1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»


Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстурлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы



бет36/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)

16Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстурлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзі елдерінің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды. Американ ғалымы Сакстың пікірінше “қандай да бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алмайды”.

Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардын нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым- қатынасын күшейтеді. ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен дамып келеді.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:

халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдандырудын дамуы;

экономикада жана салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жанартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

тарифтер сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

Көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып кеден бажының төмендеп еркін экономикалық аймақтардын құрылуы;

Сауда экономикалық интеграция процестері дамып жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

Сыртқы рынокка бейімделген экономикасы бар жаңа индустриялды елдердің пайда болуы;

Халықаралық сауда- дүние жузі елдері арасындағы төлемді жиынтық тауар айналымы.

Халықаралық сауда – халықаралық тауар ақша қатынастарының сферасы, ол әр түрлі елдердің сатушылары мен матып алушылары арасында жүреді. Халықаралық сауда әлемнің барлық елдерінің сыртқы саудасының жиынтығы болып табылады.

Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын қарастыру қажет. Халықаралық сауданың формалары:

1 Аукциондар және аукциондық сауда;

2 Биржалық сауда;

3 Халықаралық көрмелер мен жәрменкелер;

4 Машиналар мен құрал- жабдықтар арендасы;

5 Қарама- қарсы сауда;

6 Шекаралық сауда;

Аукциондық сауда – нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғарғы денгейіне дейін көтеріледі.

Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға қолайлы жағдай жасайды.

Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырады, осының нәтижесінде шикізаттын жекелеген түрлері бойынша турақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.

Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға айналдырды, ең алғашқылары ХVІІ ғасырда Еуропада пайда болды.

Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі кезде 60 турі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауылшаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге оларда шикізат саудасының 20%- ке жуығы іске асырылады. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленеді.

Сонымен, биржалық сауда – биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы.

Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет