1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде «Саясаттану»


Қоғамның саяси жүйесінің нормативтік жүйешесі –



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата24.10.2023
өлшемі374,55 Kb.
#187856
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
Саясаттану дәріс тезистері 2

Қоғамның саяси жүйесінің нормативтік жүйешесі – 
бұл қоғамның саяси ӛмірін 
анықтайтын және реттейтін саяси нормалар, адамгершілік принциптер және дәстүрлер. 
Бұған жататындар: 

заңдылық нормалар (конституция, заңдар, нормативтік актілер)
 

қоғамдық ұйымдар қызметінің нормалары
 



жазылмаған салт және дәстүрлер
 

этикалық - моральдық принциптер және нормалар
 
Қоғамның саяси жүйесінің функционалдық жүйешесі – 
билікті (саяси режим) 
жүргізудегі әдістерімен түрлері, әртүрлі саяси процесстерде, саяси қызметтерінің 
бағыттары және формаларының кӛрінісі. 
Қоғамның саяси жүйесінің коммуникативтік жүйешесі – 
саяси жүйенің ішкі ӛзара 
қызметінің жан-жақты формаларын қамтиды, мысалы, партиялар мен мемлекет арасы, 
сонымен қатар саяси және экономикалық жүйешіктер арасын, және басқа бір елдердің 
саяси жүйесінің арасын қамтиды. 
Қоғамның саяси жүйесінің мәдени жүйешесі – 
бұл саяси жүйенің сол қоғамға 
үйлесімді қалыптасқан образдарының (стереотиптерінің) саяси ағымдарының тұтастай 
типі, интеграциялық факторы, құндылық бағыттары және саяси тәртібі. 
Қоғамның саяси жүйесінің идеологиялық жүйешесі – 
бұл қоғамның саяси ӛміріне 
қатысқан мазмұны жағынан әртүрлі саяси идеялар, кӛзқарастар, сезімдер, ағымдар 
жиынтығы. 
Саяси жүйенің функциясы: 

қоғам дамуының жолдарын, міндеттерін, мақсаттарын анықтау 

қабылданған бағдарламамен мақсаттарды жүзеге асыруда қоғам қызметін ұйымдастыру 

материалдық және рухани құндылықтарды бӛлу 

мемлекетпен әлеуметтік қауымдастар арасындағы әртүрлі мүдделерді келістіру 

қоғамдағы адамдармен топтар тәртібіне ережелер мен заңдар жасау 

саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету 

қоғам мүшелерін саяси қызметке тартуда саяси саланы қалыптастыру 

саяси нормаларды сақтауда, әрекеттерді болдырмауда заңдармен ережелер орындалуын 
бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет