Өнеркәсіп өндірісін экологияландыру - оның бір уақытта табиғатты пайдаланудың тиімділігін арттыру және табигаттың теріс әсерлерін болдырмау. Ол ресурс сыйымдылығы мен өндіріс үдерісінің қалдығын төмендете отырып, ақырғы тұтыныс өнімнің үлесін арттыруға бағытталған қоғамдық өндірістің прогрессивті кұрылымын қалыптастырады. Табиғат сыйымдылығын азайтатын бірнеше ұстанымдық бағыттар бар, ал ол бағыттардың әрқайсысы жеке тек жергілікті мәселені ғана шеше алады. Олар туралы әр өндіріс орындарын экологияландыруда талданылады. Өндірісте табиғатты пайдалануды төмендету үшін тұтасынан бұл әдістерді біріктіру керек. Бұлардың арасынан ең басты орынды технологиялық қайта қаруландыру, аз қалдықты технологияны енгізу, экологияландыру мәселелерін экономикалық және техникалық бақылау болып табылады.
Осы бағыттардың әрқайсысы жеке алғанда тек жергілікті мәселелерді шешуге ғана жарамды. Өндірістің табигат сыйымдылығын азайту үшін осы барлық тәсілдерді толығымен қолдану қажет. Осылардың арасынан орталық орынды технологиялык қаруландыру, аз қалдықты технологияны енгізуді экологияландыру, экономикалық және техникалық бақылау мәселелері алады.
Экология тұрғысынан өнеркәсіп үдерістерінің моделі.Кез келген өндіріс үдерісі сыртқы ортамен байланыскан жүйеден тұрады. Мұндай өндірістік жүйе қоршаган ортадан алғашқы шикізатты, материалдарды, энергияны алады, ал оған дайын өнімдер мен әр түрлі қалдықтарды береді. Жүйе сырттан келген (электр, күн және т.б.) немесе физикалық-химиялық үдеріс есебінен іште пайда болган энергия ағысының нәтижесінде жұмыс жасайды.
Экологиялық қорғаныстың әдістері мен құралдары
1сурет - Қоршаған ортаны қорғау әдістері мен құралдары
Қоршаған ортаны қорғау және жұмыс орындарының санитариялық жай-күйі. 2011 жылдан бастап «5S» жүйесі - жұмыс кеңістігін ұйымдастыру, операцияларды орындау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, тәртіпті, тазалықты, ұқыптылықты сақтау, уақыт пен энергияны үнемдеу әдісі енгізілді, оған сәйкес ЕҚжТҚ жөніндегі инженерлер айына кем дегенде бір рет өздеріне бекітілген объектілерді, ондағы сәйкессіздіктерді суретке түсіре және суреттерді зауыт бөлімшелеріндегі ақпараттық қалқандарда орналастыра отырып тексерулер жүргізеді.
1854-2008 Қазақстан Республикасының стандарт талаптарына сәйкес нормативтерін сақтау мақсатында ЖШС санитариялық зертханасы өлшеу құралдарын қолдана отырып, өндірістік үй-жайлардағы және сыртқы құрылғылардың жұмыс аумақтарының ауа ортасындағы зиянды заттардың сапалық құрамына үнемі бақылау жүргізіп отырады. Жалпы алғанда 15 өндірістік бөлімшелердегі 73 өндірістік үй-жайларын келістірілген жұмыс аумағының ауасын зертханалық бақылау кестесінде белгіленген мерзімділікпен бақыланып отырады.
Өндірістік мониторинг бағдарламасына сәйкес атмосфералық ауаның, ағынды сулардың және жер асты суларының, топырақтың, радиациялық қауіпсіздіктің жай-күйіне мониторинг жүргізіледі. Аталған іс-шара аккредиттелген зертханаларды сырттан тарту арқылы шарттық негізде жүзеге асырылады.
Атмосфералық ауа құрамында көмір-сутектерінің, күкіртті сутектердің, фенолдың, бензолдың, толуолдың, ксилолдың, көміртек тотығының бар-жоқтығы тексеріледі. Ағынды су мен жер асты суларының сапасын тексеру кезінде мұнай өңдеуші кәсіпорындарға тән ластағыштар: сульфаттарға, сульфидтерге, хлоридтерге, фенолдарға, нитраттарға, нитриттерге, фосфаттарға, аммонийлі азотқа және судағы мұнай өнімдерінің құрамына, тұздылығына және сілтілігіне ден қоюға баса назар аударылады. Топырақ сынамаларының кұрамындағы мұнай өнімдері мен ауыр металдар анықталады.
Кәсіпорында өнеркәсіп қалдықтары мен қатты қалдықтарды жинағыштарға дозиметриялық бақылаулар жүргізіледі.
Әр кәсіпорын үшін, оның шығаратын қалдықтарының ерекшелігіне қарай арнаулы тазалау қондырғылары жобаланады, экологиялық қоршаған ортаны қорғау әдістерін мен құралдары анықталады.
Қорытынды
Есептеулер нәтижесінде күштік трансформатор, ток трансформаторы, және де коммутациялық аппараттар: жүктемелік ажыратқыш 10 кВ (трансформаторлардың жұмыс токтарын коммутациялау), сақтандырғыш 10 кВ (трансформаторларды қысқа тұйықталудан қорғау үшін), автоматты ажыратқыш. Трансформаторлы қосалқы станциядан тұтынушыларға дейін кабельдер таңдалған, кабельдер термикалық беріктілік, нормал жұмыс кезіндегі кернеу жоғалуына тексерілді. Трансформаторлы қосалқы станция жобасының ең негізгі ерекшелігі орнатылған РУ 10 кВ жоқтығы, яғни трансформаторлы қосалқы станция тек екі трансформаторлы камера мен РУ 0,4 кВ ғана тұрады.
Трансформаторлы қосалқы станция құрылысы әртүрлі түрде болады. Қазіргі таңда өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр жабдықтау үшін 10/0,4 кВ ішкі және сыртқы комплектілі трансформаторлық қосалқы станция қолданылады. Олар зауытта іріблокты түйіндермен монтаж орнына жеткізіледі, монтажды тездету, қосалқы станция габариттерін азайту мен қызмет көрсету кезінде максимал қауіпсіздік көрсетеді.
Мен практика кезінде кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымымен таныстым. Технологиялық схемалар, объектілер, қондырғылар және технологиялық жабдықтар зерттелді. Бас энергетиктің қызметімен және өндірістік құжаттамамен, нұсқаулық материалдарымен және есеп беру құжаттарымен жұмыс істеу дағдыларын алдым. Мен кәсіпорындағы негізгі электр қондырғыларымен және электр энергиясын тұтынушылармен, электрмен жабдықтау схемаларымен, автоматика құрылғыларымен, электр жабдықтарының негізгі түрлерімен және электр жетектерін басқару схемаларымен таныстым. Болашақ мамандығым бойынша практикалық білім алдым, осы кәсіпорында қолданылатын электр машиналарын, трансформаторларды, электр жабдықтарын монтаждау, жөндеу және пайдалану принциптерімен, электр тораптарын автоматтандыру кәсіпорнының электрмен жабдықтау схемаларымен таныстым.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Электротехнический справочник. Под редакцией С.Л. Корякин-Черняк, О.Н. Партола, Ю.Н. Давиденко, В.Я. Володин. Наука и Техника, Санкт-Петербург 2009г.
Справочник по энергоснабжению и электрооборудованию промышленных предприятий и общественных зданий. Под редакцией профессоров МЭИ (ТУ) С.И. Гамазина, Б.И. Кудрина, С.А. Цырука. Москва издательский дом МЭИ 2010г.
Справочник энергетика. Под редакцией А.Н. Чохонелидзе. Москва 2006г.
Электротехника и электрооборудование. Справочник. И.И. Алиев. Москва «Высшая школа» 2010г.
Электротехнический справочник в четырёх томах. Том №1. Под общей редакцией профессоров Московского энергетического института (технического университета) В.Г. Герасимова, А.Ф. Дьякова, Н.Ф. Ильинского, В.А. Лабунцова, В.П.Морозкина, И.Н. Орлова (главный редактор), А.И. Попова, В.А. Строева. Москва издательский дом МЭИ 2017г.
Электротехнический справочник в четырёх томах. Том №2. Под общей редакцией профессоров Московского энергетического института (технического университета) В.Г. Герасимова, А.Ф. Дьякова, Н.Ф. Ильинского, В.А. Лабунцова, В.П. Морозкина, И.Н. Орлова (главный редактор), А.И. Попова, В.А. Строева. Москва издательский дом МЭИ 2001г.
Электротехнический справочник в четырёх томах. Том №3. Под общей редакцией профессоров Московского энергетического института (технического университета) В.Г. Герасимова, А.Ф. Дьякова, Н.Ф. Ильинского, В.А. Лабунцова, В.П. Морозкина, И.Н. Орлова (главный редактор), А.И. Попова, В.А. Строева. Москва издательский дом МЭИ 2012г.
Электротехнический справочник в четырёх томах. Том №4. Под общей редакцией профессоров Московского энергетического института (технического университета) В.Г. Герасимова, А.Ф. Дьякова, Н.Ф. Ильинского, В.А. Лабунцова, В.П. Морозкина, И.Н. Орлова (главный редактор), А.И. Попова, В.А. Строева. Москва издательский дом МЭИ 2002г.
Электрическая часть электростанций и подстанций. Под редакцией Б.Н. Неклепаев, И.П. Крючков. Москва Энергоатомиздат 2013г.
Потери электрической энергии. Реактивная мощность. Качество электрической энергии: руководство для практических расчетов/ Ю.С.Железко. –М.: Жас, 2009
Проектирование схем электроустановок: учеб. пособие для студ. ВУЗов/ Ю.Н. Балаков, М.Ш.Мисриханов, А.В.Шуктов. -М.: Издательство МЭИ, 2014г.
Достарыңызбен бөлісу: |