілген мырыштың массасы да осы оксидтің мөлшері арқылы анықталады. Реакция теңдеуі бойынша 1,0 моль ZnO қосылысынан 1,0 моль Zn түзілетіні көрініп тұр.

Zn зат мөлшері = 1,23∙105 моль

Zn массасы = 1,23∙105 ∙65,4∙10-6 т

Zn массасы = 8,04 т




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет