1. 1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері



бет2/2
Дата14.04.2020
өлшемі63,47 Kb.
#62463
1   2
Байланысты:
Отчет Абдраман Н.


1.3 ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС

ҮШІН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстық кодекстін 29-бабында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылған. Бұл жерде катысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе жеңілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы карастырылған. Осы бапка сәйкес:

Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағаймндау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежссі, осы катысудың кылмыс мақсатына жету жөніндегі мәні, оның келтірілген немесе кслтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпалы ескерілсді5.

Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза олардың іс-әрекеті сараланған Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген санкция шеңберінде қатысудың нысаны мен түріне қарамастан тағайындалады.

Сот қатысушыларға жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын (52-бап) және 57-баптың шарттарын басшылыққа алуға міндетті, Қылмыстық кодекстің 57-бабында жаза тағайындау кезінде оны жасауға қатысқан адамның 1) қатысу сипатын және дәрежесін; 2) кылмыс мақсатына жетудің мәнін; 3) келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зияиның сипаты мем мөлшерін ескеруді талап етеді. Қатысу сипаты катысушының атқарған ролімен сипатталады. Бұл жерде қатысушы кім болып роль атқарады — ұйымдастырушы ма, айдап салушы ма, орындаушы ма әлде көмектесуші ме? Әдетте, ұйымдастырушыларға, айдап салушыларға, орындаушыларға қылмысқа көмектесушілерге қарағанда жаза каталырақ тағайымдалады. Катысу дәрежесі қылмысты мақсатқа жетудегі қатысушылардың сіңірген енбегінің көрінісі аркылы белгіленеді. Ал қылмыс мақсатына жетудің мәні — алға қойған мақсаты толық орындалды ма, жоқ па осыған байланысты. Келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін анықтағаңда оларды туғызуға істелген қатысушының әрекет белсенділігі, атқарған функциясы есепке алынады. Қылмыстық кодекстің 57-бабының 2-бөлігінде "Қатысушылардың біреуінің жеке басына катысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезінде ғана ес-керіледі"—делінген.

Яғни, мұндай ретте ересектерге қарағанда жасы толмағандарға жазаның жеңілдететін түрі қолданылуы айтпаса да түсінікті.

2.1 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ

БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Сот тәжірибесінде бір адамның қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп кылмыстарды істеп, осы қылмыстардың бірде-біреуі үшін сотталмаған жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ, іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың жиынтығын күрайды.

Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген әрбір қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тәртібін белгілейді. Бір адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істегенге кінәлі деп танылып, соның бірде біреуі үшін сотталмаса, онда оның әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп саналады. Бұл жерде занда белгіленген негіздер мен қылмыстық жауаптылыктан босатылған адамның бұрынғы істеген кылмысы есепке алынбайды. Қылмыстардың жиынтығында сот негізгі жазаны, ал керекті реттерде және косымша жазаны әрбір қылмысқа бөлек тағайындап алып, түпкілікті жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды түгелдей, ия болмаса, ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай жазаны жиынтықтап, бірақ тағайындайды (58-бап, І-бөлігі).

Осы заңның талабына сәйкес сот әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек-бөлек тағайындайды. Оның өзіндік маңызы зор. Өйткені, бұл кассациялық немесе бақылау сатыларында істеген қылмыстардың біреуі үшін үкімді өзгертуге мүмкіндік туғызады. Әрбір кылмыс үшін жазаны бөлек тағайындау рақымшылық актісін қолдануға да қолайлы мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінәлінің істеген қылмысының, біріне рақымшылық актісі қолданылуы, ал екіншісіне оның қолданылмауы мүмкін немесе бір кылмыс үшін рақымшылық актісі бойынша тұтас алынып тасталуы, ал екіншісі қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен кыскартылуы мүмкін.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мәні мен зияндылык дәрежесін, кылмыскердің тұлғасын және істің мән-жайьн, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды тутастай басшылыққа алады. Жаза тағайыпдауды осы принципті бұлжытпай басшылыққа алу қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаны жеке қылмыс істегендерге қарағанда ауырырак етіп тағайындауға мүмкіндік береді. Жазаны әрбір қылмысқа бөлек-бөлек тағайындап алып, сот жазаны барлық қылмыстары үшін жиынтықтап бірак тағайындайды. Бұл жерде қылмыстық заң бойынша жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолын нсмесе тағайындалған жазаларды түгелдей я болмаса ішінара косу жолымен заңның ауырырақ жаза белгілеген бабындағы шектен асырмай жаза белгіленеді. Сіңіру принципі бойынша сот кылмыстың жиынтығына кіретін әрбір кылмыс үшін біртектес және әртектес жаза түрлерін тағайындағанда женілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен жинақтап бірак тағайындайды. Осындай кезде жаза түрлерінің қатаңдык дәрежесі Қылмыстық кодекстің 39-бабында кандай ретпен көрсетілсе, сондай рет бойынша анықталатынын ескеруі кажет. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түрі мен мөлшері жағынан бірдей жаза тағайындалса, онда бір жазаны басқа бір жазаға сіңіру жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарын ең жоғарғы жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат етіледі. Мысалы, қыл-мыскер қызғанып өз әйелін өлтіргені үшін алты жылға, кәнігі бұзақылығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды делік. Сіңіру принципі колданыла отырып оған акырғы жаза 6 жыл бас бостандығынан айыру болып белгіленеді немесе кінәлінін бір қылмысы үшін сот оған 2 жыл түзеу жұмысын тағайындайды, ал екінші қылмысы үшін 3 жыл бас бостаңдығынан айыру жазасын тағайындайды. Жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен сот оның ақырғы жазасын 3 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгілейді.

Тағайындалған жазаларды түгелдей қосып жаза белгілеу дегеніміз әрбір қылмыска бөлек-бөлек жаза тағайындап алып, сол жазаларды бір-біріне түгелдей косып, ақырғы жазаны аныктау болып табылады. Жазаларлды түгелдей косу принципі сот тәжірибесінде көп жағдайларда істелген қылмыстардың мәні мен зияндылық дәрежесі өзара ұқсас болған жағдайларда қолданылады. Тағайындаған жазаларды ішінара косып, жаза белгілеу дегеніміз сот ауырырақ жазаға басқа қылмыс үшін тағайындалған жазаны ішінара косып, ақырғы жазаны аныктайды. Қылмыстың жиынтығы бірнеше қылмыс үшін жазаны толық немесе ішінара косу жолымен тағайындалғанда акырғы жаза мөлшері ауырырақ жаза белгілеген баптың шегінен асырылмай белгіленуі мүмкін. Мысалы, ұрлық үшін 3 жылға, ауырлататын жағдайдағы бұзақылығы үшін 4 жылға тағайындалған жазаны, сот ішінара қосу жолымен ақырғы жазаны 5 жылдан бас бостандығынан айыруға деп белгілейді, Өйткені, ауырлататын бұзақылығы үшін (257-бап, 2-бөлік) жазаның ең жоғарғы шегі заңда 5 жыл деп көрсетілген. Бұл шектен асуға болмайды.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда соттын кайсы принципті басшылыққа алатыны (сіңіру жолымен немесе түгелдей, ішінара қосу жолымен) нақты жағдайларға байланысты, істің, жағдайына, кылмыскердің тұлғасына, әр қылмыс үшін тағайындалған жазаның түрі мен ауырлығына сәйкес шешіледі. Адам кінәлі деп танылған кылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазаны сот негізгі жазаға қоса алады.

Егер іс бойынша үкім шығарылғаннан кейін сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарғанға дейін басқа бір қылмыс істегендігі аныкталса, бұл жағдайда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады. Бұл ретте жазанын, мерзіміне бірінші үкім бойынша өтеген жаза есептелінеді. Мысалы, кінәлі адам әйел зорлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталған. Ол осы жазаның екі жылын өтеген соң, оның осы қылмыс үшін сотгалғанға дейін бұзақылық істегені анықталады. Сот қылмыскерді бұзақылығы үшін кінәлі деп тауып, сол үшін оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Тағайындалған жазаларды түгелдей қосу аркылы, оның ақырғы өтейтін жазасы 8 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгіленген. Сот оның бірінші үкім бойынша өтеген екі жыл жазасын есепке ала отырып, ақырғы өтеу жазасының мерзімін 6 жыл деп белгілеген. Қылмыстық кодекстің 58-бабының, 3-бөлігінде: "Егер кылмыстардың жиынтығында орташа ауырлықтағы қылмыс, ауыр немесе аса ауыр кылмыс камтылса, түпкілікті жаза жазаларды ішінара немесе толық қосу жолымен тағайын-далады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма жылдан аспауы керек",— деп белгіленген. Ал осы баптың төртінші бөлігінде: "Егер кылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесс өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру көздслген, ең болмағанда, бір аса ауыр кылмыс камтылатын болса, түпкілікті жазалау ішінара немесе толық косылып тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазалау жиырмабес жылдан аспауға тиіс",—деп көрсетілгсн. Мұндай ережелер істелген қылмыстық қоғамға қауімтілігі қандай санатқа жататынына, қылмыскердің жеке басының кім ексндігі ескеріле отырып, әділетті жаза тағайындауға мүмкіндік береді. 58-баптың 3-4-бөлігінде көздел-ген қылмыстардың санатының түснігі Қылмыстық кодекстің 10-бабында берілген.

Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты кұрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін. Жекелеп немесе толык қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы Кодекстің Жалпы бөлімінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімінен нсмссе мөлшерінен аспауы керек (58-бап, 5-бөлігі). Мысалы, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметте болу құқығынан айыру Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес қосымша жаза ретінде үш жылға дейінгі мерзімге косылуы мүмкін.


2.2 ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ

ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстардың кайталануының түсінігі Қылмыстық, кодекстің 11-бабында белгіленген, Қылмыстық Кодекстің 59-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайлар кылмыстың қайталануы жағдайында жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау мәселссін шешуде манызды роль атқарады. Қылмыстың қайталануы қылмыс істеген адамның іс-әрекетінің коғамға қауіптілігін және қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын белгі болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 59-бабының екінші болігінде қайталанып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындаудың ерскшелігі көрсетілген. Баптың осы бөлігіне сәйкес: 1) кайталап жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінік ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен; 2) кылмыстардың қауіпті кайта-ланғаны үшін — үштен екісінен төмен; 3) қылмыстардың аса кауіпті кайталанғаны үшін — торттен үшінен төмен болмауға тиіс. Мысалы, Қылмыстық кодскстің 169-бабындағы карулы бүлік жасағаны үішін ең жоғарғы жаза 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру болып белгіленген. Қайталанып жасалған қылмыстың түрлеріне байланысты осындай тәртіппен көтеріңкі жаза мөлілері мем түрін белгілеу бүрып қасақана кылмыс жас-ағаны, сотталғандығына қарамастан тағы да қасақана қылмыс істеп түзелу жолына түспегендерге берілгсн лайыкты жаза болып табылады. Мұндай түзелу үшін ауырырақ жаза тағайындау қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті.


.

2.3 МЕРЗІМДЕРДІ ҚОСУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖАЗА МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ


1. Қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне:

а) қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні:

б) бас бостандығын шектеудің екі күні:

в) түзеу жұмыстарының немесе әскери қызымет бойынша шектеудің үш күні:

г) қоғамдық жұмыстарға тартудың 8 сағаты сәйкес келеді.

2. Айыппұл салу белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру сондай-ақ мүлікті тәркілеу оларды бас бостандығын шектеу мен түзеу жұмыстарымен, қамаумен, тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен, бас бостандығынан айырумен қосқан кезде дербес орындалады (Қылмыстық кодекстің 61-бабы).

1. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпне айналысу құқығынан айырудың, түзеу жұмыстарының, әскери қызмет бойынша шектеудің, бас бостандығын шектеудің, қамаудың, тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың, бас бостандығынан айырудың мерзімі айлармен және жылдармен, ал қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі сағатпен есептеледі.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жазаларды ауыстыру немесе қосу кезінде, сондай-ақ жазаны есепке алу кезінде мерзімі күндермен есептелуі мүмкін.

3. Үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жаза мерзімінің бір күніне бір күн есебімен, бас бостандығын шектеу түрінде ұстауға - екі күнге бір күн, түзеу жұмыстарымен әскери қызмет бойынша шектеуге – үш күнге бір күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау мерзіміне қоғамдық жұмыстардың 8 сағаты қамауға ұсталған бір күн есебімен есептеледі.

4. Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адамды қамауда ұстау уақыты мен Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерге жасалған қылмыс үшін сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты адам осы Кодекстің 8-бабының негізінде ұытап берілген жағдайда бір күнге бір күн есебімен есептеледі.

5. Сот қарағанға дейін қамауда ұсталған, сотталушы адамға айыппұл, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау кезінде сот қамауда ұсталған мерзімді ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңілдетеді немесе оны осы жазаны өтеуден толық босатады.

6. Қылмыс жасағаннан кейін психикалық аурумен науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзіміне есептеледі (Қылмыстық кодекстің 62-бабы).

Қорытынды

Жаза тағайындау – жасаған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімі шығарарда қылмыстыық ықпал жасаудың нақты шарасы соттың тандауы.

Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды, жауапты сәті. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 24. 06. 1999 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың зандылықты сақтау туралы» №3 қаулысында айтылған. Жаза мақсатының жүзеге асырылуы көбіне тағаындалғанжазаға байланысты.
Жаза тағайындау әлеуметтік әділеттіктін қалпына келуіне, сотталған адамның түзелуіне, соттылығының да, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауы болдырмауға көмегін тигізеді.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жаза дәлелді де әділ болуға тиіс. Қылмыс жасаған адамға, Қылмыстық Кодекстің 52-бабында, оның түзелуі және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.

Жаза тағайындау белгілі бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы принциптерінің нақты көрінісі болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар: заңдылық, адам гершілік, жазаның әділеттілігі, жазның дәлелдігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер Қылмыстық Кодекстің нормаларында өз көрінісін табады.

Заң жаза тағайындау кезінде сотты жаза мақсаттарының бірі болып саналатын – жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігіне көре білуге, және барлық мән-жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ауырлығы төмен, жұмсақтау түрін дүрыс тағайындай білуге, оның мөлшерін анықтауға міндеттейді. Сон,ымен қатар, сот ізгілік қағидатын басшылыққа ала отырып, айыпкерге тағайындалған жазаның оның отбасының және оның асырауындағы тұлғалардың тұрмысы жағдайына мүмкін болар ықпалын да ескеруі керек.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Қазақстан Республикасының Конститудиясы (өзгертулер мен толықтырулар қоса) 30 тамыз, 1995 жыл

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (өзгертулер мен толықтырулар қоса). 16 шілде, 1997 жыл.

  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.

  4. Қазақстан Респулиқасының Қылмыстық Атқару Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.

  5. Қ Р Жоғарғы Сотының пленуымының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы» 30 сөуір, 1999 жыл.

  6. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы 2001.

  7. Кайыржанов Е.И. Угаловное право. Р. К. Общая часть. Алматы, 1997.

  8. ҚР ҚК түсініктеме. Алматы, 2001.

  9. Алауханов Е.О. Рахметов С.Н. Жаза практикалық оқу құралы. Алматы: Өркениет 1999 ж.

  10. Уголовное право РК. Общая часть, Жеті жарғы, Алматы.-1998.

  11. Уголовно-исполнительное право Р.К. Алматы, 1997.

  12. Рахметов С.Н. Кулмуханбетова Б.А. Нурумбетов А.А. Наказание. Алматы, 1998.

  13. Чукмайтов Д.С. Применение уголовное наказания в делах предупреждения редедивных преступлений. Алматы, 1997.

  14. Ағыбаева А.М. Нәріпбаев М.С. Баймурзин Г.И. Русско-казахский терминологический словарь по уголовному праву. Алматы., 1994.




1 Соловьев А. Д. Вопросы применения наказания по советскому уголовному праву–М., 1958. – С. 7.

2 Сонда.

3 Меньшагин В. Д. Основные принципы применения наказания по советскому уголовному праву. В кн.: Применение наказания по советскому уголовному праву. – М., 1958.- С. 5; Карпец И.И. Индивидуализация наказания в советскому уголовному праве. – М., 1961. –С. 13-15.

4 Курс советского уголовного права. Часть Общая. –Т III. Наказание.- М., 1980.- С. 11.

5 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық. Алматы, Жеті жарғы, 1998 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет