2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Толғауы тоқсан қызыл тіл»



бет1/3
Дата14.12.2021
өлшемі18,55 Kb.
#100775
  1   2   3
Байланысты:
БЖБ әдебиет 7-сынып
Документ (23), Документ (23), БЖБ қазақ тілі 7-сынып, БЖБ қазақ тілі 7-сынып

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқылатын шығарма Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»



Оқу мақсаты: 7.3.2.1 әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру; 7.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау; 7.1.4.1 көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашу

Бағалау критерийі Білім алушы • Шығарма сюжетін жіктеп талдайды; Шығармадағы автор бейнесін анықтайды; Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма Берілген өлең жолдарындағы ойды қазіргі күнмен сабақтастыра қарастырып, мазмұны жағынан салыстыра талдаңыз.

Зар заман, зар заман,

Зарлап өткен бір заман.

Сөздің басы — бисмиллаһ,

Біз айталық, сіз тыңда

Мұсылманның тарихын:

Төрт аяқты хайуан —

Бұ дүниенің жарығы.

Бағасы кеткен жігіттің

Бетінен алар зайыбы.

Бір алладан басқаның

Көпті қылған айыбы.

Кесапаттың кесірі

Келе ме деп керт басқа,

Сол себептен қорқамын!

Әуелгі қорлар зор болды,

Сондай зорлар қор болды,

Әуелгі барлар жоқ болды,

Сондай жоқтар тоқ болды

Жөн білмеген жамандар

Ел билеген бек болды,

Көтере алмай билігін,

Ұласқан үлкен кек болды,

Ниетіне қазақтың

Тым-ақ тәуір еп болды —

Заманақыр болар деп,

Сол себептен қорқамын!



Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Тарлығының белгісі:

Жақсы — жаннан түңілген,

Жаман — малдан түңілген,

Мұның өзі — зар заман.

Зарлығының белгісі:

Бір-бірлерін күндеген,

Жай-жайына жүрмеген,

Мұның өзі — тар заман.

Тарлығының белгісі:

Мұсылманнан хал кетті.

Тәңірім болғай деместен.

Анты жұқпас бойына,

Әр не түсер ойына,

Жалмауыз болды үлкенің,

Қазақ, сенің сорыңа.

Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті амал жоқ, қазақтар,

Енді сенің торыңа.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет