1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде «Саясаттану»



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата24.10.2023
өлшемі374,55 Kb.
#187856
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Саясаттану дәріс тезистері 2

азаматтылықтың мәдениеті
– ұстанушыға жеке ұлттық үкімет қызметінің маңызының 
жалпы оң бағасы; ӛз ұлтының саяси институттарына мақтаныш сезімі; ресми тұлғалар 
жағынан ұқыпты және тең қатынас кӛрсетілімі ашық және лояльды оппозициялық кӛңіл 
күйдің кӛрінісі деген сапаларды иеленеді 
Бірлік денгейіне байланысты 
жалпы саяси мәдениет
- мемлекеттегі азаматтық хылықтың негізгі қауымына тән. 
субмәдениет
- мұндай білім саяси мәдениетке тек бӛлек әлеуметтік,этникалық,аумақтық 
конфессиялық және басқа саясаттық субъектісі ӛзіндік кӛзқарастарымен адамдардың 
биімін 
құбылысына 
ойы,басқарушы 
элитаға 
қатынасы,басқауға 
қатысатын 
үлгілері,бақылау және саяси ӛмірдің ұйымдары. 
 Саяси сана
адамзат қауымдастығының рухани ӛмірінің маңызды элементі. Саяси 
сана жекелеген адамдардың және олардың әр түрлі қауымдастықтарының саяси билікке, 
мемлекетке және оның органдарына, партияларға, саяси ұйымдар мен қозғалыстарға
дәстүрлерге, саяси ӛмір нормаларына, саяси құндылықтарға қатынастарын кӛрсететін 
түсініктердің, кӛзқарастардың, мақсаттардың жиынтығы.
Саяси сананың қайнар кӛзіне отбасы, индивидке әр түрлі деректерден келіп түсетін 
ақпарат және оның жеке басының ӛмір тәжірибесі жатады.
Саяси сана бастапқыда әлеуметтік теңсіздіктің, саясаттың, саяси қатынастардың, 
институттардың, ұйымдар мен мекемелердің пайда болуымен қалыптаса бастады және 
солармен бірге дамыды.
Саяси сана бұл бір жағынан, адамдар санасындағы саяси болмыстың кӛрінісі, ал 
екінші жағынан, адамдардың және олардың қауымдастықтарының мүдделерінің кӛрінісі, 
жалпы саяси сана – бұл саяси болмыстың субъективті бейнесі. Бейненің субъективтілігі ең 
алдымен оның объективтік дүниеге емес, субъектіге жататынын білдіреді.
Саяси сананың негізін саяси шындық құрайды. Саяси ӛмірдің фактілері мен 
құбылыстары туралы білімнің белгілі бір жиынтығы негізінде қоғамдық болмыстың осы 
саласына қатысы бар кӛзқарастар мен баға беру қалыптаса алады.
Саяси сананың құрылымы қоғамдық қызметтің әр түрлі салаларын кеңінен қамтиды 
және жеке тұлғаның саяси процеске қатынасу варианттарын қалыптастырады. Осылайша 
саяси сана құрылымының, менің кӛзқарасымша, келесі негізгі компоненттерін 
гносеологиялық, аксиологиялық және әлеуметтанулық деп бӛліп кӛрсетуге болады.
Саяси сананың гносеологиялық компоненті нақты шындықты сенімді бейнелеуі 
кӛзқарасы тұрғысынан саяси сана элементтері арасындағы айырмашылықтарды ашып 
кӛрсететінін ерекше атап айтамыз. Басқаша сӛзбен айтқанда, саяси сананың 
гносеологиялық құрылымы саясат әлемінің әр түрлі жақтарын қандай да бір деңгейде 
бейнелейтін субъектілердің барлық кӛзқарастарын білім ретінде қарастыруды ұйғарады. 
Осы аспектіде: саяси шындық пен ӛтірік, саяси ақыл-ойдың адасуы және саяси әлем 
құпияларына оның ену күшінің арақатынасы, бейнелеудің мифологиялық, утопиялық 
және ғылыми типтерінің және т.б. арақатынасы мәселелері қарастырылады.
Саяси сананың аксиологиялық құрылымы саяси саладағы рухани құбылыстарды 
танып білуші субъект үшін олардың тиімді немесе тиімсіздігі кӛзқарасы тұрғысынан 
бейнелейді. Басқаша сӛзбен айтқанда, осы құрылымда саяси түсініктер алуан түрлі 
пайымдаулар және баға беру ретінде түсіндіріледі, олар саясатты танушы субъектінің 
қайсыбір құнды басымдықтарын кӛрсетеді. Сондықтан сол инститтуттарды, нормаларды, 
процестерді және ӛзге де құбылыстарды субъект жағымды бағалауы мүмкін (мысалы, 
демократиялық кӛзқарастың ӛкілі), ал басқаларына (басқа идеяларды және принциптерді 


ұстанғандарға) жағымсыз болуы ықтимал. Әр түрлі бағалаудың жиынтығы түптеп 
келгенде саяси сананың бүкіл кӛлемін толтыратын болады. 
Саяси сананың әлеуметтік құрылымы саяси сананың барлық элементтерін, олардың 
алатын орны, сонымен қатар практикада рухани құбылыстарды жүзеге асыру процесіндегі 
олардың ойнайтын рӛліне деген кӛзқарас тұрғысынан сипаттайды. Бір жағынан алғанда
осы құрылым шеңберінде индивидуальдық, топтық немесе бұқаралық сананың әр түрлі 
формалары сипатталса, ал екінші жағынан – практика саласына адам ойының 
мазмұнының ауысу процесінің компоненттері, дәлірек айтқанда: идеалдар, принциптер
нормалар, нұсқаулар, мотивтер және т.б. түсіндіріледі. Саяси сананың жалпы қорытынды 
компоненттері ретінде саяси идеология және саяси психология қарастырылады. Олардың 
әрқайсысы саяси ӛмірде маңызды, аса күрделі ерекшелікті рӛл атқарады.
Саяси сана қоғамдық тәжірибеден озып кетіп, оқиғаның ӛрістеуін болжай алады, 
сол арқылы саяси қызметті ынталандырушы фактор ретінде алға шығады. Егерде ол 
әлеуметтік шындықты бұрмаланған түрде бейнелесе, онда саясатта волюнтаризмге әкеп 
соқтырады. Саяси субъект қоғамдық ӛмірдің объективті заңдарымен есептеспейді, еркін 
шешімдер қабылдап, субъективті ықыластарын басшылыққа алады.
Саяси сана қоғамда саяси мәдениеттің жаңа элементтерін және дәстүрлерін 
дайындап, бекітетін механизм болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет