Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
«Жаратылыстаны Ғылыми Педагогикалық» Жоғары мектебі
«Химия» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Құқық және мемлекеттің пайда болуы»
Дайындаған: Амангелді А
Тобы:ЕП-19-16к2
Қабылдаған: Жаманқараева Ғ
Шымкент 2020
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
Дала заңдары
Құқық туралы
Қорытынды
Мемлекеттің пайда болуы— мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш- қуатына ұйренетін басқару жүйесі.Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше турлері бар:
1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі қүрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты, Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалып тасу себептеріне:
– ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
– оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі тұрде топтастыру, біріктіру;
– барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді (Қытай, Иран т. б.).
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық кұшті топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бір- лестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.
Құқықтың дамуы — адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол — әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңга тәуелді кесімдер, шарттың пормалар, заң куші бар соттың шешімдериҚұқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сұйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сұйенді, ал мұсылман елдерінде — Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сұріп келеді. Жеке адамдар тйісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория — мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп тұсіндіреді.
Табиғи теория — бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.
Тарихи теория — осытеорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриархалдық теория — мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы тұрде өздерінің мұдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы — әке, мемлекеттің басшысы — монарх.
Психологиялық теория — адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «әдет» заңына бағынып келген.1465 жылы тарихта тұңғыш дербес қазақ хандығының негізі қаланып, Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке айналды. Қасым хан қазақтың құқықтық әдеттерін жүйелеп «Қасым салған қасқа жолды» тұжырымдап берді. Ол бес тараудан тұратын:
Мүлік заңдары (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).
Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, урльщ мәселелері).
Әскери заңдар (цосын, аламан, әскеры міндет, тулпар ат, цара қазан мәселелері).
Елшілік жоралары (майталмандъщ, шегаендік, сыпайыльщ, әдептілік).
Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т. 6,)Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 лок.) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж.) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді.Бұл тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс, шаруашылық, қылмыс, діни, жұртшылық, отбасы және неке мәселелері қамтылды
Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік – құқықтық процестердің ұзақ эволюциясының заңды салдары, реакциялық институттардың орнына озат, прогрессивті және тйімді институттардың өзіндік ерекше «селекциясы» мен мұқият іріктелгендігінің нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтық нысанының әміршілдігі -әкімшілік және полецейлік-бұйрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалығын теориялық ұғыну негізі болады . Құқықтық мемлекеттің теориялық бастаулары түбірімен өткен шаққа айналады деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалар) 090ы0ты4 позитивті ролін ескермейінше, мемлекеттің құрылымы мықты, тұрақты және сенімді болуы мүмкін емес деген пілірлер айтып кеткен. Құқықтың ролі мемлекеттің басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдік ретінде қаралады: заң әлдекімнің билігінде болмауы керек өйткені барлық оргындардың, лауазымды тұлғалардың жіне азаматтардың әректерін бағыттап отыруға арналғанАлғашқыларда бытыранқы және кедей жекеленген болжамдар түрінде пайда болған, кейіннен осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның негізін салушылар ретінде Дж. Локкты, И. Кантты, В. Гумбольдты, Г. Еллинекті, К. Шмитті және басқаларды атауға болады. Жекеленген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір біріне ерекшелігі болғанымен , басты мәселеде – құқықтық нұсқаулардың мемлекет өзі сөзсіз орындап отыруы қажет екендігінде жіне қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығынан осыны талап етуінде – олардың ойы бір жерден щығып отырды.Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының ережелерін бір қаттар елдердің өмір тіршілігінде практикадан өткізу консервативтік күштердің қарсылығына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттік жіне қоғамдық қызыметтің барлық жағының терең жаңғыруымен бірге жүрді – мемлекетік жүйенің принциптері жетілдірілді , жеке адамның міртебесі айқын мазмұнмен толықты , құқықтық құндылықтар бірінші дірежелі маңызға ие болады, шенеуліктердің бассыздығы азайып , олардың қызыметі біртіндеп реттелген жіне тіртіптелген арнаға түсе бастады.Адамзат қоғамындағы саяси дамудың жаңа кезеңінің белгісі құқықтық мемлекеттер « отбасының » пайда болып , көбеюі. Бұл – мемлекеттік –құқықтық теория мен практиканың ғажап жетістігі, бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы. Құқықтық мемлекеттер өзінің өмір сүру фактісімен , өмірдің барлық саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдар болуда , оларға әділетті адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсетуде. Ең дұрысы бұдан былай құқықтық мемлекеттердің саны әлемде этатистік мемлекеттердің санының азаюы есебінен өсетін болады. Бірақ бұл – қарапайым түрде түсіндіруге болмайтын дамудың жалпы тенденциясы. Әр түрлі елдерде әлеуметтік – саяси күштердің айқын ара қатнасына байланысты болжауға қиын өзгерістер болуы мүмкін, бұл өзгерістер, мысалы құқықтық мемлекеттің деңгейіне жетіп, сосын кенеттен олардан кейінгі орнаған тоталитарлық немесе авторитарлық режимдер жағынан қарай бұрылып кететін жекелеген елдер жоғарыда көрсетілген дамудың жалпы тенденсиясына жатпайды. Тұтас алғанда прогресс заңды және оның бейнесінің бірі құқықтық мемлекет принциптерін нығаюы болып табылады.Адамзат тарихында мемлекет және құқық пайда болғаннан кейін ұлы ойшылдар мен ғұлама тарихи тұлғалар билік жүргізуші топтардың басқаруды іс жүзіне асруда заңсыздық пен бассыздық, шексіз билікпен тиранияға кеңінен жол ашып, адам құқықтарын басып-жаншыған, қырғынға ұшыратқан жантүршігерлік әрекеттерін қатаң сынға алды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеудің тетіктерін қарастырды. Атап айтқанда ұлы Сократ,Платон, Аристотель, Хан Фей, Хамурапи, жаңа заманда Н.Макиавелли, Б.Б.Спиноза, И.Кант, Т.Гобсс, Д.Локк, Г.В.Гегель, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, Б.Сыртанов сияқты ойшылдар адам құқықтарының тиімді қорғалып, қоғамда әділеттіліктің орнауын ұсынған идеяларында басты мақсат етті.
Сонымен қатар мемлекет заңдарына сәйкес демократиялық мемлекет – Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүдесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді.
Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қвтысты. Мемлекет оргындары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмы істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы тиіс.
Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүдесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем денгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы, т.б.
Әлеуметтік мемлекет – жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызымет ететін мемлекет. Ол мемлекеттің қаржы көздері есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдық ауыртпалықтардың да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |