Сана және ұлттық өзіндік сана. Ұлттық сана қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыру контексінде Өзіндік сана сезім, адамның дамуындағы ең негізгі рөл деп айтсам болады. Яғни ойдың қалыптасуы, бір мәселеге деген көзқарастың орнауы. Осының ішінде ұлттық сана. Бұл дегеніміз сонау келе жатқан тарихымызды, салт дәстүрімізді білу. Отанға деген махаббат. Ата бабаларымыздын рухани қалдырған мұралары...
Ұлттық сана әрбір қазақты өз өткенін білуді талап етеді, “Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ” деп халық даналығы айтпақшы, өз өткенімізді білуге міндеттіміз. Ұлтымыз қалай өркендеген? Ата бабаларымыз қандай ауыртпашылықтардан өткен? Қазақ елін аман сақтап қалу үшін қаншама ақындарымыз, жазушыларымыз өмірін құрбан еткен? Осы сәтте Мағжан Жұмабаевтың “Сағындым” шығармасынан үзінді жазсам...
Не көрсемде Алаш үшін көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсемде Алаш өлмес көркейер
Істей берсін қолдарынан келгенін!
Сор заманның ауыртпашылығын көтерген алаштарымыз... бүгінгі күннің болашағының бар екеніне нық сенген. Мұның бәрі санада қалыптассын деген ниетпен қалдырған. Тіліміз, дініміз өшпес мұра.
Қазіргі Қазақстанның Ұлттық санасына келер болсақ, ол одан әрі өркендеп келе жатыр. Рухани жаңғыру барысында, көптеген елдер Қазақстанның тарихымен таныс болды. Мысалыға EXPO-2017 халықаралық көрмесінде Қазақстан Ұлттық нақышта елді әлемге паш етті. Яғни тек өз ел ішімізде емес, сонымен қатар басқа елдердің де қазақ салт дәстүрін көрсетуге деген талпыныс. Және де Қазақстан 2050 бағдарламасында, дәл осы Ұлттық сана негізделген. Ең басты құндылық-халықтың Ұлттық мүддесі. Жаһандану, қайта өрлеу, патриотизмнің нығаюы секілді ұстанымдар орын алды.
Қазіргі уақытта еліміз Тәуелсіз, демократиялы зайырлы мемлекет. Еліміздің өркендеуіне қазақ азаматтары саналы түрде үлес қосуда. Көптеген жаңа ұйымдар ашылып дамуда. 2019,2020 жылдар “Еріктілер,Жастар жылдары” деп аталынды. Сол себептен жастар қолдарынан келгенін жасауда. Ұлттық сананы нығайтуға, салт дәстүріміздің нығаюына себепкер болып отыр. Жастар өшпесе,Үлттық сана да өшпес! Себебі болашақ, тек жастардың қолында. Ал болашағымыз өткеніміздің жарқын айнасы.