САБАҚ Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
|
Мектеп: «әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектеп» КММ
|
Күні: 14 .03.2017ж.
|
Мұғалімнің есімі: Усенова Дина
|
СЫНЫП: 8 «А»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Қ.Жұмаділовтың шығармашылығын, әдеби мол мұрасын анықтайды, «Қаздар қайтып барады» шығармасының тақырыбын, идеясын ажыратады, кейіпкердің бейнесін ашады,
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Қ.Жұмаділов шығармашылығының ерекшелігін игереді, өмірмен байланыстырады, әңгімені меңгереді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
өз ойын айта алады, түсінгенін баяндайды, оқиғаны суреттеуді қолданады
|
Кейбір оқушылар:
|
оқулықтан тыс мысал келтіріп, ойын толық жеткізе алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Шығарманың мазмұнын игере отырып, талдай алады, өз ойын айта алады, оқиғаны суреттейді, пікір алмасады, идея алмасады.
|
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
|
Қ.Жұмаділов шығармашылығы, туған жер, соңғы арман.
|
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
|
Қ.Жұмаділов шығармашылығы
|
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
|
Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығына тоқталыңдар.
Қ.Жұмаділовтың тағы қандай шығармалары бар?
«Қаздар қайтып барады» шығармасы тақырыбы не ?
Қарттың алға қойған мақсаты не?
Ол неліктен: «Бұл менің ақырғы тілегім ғой»,- дейді?
Қарт жолда қандай қиыншылықтарды басынан өткізеді?
Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
|
|
|
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
|
Кейіпкерге сипаттама жазу.
|
Алдыңғы оқу
|
Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты»
|
Жоспар
|
Бағалау критерийлері:
Сұраққа нақты, дұрыс жауап беру.
Топта белсенділік таныту.
Досыма көмек көрсету.
Өз ойын толық жеткізу.
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Сәлемдесу, оқушылар назарын аудару, «Жүзік салдым» әдісі бойынша 4 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау: «Шынжыр » стратегиясын қолдану арқылы топағы әр оқушыға сұрақтар береді. Сұрақтарға жауап бере отырып, кеспе қағаздарды жабыстырып, шынжыр жасайды. Сол арқылы Топтар бір-бірінің жауаптарын тексеріп, кері байланыс береді. Критерий бойынша бағалауды назарға салады.
Ш.Мұртаза қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
Ш.Мұртаза қандай оқу орнында білім алды?
Ш.Мұртазаның қандай прозалық туындылары бар?
Ш.Мұртазаның қандай пьесалары бар?
Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік?
Монолог дегеніміз не?
Драмалық шығармалардың әңгіме, повестьтен айырмашылығы қандай?
Ремарка дегеніміз не?
Драмалық шығарманың ерекшелігі неде?
Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасына арқау болған оқиға?
Драмадағы Ғабит Мүсірепов қандай адам?
Голощекин қандай кейіпкер?
Драмадағы Құрамысов пен Ивановты салыстырыңдар.
Сталин туралы тарихтан не білесіңдер?
Тұрар Рысқұлов кім?
Қазақ даласында аштық қалай басталды?
Елдегі ашаршылық пьесада қай кейіпкерлердің сөздері арқылы беріледі?
Сталинге хат жазған бес адам кімдер?
Сталиннің, Голощекиннің жүргізген саясаттарының мақсаты неде болды?
|
«Жақсы», «Жарайсың» деген сөздер арқылы бірін-бірі мадақтау
|
Қазақ әдебиеті оқулық 8-сынып
Алматы «Мектеп» баспасы 2016, интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, суреттер, моншақтар.
|
Ортасы
|
Жаңа сабақ . Өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстыру. «Ой қозғау» суретті көрсете сыни ойлауға бағыттау. Голощекин саясатының ашаршылыққа, туған жерден кетуге мәжбүр еткендігін айтып, туған жер туралы Ф.Оңғарсынованың өлеңін оқу:
«Көк мөлдір аспанды мекенім!
Көгіңнен сенің қайтқанда қаздар қаңқылдап,
Шарқ ұрып іздеп саялы бақ,
Көгілдір жанарлы көлдерді аңсаған құстардың
Қиқуларынан қалушы ем мен де зар тыңдап...»
Жаңа сабақ тақырыбы ашылады.
«Үйімнің үстіндегі кім?» атты қазақтың ұлттық ойын қолдану арқылы топтағы әр оқушы әңгіме мазмұнын бір-бірінің қолының үстіне қолын-қойып отырып, мазмұндайды. Бұл арқылы топта неше оқушы жауап бергені анықталады. Критерий бойынша бағалауды назарға салады
«Қалтырауық қамыр кемпір мен ақ боран» Наурызда ойналатын ұлттық ойын арқылы төрт топқа жаңа сабақ бойынша түрліше сұрақтар беріледі.
Қ.Жұмаділовтың өмірі туралы не білесіз?
Қ.Жұмаділовтың тағы қандай шығармалары бар?
«Қаздар қайтып барады» шығармасы не жайлы?
Қарттың алға қойған мақсаты не?
Әңгімеде оқиға жылдың қай мезгілінде болған?
Қарт қай жерге сапар шекті?
Жолға қандай азықпен шықты?
Ол жолда кездескен көкжал қасқырдан қалай құтылды?
Ол неліктен: «Бұл менің ақырғы тілегім ғой»,- дейді?
Қарт жолда қандай қиыншылықтарды басынан өткізеді?
Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
Қарт «Мен өлсем, Тұяқбайдан тұқым жоқ» деп неліктен айтады?
Сақшылар қартқа қандай айып тақты?
Туған жерге келгендегі қарттың күйін өз сөзіңмен жеткіз.
Қарт туған жеріне келіп , ең бірінші не істеді?
Әңгіме неліктен қаздар қайтып барады» деп аталған?
Қарттың мінезінен қандай ерекшелікті байқадыңдар?
Шығармадан қазаққа тән ұлттық қасиеттерді ажырата білдің бе?
Әңгіме соңы қалай аяқталды?
|
Критерий арқылы бағалау
|
|
Аяқталуы
|
Сабақты қорытындылау. «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің сюжетін тарихпен байланыстыру, 20 ғасырдағы қазақ халқының басынан өткен Голощекин қолдан жасаған аштықтың зардабын айтып қорытындылау.
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» сөзімен бағалайды.
|
|
Үй тапсырмасы
|
Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңімесінің көркемдің ерекшелігіне талдау жасау, тақырыбы мен идеясын, жазушының суреттеу тәсілін, портретті анықтау.
Оқулықта көрсетілген сілтемені ғаламтордан қарап, талқылауға дайындалып келу.
.
|
Қосымша ақпарат (оқулықтан тыс ақпарат)
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
|
Үлгермеуші оқушыларға қосымша сұрақтар береді.
Дарынды оқушыларға кейіпкер мінезін талдату.
|
Сабаққа құрылған критерий бойынша бағалайды.
|
Тарихпен байланысты.
АКТ-мен байланысты.
Балаға патриоттық тәрбие беріледі, туған жерін құрметтеуге баулиды.
|
Рефлекция. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтаға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
...
...
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
...
...
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білді?
|