1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде «Саясаттану»


Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата24.10.2023
өлшемі374,55 Kb.
#187856
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Саясаттану дәріс тезистері 2

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары:
әлемнің тұтастығы мен ӛзара тәуелділіктің артуы; халықаралық қатынаста кӛпұлтты 
жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы; қарама - 
қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың ролінің артуы; 
проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың шынайылығы 
арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің 
капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы. 
Сыртқы саясат –
бұл халықаралық аренада ӛз мүддесі мен қажеттіліктерін іске 
асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның саяси институттарының қызметі. 
Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың ӛткізілуі мен елдің сыртқы 
экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сыртқы саяси міндеттерді 
жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.
Сыртқы саясатты жүзеге асырудың формалары:
мемлекеттер арасында
дипломатиялық қатынастар орнату; халықаралық ұйымдар негізінде немесе соған мүше 
ретінде мемлекеттік ӛкілдіктердің ашылуы; мемлекет, партия ӛкілдерімен әр түрлі 
дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру. 
Мемлекеттің сыртқы саясатындағы әдіс - тәсілдер:
үнемі информация алмасуды
іске асыру; әр-түрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен алмасу, екі жақты және
кӛпжақты шарттар мен келісімдер дайындау; мемлекеттердің ішкі және сырқы саяси іс-
әрекеттерін немесе олардың одақтасуының даму мүмкіндіктеріне кӛмектесу; толық 
немесе жартылай блокадаға дайындалу және жүзеге асыру; сырқы саяси жағдайда 
қолайлы әскери іс - әрекет жүргізумен қамтамасыз ету және соғысқа дайындық. 
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар –
бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен 
байланысты, ӛмірлік қажетті проблемалар жиынтығы. 
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері -
барлық 
мемлекеттердің, адамзаттың ӛмірлік қажеттіліктері қозғалады; адамзаттың позитивті
дамуына қатер тӛндіреді; ӛз шешіміне барлық мемлекет пен халықтың ұжымдық күш 
салуын талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет