Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі: талдау, сын тұрғысынан ойлау, сатылай комплексті талдау



Дата10.06.2017
өлшемі38,1 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: Келер шақтың түрлері

Мақсаты:

Білімділік: келер шақ пен болжалды келер шақтыңжасалу жолын меңгерте отырып, болжалды келер шақты мақсатты келер шақ пен ауспалы келер шақтан айыра білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Мысалдар арқылы ізеттілікке, ұйымшылдыққа, ұлтын сүюге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: талдау, сын тұрғысынан ойлау, сатылай комплексті талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Келер шақтың жасалу жолдары туралы кестелер, бейнефильм, ашық формалы тест

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі. Кезекші есебі, сабаққа кіріспе.

Ой түрткі(Тақтаға ілінген өлең жолдарын хормен оқу)
Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас,

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар баһра ала алмас,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең, өзің біл.

/Абай/

Балалар, Абай өлеңі арқылы тілдің маңызын түсіндік.

(3 қатарды 3 топ деп аламыз)

Жаңа сабақ.

Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезден кейін болатындығын білдіретін етістіктің шағы – келер шақ деп аталады.

(Сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіремін)

Өткен шақ

Осы шақ


Келер шақ

(Оқушыларға мысалдар ойлату)

Жыл мезгілдерін бейнелейтін суреттерді көрсету арқылы табиғатты бейнелеп айту.

Мысалы.“Қыс” тақырыбынаөткен шақта сөйлеу.

“Жаз” тақырыбына осы шақта сөйлеу.

“Күз” тақырыбына келер шақта сөйлеу.

“Қыс” тақырыбына мақал-мәтел, жұмбақтар еске түсіру.

“Жаз” тақырыбына мақал-мәтел, жұмбақтар еске түсіру.

“Күз” тақырыбына мақал-мәтел, жұмбақтар еске түсіру.

“Көктем” тақырыбына мақал-мәтел, жұмбақтар еске түсіру.


Мысалдар 1. Жақсы болса азамат,

б

Халқына тиер пайдасы



м

2. Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шашпақ

а

3.Өлеңді ол есейгенде жазады



Сабақты бекіту.

А) тақтамен жұмыс (133-жаттығу)

Әр топтан оқушылар шығып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалынып тұрғанын түсіндіреді.

Ә)Ой толғау. (Қазақстан туралы бейнефильм көрсетіледі) Қазақстан туралы бір-бір сөйлем жазу(сөйлемді келер шақ түрінде)

Б) Сатылай комплексті талдау.

1-топ.


Не ексең, соны орарсың,

2-топ.


Мезгіл жетсе, мұз ерір.

3-топ.


Екі аяқтан әл кетсе,

Қарға адым жер мұң болар.



орарсың ерір болар

негізгі негізгі негізгі

дара дара күрделі

етістік етістік етістік

келер шақ келер шақ келер шақ

болжалды сұрағы болжалды сұрағы болжалды сұрағы

қайтерсің? қайтерсің? қайтер?

баяндауыш баяндауыш баяндауыш

Тест.

Нұсқауды толықтырыңдар.



1-топ

  1. Ақыл көпке жеткізер,

(Өнер көкке жеткізер)

  1. Анаға қарап қыз өсер

(Атаға қарап ұл өсер)

2-топ


  1. Көп іздеген адам (көмбе үстінен шығар)

  2. Ерінген қалар ұятқа

(Іздеген жетер мұратқа)
3-топ

  1. Айтысқан ауыл болмас,

(Болыспаған бауыр болмас)


  1. Өсетін елдің қарты қазына болар,

(Өспейтін елдің қарты қазымыр болар)

Ү. Қорытынды.

А) Бекіту (Дәстүрлі сұрағымыз)

- Екі көз не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін көру керек.

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін.

- Құлақ не үшін керек?

- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

- Тіл мен жағың не үшін керек?

- Ақиқатты айту үшін.

- Ал, аяғы ше?

- Шетте жүрсең қайту үшін.

- Ал етістік не үшін қажет?



- Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына етістік сынды сөз табының қосар үлесі зор.
ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма.
Каталог: uploads -> doc -> 01bd
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01bd -> Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы. Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары
01bd -> Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
01bd -> Сабақ Тақырыбы: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»
01bd -> Внеклассное мероприятия


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу