Кәсіпкерліктің түрлері
Біз мұндай кәсіпкерлердің кім екенін анықтадық.Бірақ кәсіпкерлік дегеніміз не?
Кәсіпкерлік – адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, оларға табыс әкелетін және рақат сезіміне бөлейтін игіліктерді өндіру.
Кәсіпкерлік әр түрлі болады. Кәсіпкерлікті түріне қарай бөлудің ең қолайлы тәсілі келесілер болып табылады: B2C, B2B және B2G.
«Тұтынушыға арналған кәсіпкерлік» B2C («Вusiness to Consumer») – бұл өндіруші немесе сатушының өз өнімін сату үшін тікелей тұтынушымен өзара іс-әрекет ететін кәсіпкерліктің түрі.
«Кәсіпкерлікке арналған кәсіпкерлік»B2B («Business to Business») – бұл, өндіруші мен сатушының өнімдерді немесе қызметтерді түпкі тұтынушыға емес, басқа кәсіпкерлікке өткізетін кәсіпкерліктің түрі.
«Мемлекетке арналған кәсіпкерлік» B2G («Business to Government») – бұл қызметті өндіруші немесе сатушы оларды түпкі тұтынушыға емес, басқа кәсіпкерлікке емес, мемлекеттік құрылымдарға сататын кәсіпкерліктің түрі.
Егер сіз кез келген дүкенге кірсеңіз, сөрелерде көптеген азық-түліктерді, мысалы, сүтті көресіз. Ол сүт фермасында өндірілген. Фермада сиырлар бар, оларды ең соңында соңғы тұтынушы – біздер сатып алатын негізгі өнім – сүттіалу үшінбағып-қағады.Бұл B2C кәсіпкерліктің үлгісі.Бірақ ол сүтті сату үшін оны Tetra Pak қаптамасына, пластик немесе шыны бөтелкеге құю қажет. Барлық осы қаптамаларда қақпақтар мен заттаңбалар болуы тиіс. Қаптаманы, қақпақтарды сататын және сүт фермасына арналған заттаңбалар шығаратын компаниялар – бұл B2B-кәсіпкерліктің мысалдары.Бизнес жасай алатындардың барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады, бұл – тауарлар мен қызметтер.
Тауарлар – ұстауға, өлшеуге, сақтауға, буып-түйуге болатын материалдық заттар немесе бұйымдар.Тауарды кімнің өндіргені, станокта кімнің тұрғаны, оны кімнің қаптағаны тауарға маңызды емес.Тауарларды сатып алуға, үйге әкеліп, пайдалануға болады.
Қызметтердің заттай нысаны жоқ, олар қажет еткен адамдар үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттер болып табылады. Қызметтер деп шаштараз, оқытушы, пәтер сатушыға сатып алушыны, кеңесшіні және т.б. табуға көмектесетін риелтордың жұмысын атауға болады. Қызмет үшін оны кім өндіретіні өте маңызды, қызметтің нарықта танымал болуы қызмет өндірушісінің шеберлігі мен кәсібилігіне байланысты. Нашар шаштаразға ешкім бармайды, сондай-ақ клиенттің қиындықтарына көмектесе алмайтын кеңесшіге де ешкім бармайды.
Осы екі жіктеменің тоғысында («B2C, B2B, B2G» және «тауар немесе қызмет») кәсіпкерліктің көптеген түрлері туады.Олардың әрқайсысынан бірнеше мысал келтірейік.
Достарыңызбен бөлісу: |