Толқындық шепті бөлу арқылы когерентті шоқтарды алу. Амплитуданы бөлу әдісімен когерентті шоқтарды алу.Тең көлбеулі және тең қалыңдықты жолақтар. 6-тақырып
Толқындық шепті бөлу арқылы когерентті шоқтарды алу
Интерференциялық бейнені бақылауға болатын шарттарды қарастырайық. Когерентті шоқтарды алу үшін бір жарық кӛзінен шығып жатқан жарықты екі бӛлікке бӛлу керек (немесе бірнеше), сосын интерференцияланатын сәулелердің арасындағы жол айырымы когеренттіліктің ұзындығынан аз болатындай етіп, оларды бірінің үстіне бірін қабаттастыру керек. Толқындық шепті бӛлу арқылы когеренттік шоқтарды алу әдісінің мәні мынада: негізгі жарық кӛзінен шығып жатқан шоқ екіге бӛлінеді, мысалы бір-біріне жақын орналасқан саңылау немесе айнаның беті арқылы шағылу т.с.с.
1-сурет 2-сурет
Юнг әдісі (1 сурет ). Екінші ретті S1 және S2 когерентті кӛздері ретінде екі кішкене
саңылау алынады, оларға жарық S1 , және S2 –ден бірдей қашықтықта орналасқан бір S
саңылауынан түседі. S1 мен S2-ден ӛтетін толқындар S-тен шығатын толқынды екіге бӛлу
арқылы алынғандықтан, олар когерентті болады және осы жарық шоқтарының қосылған жерінде интерференциялық кӛріністі байқауға болады (1 сурет боялған облыс ). Интерференциялық құбылысты бірінші бақыланған Юнг (1801) болған.
Френель айнасы (2 сурет ). S жарық кӛзінен шыққан жарық екі жазық А1О және А2О айналарына түседі. Ол айналар бір-бірінен тек 1800-тан сәл кіші ғана айырмашылығы бар бұрышта орналасқан. Жазық айналарда бейнелердің салу ережелерін ескере отырып, центрі О, ал радиусы r болатын шеңбердің ішінде S негізгі жарық кӛзімен S1, S2 кескіндердің болатынын кӛрсете аламыз.
Айна арқылы шағылған S1, S2 жарық шоқтары екі жалған бейне құрайды, сондықтан оларды когерентті толқын реттінде қарастыруға болады.
Интерференциялық бейне шағылушы шоқтардың ӛзара жабылу обылысында байқалады. Френельдің бипризмасы (3 сурет) сыну бұрыштары аз, табандары бірдей қосылған призмадан құрылады. Нүктелік S жарық кӛзінен шыққан жарық екі призмада да сынады, соның нәтижесінде бипризмадан таралған сәулелер жорамал S1, S2 жарық кӛздерінен таралған секілді болады. Ал олар когерентті болып табылады. Суретте сынған шептердің қиылысу облысында интерференция байқалады.
3-сурет 4-сурет
Ллойд айнасы (4 сурет). М жазық айнаның бетіне S нүктелік жарық кӛзі ӛте жақын орналасады, сондықтан да жарық айнадан жанамаға жақын бұрышпен шағылысады. Когерентті кӛз ретінде алғашқы S жарық кӛзі мен айнадағы жорамал бейне S1 алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |