Адам болуды үйрену Біз өз іс-әрекетіміз бен сенімдеріңіздің қаншасын үйрендік қаншасы тегіміз арқылы берілгенін білесіз бе? Бұл сұраққа толық жауап бере алмаймыз, себебі біз балаларды оқыту мен олардың генін өзгерту әсерлерін салыстыратын тәжірибе жүргізген емеспіз. Дегенмен, әлеуметтанушылар ғасырлар бойы адамдар мен маймылдарды қалыпты әлеуметенуден немесе тіпті негізгі тәрбиеден айырған кездегі жағдайлар туралы деректер жинады.
Маймылды енесінен айырып, оқшау өсіру Классикалық тәжірибелер сериясы бойынша психолог Гарри Харлоу мен оның серктестері маймылдарды толық оқшаулап өсіргенде не болатынын зерттеген. Маймылдың балалары сүт беретін механикалық аналық мүсінмен бірге бөлек торларда тіршілік еткен. Бала маймылдардың қоректері жеткілікті болғанымен әлеуметік қажеттіліктері қанағаттандырылмаған нәтижесінде, олардың физикалық және әлеуметтік дамуы тежелген. Кейбірі аутизммен ауыратына балалар сияқты, мысалы, ойсыз көзқараспен қарау, өздерін тістеу, бұрыштарда жасырынып тұру сияқты оғаш мінез-құлық танытқан. Өсе келе бұл маймылдар жұптасудан бас тартқан; қолдан ұрықтандырылған кезде де ұрғашы маймыл баласын емізіп, қамқорлық жасамаған. Бұл тәжірибелер әлеуметтік байланыстың маңыздылығын айғақтайды; яғни жыныстық және аналық сезімдер сияқты туа біткен мінез-құлықты да әлеуметтік өзара әрекетке түсу арқылы дамытпаса болмайды.
Харлоудың 6 ай бойға оқшауланған маймылдарды басқалармен араластырмақ болған әрекеттері нәтиже беріпті. Соңында 6 айлық маймылдарды 3 айлық балалары бар ұрғашы маймылмен бірге орналастырған, сөйтіп, басқа маймылдармен берге әлеуметтенуге мүмкіндік берген соң ғана тәжірибе жақсы нәтиже берген.