1- дәріс. Кіріспе жарықтың табиғаты жайындағы ілімнің дамуы. ХVІІ ғасырдың аяқ кезінде жарықтың табиғаты жайында екі түрлі ғылыми түсінік болды: жарықтың корпускулалық теориясы мен-жарықтың толқындық теориясы


Қара емес денелердің сәуле шығаруы



бет37/39
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#83727
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
лекция оптика

Қара емес денелердің сәуле шығаруы

Табиғатта кездесетін барлық нақты денелердің сәуле жұтқыштық қабілеттері бірден кем (а<1) болады. Жер бетінде кездесетін денелердің ішінде ең қара дене деп саналатын жарық жұтқыштық қабілеттері а = 0,99; қара қағаздың а = 0,95. Сол себептен белгілі температурада нақты денелердің сәуле шығарғыштық дене қабілеті сол температурадағы абсолют қара дене сәуле шығарғыштық қабілетінен кем болады. Сонымен қабат нақты денелердің толық жарқырауы абсолют қара денелердің толық жарқырауынан аз болады. Нақты денелердің сәуле шығарғыштық қабілетінің толқын ұзындығына байланысты ӛзгеруі абсолют кара дененің сәуле шығарғыштық қабілетінің ӛзгеруіне ұқсас бола бермейді. Егер дененің а< 1 және барлық сәулелер үшін бірдей болса, ондай денелердің толық жарқырауының, (R’) температураға тәуелділік заңы Стефан-Больцман заңына ұқсас, яғни




R' kT 4

мұндағы k -— «қаралық» коэффициент делінеді, оның сан мәніне дененің табиғатына, оның бетінің күйіне, температурасына т.т. байланысты болады. Мысалы, температурасы Т=1500°К вольфрамның k = 0,15; егер оның температурасы T=3500°K болса, онда k =0,35 болады.


Қӛптеген денелердің қаралық коэффициенті бірден кем болады, мысалы температурасы


1500°К күмістің k = 0,04. Бұл күмі бетіне түскен жарық аз жұтылып, кӛп шағылатындығына келеді.


Жарық көздері

Қыздырылған денелердін, сәуле шығаруы техникада жарық кӛздерін жасау үшін пайдаланылады. Осы кездегі кӛп таралған жарық кӛзі — қыздыру электр лампасы. Бүл лампа ішінен ауасы шығарылған шыны баллон ішіне жіңішке металл сым немесе кӛмір қыл орнатылып жасалады. Лампа сымынан ток ӛткенде ол қатты қызып кӛрінетін жарық


сәулелерін шығарады. Осындай қыздыру электр лампасын алғаш (1870ж.) орыс инженері А. Н. Лодыгин жасады. Электр лампаларының қылы, кӛбінесе спираль пішінді етіліп вольфрамнан жасалады, лампа қылы тез күймей, кӛпке шыдау үшін лампа ішіне инертті газ (аргон, криптон) толтырылады. Осы күнгі газ толтырылған электр лампаларының температурасы шамада 3000°К-ке, жарық беруі 20 лм/Вт-қа дейін болады; пайдалы әсер коэффициенті 3%тен аспайды.


Жарық кӛзі ретінде кӛмір электродтары аралығындағы электр доғасы да пайдаланылады. Электр доғасын бірінші рет орыс ғалымы В.В. Петров ойлап шығарған, оны орыс инженері П. Н. Яблочков кӛшеге жарық беру үшін пайдаланды. Электр доғасы жарығының кӛбі оның оң электродында пайда болатын кратерінен шығады, ол кратер температурасы 4000° К-ға дейін жетеді. Оң электрод кратерімен қабат оның теріс электроды, электродтар аралығындағы қызған газ бен бу да жарық шығарады. Электр доғасы жарық беруін күшейту үшін кейде кӛмір электродтар құрамына әр түрлі металл тұздары да қосылады, сонда қызған бу жарықтылығы едәуір күшейеді. Электр доғасы жарық беруі 25лм/Вт, пайдалы әсер коэффициенті 4%-ке дейін болады.


Электр доғасы, қазіргі кезде, күшті жарық кӛздері ретінде проекциялық құралдарда, прожекторларда пайдаланылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет