1. 1-тапсырма. Нормативтік және әдістемелік құжаттармен жұмыс


-тапсырма. Претест (алдын ала тестілеу)



бет3/6
Дата23.08.2020
өлшемі121,04 Kb.
#76598
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 күн тапсырмалары (Автосохраненный)

1.2-тапсырма. Претест (алдын ала тестілеу)

Берілген терминдерді түсіну деңгейіңізді бағалаңыз


Термин

Анықтама беріңіз

Мысал келтіріңіз

Оқу мақсаттары

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

Мақсаттарды игерілетін мазмұн арқылы анықтау.Мысылы:Терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау.

Бағалау критерийлері

А.критерийі-Білу және түсіну.

В.критерийі-Қолдану.

С.критерийі-Талдау,Жинақтау. Д.критерийі-Бағалау аргуметтер келтіру,қорғау,дәлелдеу


Оқушылардың көбісі білу және түсінумен шектеледі.Ал кейбір оқушылар қолдануды да меңгереді.Ал сыныптағы 1-2 оқушы ғана талдау,жинақтау, аргуметтер келтіру,қорғау,дәлелдеу жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жас ерекшеліктеріне қарай ойлау дағдылары әр түрлі.Сыныптағы оқушылардыңда ойлау дағдылары әр түрлі болғандықтан,тапсырмалар А,В,С деңгейінде жүргізіледі.

Мысалы:А.Білу және түсіну.

В.Қолдану.

С.Талдау және Синтез жасау

Д.Бағалау,дәлелдеу



Дескриптор

Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы.Дескриптор- оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады : жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады:

Дескриптор (тұйінді сөз)оқушы қалай жоғарғ нәтижеге жете алатындығын көрсетеді

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады: тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты; пән бойынша күтілетін нәтижелер; пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты; ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу; тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі; тоқсандық жиынтық бағалауға шолу; тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы; тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері; тапсырмалардың балл қою кестелері.

Балл қою кестесі

Бөлім ортақ тақырыптар бойынша балл қою кестесі Оқу жетістігі деңгейлері Балдың пайыздық мазмұны Болжам баға Жоғары 81%-100% “5” деген бағаға сәйкес Орта 21%-80% “3-4” деген бағаларға сәйкес Төмен 0-20% “1-2” дегенбағаларға сәйкес




Модерация

Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.

Әрбір мұғалім үшін модерацияға қатысу тиімді болып келеді. Мүмкіндіктері:

• балл қою кестесі ескерілмегендіктен дұрыс жауап қабылданбаған, балл қою кестесінде қате жіберілген, жалпы балл дұрыс есептелмеген,және т.б. жағдайларды анықтау;



Түрлі деңгейдегі тапсырмалар

тапсырмаларды 3 денгейге бөліп береді, бірақ оқушыларды білім денгейге қарап 3 топқа бөледі. • Бірінші топқа «4-5» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар береді. • Екінші топқа «3-4» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға іздену түріндегі тапсырмалар дайындайды. • Үшінші топқа «2-3» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға стандартқа сай тапсырмалар береді: сыныптағы барлық оқушылар орындай алуы қажет.

I – деңгейдегі тапсырмаларға:

1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;

2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;

3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;

II – деңгейдегі тапсырмаларға :

1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы

тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін

түрлендіріп пайдалану қажет.

2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз

ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен

сөзжұмбақтар.

III – деңгейдегі тапсырмаларға :

1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып

бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді

меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;

2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер;

3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде

диаграмма, графиктер салу, жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға

берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары:

1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой

еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін

байқататын дүние жасап шығуына негізделген.

2) олимпиадалық есептер;

3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет