1. 1Қазіргі жағдайдағы «нпц асар» жшс кәсіпорындағыбілімді бағалауды ұйымдастыру



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі94,55 Kb.
#117317
  1   2
Байланысты:
2 5357520223387782873
2 5357520223387782873, 2 5357520223387782873, 2 5357520223387782873, 2 5357520223387782873, 2 5357520223387782873, EO 4 Unit 6 lesson 9-11, Writesonic chatsonic 1675662738265, Åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Îìûðò?àñûçäàð çîîëîãèÿñû, 6М080400 каз, Мен және менің мотивациям, Биология ЖМБ

МАЗМҰНЫ




Кіріспе

3

  1. Технологиялық бөлім

1.1Қазіргі жағдайдағы «НПЦ АСАР» ЖШС кәсіпорындағыбілімді бағалауды ұйымдастыру

5
5

  1. Электрмен жабдықтау

    1. Электрлік жүктемелерді есептеу

2.2 Реактивтік қуатты компенсациялау

10
10
13

  1. Еңбек қорғау

    1. Еңбек қауіпсіздігінің ұғымы

    2. Еңбекті қорғау ережелері

    3. Электр кауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары жұмысорнын ұйымдастыру

15
15
16
19

  1. Экология және қоршаған ортаны қорғау

21

Қорытынды

26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



27

Кіріспе



Қазіргі таңда еңбек - адамның тұлға ретінде қалыптасу барысында өзінің рухани және заттай қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмсалатын ақыл - ойы мен физикалық күші, саналы мақсаттық қызмет жасаушы деген көзқарас қалыптасты.
Нарыққа көшу барысында қатаң әкімшілік жүйенің ықпалынан, яғни иерархиялық басқармадан, экономика саласында жетекші орынға ие жекеменшік қарым-қатынасқа, соның ішінде шексіз нарықтық өзара қарым-қатынасқа көшеді.
Қызметкерлердің еңбегін пайдалану мекеменің мүддесіне сай болуы, тұлғалардың жеке басына қол сұқпау және жұмыс барысында еңбек туралы заңнаманың орындалуын қадағалау керек.
Мекеме жұмысшыларының еңбек әлеуетін тиімді пайдалану үшін әр жұмысшының еңбек әлеуетін анықтау, оны сандық және сапалық деңгейде көрсете білу, сондай-ақ әлеуетті арттыруға қажетті жағдай қалыптастыра білу қажет.
Жұмысшының еңбек әлеуетін бағалау, әртүрлі кезеңде еңбекке қабілеттілігін анықтау мекеме қызметкерлерін жұмыспен қамту мәселесіне саралы түрде келеді.
Қызметкерлер құрамын бағалау және аттестациялау жүйесі - адам еңбегін пайдаланудағы маңызды элемент. Бағалау жүйесінің тиімділігін арттыратын шарты: кешенді мінез-құлық, яғни жалпы кадрлық менеджмент жүйесінің нақтылы тапсырмаларын шешеді. Бүгінде компанияда екі түсінік қалыптасқан: қызметкерлер құрамын аттестациялау және бағалау.
Бағалау – аттестациялауға қарағанда ауқымы кең түсінік. Бағалау – белгілі уақыт шеңберінде қызметкердің жұмыс орнында тапсырылған өлшемдер бойынша және стандарттық міндеттемелерге сай атқарған жұмысының тиімділігін анықтайтын жүйе. Ол мекеменің жергілікті нормативті актілерімен реттеледі.
Қызметкерлер құрамын аттестациядан өткізу, жұмыскердің кәсіби біліктілігін арттыру санатын тапсыру мақсатында алып отырған шеніне байланысты кәсіби дайындығын анықтау. Сонымен жүйе қызмет нәтижесін анықтауға, жұмыскердің іскерлік және жеке қабілеттерін, шығармашылық өсуі мен белсенділігіне жағдай жасау. Кәсіби біліктілігін арттыру және қызметтік баспалдақ бойынша көтерілуіне мүмкіндік жасауға бағытталған.
«НПЦ АСАР» ЖШС мекемесі үшін қызметкерлер құрамын бағалау және аттестациялау жүйесі кадрлар тобымен жұмыс істеуде маңызды орынға ие, бірақ, аталмыш жүйені әлі жетілдіру қажет. Рейтингтік бағалау келесі кадрлық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Біліксіз мамандарды ұсынудағы әлеуетті бағалауға; оқытуға жұмсалатын қаржыны азайту; қызметкерлер арасында еңбек әлеуетін арттыруға және әділеттілікті басты орынға қоюға; қызметкерлер құрамын дамытуға мен кадрларды оқыту бағдарламасын қалыптастыруға көмектеседі. Осыдан қарастырылып отырған тақырыптың көкейтестілігін көруге болады.
Соңғы уақыттарда мерзімді баспа беттерінде бағалау және аттестациялаудың бейстандартты әдістеріне көп көңіл бөлінуде, мысалы «360º әдіс» бұл – қызметкердің алып отырған шеніне лайықтылығын оны қоршаған іскерлік ортаның пікірін сұрау.
Зерттеу нысаны қызметкерлер құрамын бағалау және аттестациялау жүйесі қызметкерлер тобын басқару құралы ретінде, зерттелетін тақырып «НПЦ АСАР» ЖШС-да жүргізілетін қызметкерлерді бағалау жүйесі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – «НПЦ АСАР» ЖШС қызметкерлер құрамын бағалау және аттестациялауды теоретикалық тұрғыдан зерделеу.
Мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі тапсырмалар қойылған.
1.Қызметкерлер құрамын бағалау және аттестациялау жүйесінің теоретикалық негіздерін түсіндіру, соның ішінде қызметкерлер құрамын іскерлік бағалауға анықтама беру, мақсаттарына, кезеңдеріне, ұстанымдарына, әдістеріне анықтама беру және заман талабына сай қызметкерлер құрамын аттестациялау жүйесін құру.
2.«НПЦ АСАР» ЖШС мекемесіне мінездеме беру және аталмыш мекемедегі қызметкерлер құрамын аттестациялау және бағалау жұмыстарына сараптама жасау.
3.Сараптама негізінде «НПЦ АСАР» ЖШС мекемесінде қызметкерлер құрамын аттестациялау және бағалауды жетілдіретін бағдарлама құрастыру.
Зерттеу әдістері: деректемелік құжаттарды сараптау; сұхбаттасу; бақылау; әңгімелесу.
Тәжірибелік мәнділік: тәжірибеде құрастырылған ұсыныстарды қолдану жүйе бағасын жетілдіру және қызметкердің аттестациясы мекеменің мәртебесін арттырады:
а) аттестациялық сессияда өткізілетін іс – шаралардың тиімділігі;
б) мекемеде кадрлық әлеуетті пайдаланудың тиімділігі;
в) қарқынды өзгеріп отырған ортада бағалау және аттестациялау жүйесін жетілдіру.
Зерттеудің нормативті әдістік негізін ҚР Еңбек кодексі, ҚР Азаматтық кодексі , бағалау жүргізу үшін қажетті нормативті база құрайды.
Жұмыстың тақырыбы, мақсаты және тапсырмасы оның құрылымын анықтайды. Жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Технологиялық бөлім

1.1Қазіргі жағдайдағы «НПЦ АСАР» ЖШС кәсіпорынындағы білімді бағалауды ұйымдастыру


Ұжымды аттестациялау бұл – анықталған уақыт аралығында бекітіліп, сәйкестендірілген формада жүзеге асырылатын, еңбек деңгейін бағалауға бейімделген, жеке тұлғаның потенциалын мен еңбек сапасын бағалайтын, қызметкерлерді жүйелі және ресми түрде кадрлық бағалау тәртібі.


Ұжымды аттестациялау білім деңгейі, практикалық дағдысын, қызметкердің іскерлік қасиеті мен еңбек деңгейіне бейімделуін, біліктілікті анықтауға бағытталған.
Ұжымды аттестациялау бұл - құрамды басқарудың ең негізгі бөлімі, кадрлар ұжымын бағалауда ең тиімді формасы.
Міндетті аттестациялауға жататын қызметкерлер жеке заңды жағдайда қарастырылған.
Өз еркімен өтетін аттестация басқаруда ұжымды оптимизациялау мақсатында әкімшіліктің шешімімен, яғни кәсіпорынның тұрақтылығы мен жұмысқа қабілеттілігін көтеруде өткізіледі.
Аттестация ұжымдытиісті қызметке сәйкестігін бағалаудың ең кең таралған формасы болып табылады.Жұмыскерлердің жеке қасиеттері мен іскерлік қабілеттерін тұрақты түрде бағалау тәртібі, олардың жұмыс көрсеткіштерінде бұл нәтижелерді қолдануды ұйғарып, қызметкерлерді орналастырып, іріктеуді жақсарту мақсатында, біліктілікті арттыруда қызметкерлерді әрдайым ынталандырып, жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру.
Ұйымның жұмысының тиімділігі жалпы барлық ұйымдастыру ресурстарының тиімді қолдануынан, сондай-ақ әр қызметкердің жеке потенциалынан құралады.
Аттестацияның негізгі мақсаты ретінде:

  • жұмыскердің зор еңбегі негізінен сыйақы үстеме мөлшері жайында шешім қабылдауда менеджерге көмек беру;

  • жұмыскерді пайдалануда ең тиімді жолдарды анықтау, мысалы: оны бұрыңғы қызмет орнында қалдыру, немесе оны ауыстыру, қызметінен төмендету, жұмыстан босату;

  • фирма ішілік базада жұмыскерді оқыту қажеттілігін анықтау, яғни сол сала жұмысында оның оқу процесінде тиімдірек жұмыстың мүмкіншілігінің болуы

  • жұмыскердің уәждемесі өзінің қызметтік міндеттерінің тиімді орындауда жұмыс нәтижесін мен зор еңбегін мойындап, оған берілген мүмкіншіліктері мен өз жұмысын басшымен бірге талқылау

Ұйымның жұмыскерлерінің аттестациясы үш этаппен жүргізіледі:

  • аттестация өткізуге даярлық;

  • аттестация өткізу;

  • аттестация қорытындысын шығару;

Әр кезеңдегі жұмыс мазмұны аттестация даярлықтары мен өткізуіне жауап беретін басшылар мен мамандардың жұмыскерлер тарапынан шешілетін, арнайы міндеттермен анықталатын, өз ерекшелігі бар.
Ұйымдастыру моменті.

  1. Бірінші кезекте өткізілетін дайындық шараларына жататын компания басшылығымен өткізілетін, аттестациялық комиссия мүшелері мен бөлімше басшыларына аттестация мақсатын қоюда өткізілетін кеңес. Аттестация мақсаты мен басымдылығының аса мән беретін жері аттестациялық сұхбаттасудың өткізу шарты мен тәртібі- бұл аттестацияға дайындық пен өткізуге қатысатындар мен ұйым жұмыскерлеріне қатысты жалпы түсінік қалыптасу керек деген сұрақ.

  2. Қызметкерлерді бағалауда жүргізілетін критерилерді анықтау.

Аттестация алдында жүргізілетін, критерилерді таңдау жұмысы кадрлерді бағалау мақсаты мен талаптарына байланысты. Критериилер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның ішінде ең негізгісі:

  • жұмыс көлемі;

  • жұмыс сапасы;

  • басқа жұмыскерлермен қатынасы;

  • тәртібі, жүктелген қызметке қабілеті мен дағдысының болуы,

  • жігерлігі, өзіне үлкен жауапкершілікті алуға талпынысы, жүктелген қызметтік шектен шыға білу қабілеті мен дағдысының болуы

  1. Бір аттестация барысында қызметкердің барлық жұмысын бағалаудың еш мәні жоқ- бұл тәртіптің бұзылуы мен нәтижелерін қайта өңдеуге әкеліп соғады.

Сондықтан аттестация- бұл тұрақты іс-шара, ол үшін әр аттестация жүргізілгенденақты мақсаттар анықталуы керек. Қызметерді аттестациялауда жеке мақсат болып:



  • тиісті мекемеде, ұйымда, компанияда т.б. жоғары білікті кадрлар ұжымын қалыптастыру;

  • жүктелген қызметтегі басшылық пен мамандардың шынайы деңгейінің сәйкестігін орнату;

  • басшылар мен мамандардың әлеуетті мүмкіндіктерін қолданудың болашағын анықтау;

  • кәсіби дайындықта немесе басшылар мен мамандарда қайта даярлауда біліктілікті арттырудың қажеттілігін анықтау;

  • қызметтік жоғарылау мен кәсіби мүмкіншілікті қамтамасыз ету. Кадрлар қозғалысы;

  • әр қызметкерді өз мамандығына, біліктілік деңгейіне сай тиімді пайдалану;

  • қызметкерлердің т.б. кәсіби өсуін ынталандыру;

Кім кімді бағалайтынын анықтау. Әдет бойынша бағалауды тікелей басшы жүргізеді, өйткені ол қызметкерді жақсы таниды, не істеп жатқанынан хабардар. Қажетті біліктілікке ие. Аттестация өткізу үшін, төрайымнан, төрайым меңгерушісінен, хатшыдан, комиссия мүшелерінен тұратын аттестациялық комиссия құралады. (практикада көрсетілгендей 5-тен 11 адамға дейін)
Аттестация алдына қойылған міндеттерден шыға келе бағалауды жүргізу әдісі таңдалады.Бағалауды таңдау әдісі аттестация мақсатына жауап беретіндей болу керек- бұл өте күрделі тапсырма.
Көпшілік ұйымдарда қабілетті қызметкерлер жоқ. Мұндай жағдайда сыртқы кеңесшілер үлкен көмек көрсетулері мүмкін. Мақсаты анықталғаннан кейін, әдісі таңдалып, кім не үшін бағаланатыны анықталып болғаннан кейін, табиғи қорқыныш пен жағымсыз қатынастардан аулақ болу үшін, барлық қызметкерлерді аттестация мақсаты мен уақыты, әдісімен таныстыру қажет. Ішкі іс-шараларды өткізіп, аттестацияның жағымды моменттеріне зер салу. Аттестация жоспарын және аттестация қорытындысының әрекетінін жоспарын құру. Міндетті түрде қызметкерлермен кері байланыс құруды қарастыру. Әр қызметкер өз бағасының қорытындысын білуге құқылы. Ал келіспеген жағдайда басшымен даулы моментті талқылайды. Құжаттық тіркелім.Аттестацияның тиімділігі оларды жүргізудің маңыздылығынан, және жиналған ақпараттың талдануы мен сақталу тәртібінің нақты реттемеленуі, анағұрлым дәрежеде құжаттың сапасына байланысты. Бұл жұмысты бірнеше бағытқа бөлуге болады:
Өңдеу Аттестация өткізу ережесінде (немесе қазіргі заман талабына сай бар ережені өңдеу) Дайындық тәртібін реттейтін негізгі құжаттық, аттестацияның өткізілуі мен аттестация қорытындысының әрекеттері. Онымен компанияның аттестация өтетін әр қызметкері таныс болуы керек.
Ұсынысты кәсіпорын басшысына аттестация комиссиясы ұжымына жеке қызметкерлерді басқару қызметі ұсынады.(кадрлар бөлімі). Комиссия әр түрлі жоспарлы яғни, онда міндетті түрде дирекцияда жұмыс істейтін адамдар болуы тиіс.Кей жағдайларда оған өз қызметкерлерін мәліметтер базасы ретінде пайдаланып, процесс барысында өз топтарын қалыптастыратынбөлімше басшылары кіреді.Бағалаушылар қатарына ертеде анық әділетсіздік танытқан адамдар кіруі тиіс емес. Бағалау субъектісін таңдауда бағалаушылар мен бағаланушылар және ресми мен ресми емес қатынастарды, жұмыскерлердің әлеуметтік-психологиялық көзқарастарын есепке алу қажет.
Сараптама ұжымын қалыптастыруда үміткердің тек қана «лайықты» ұғымынмен ғана емес сондай-ақ арнайы әдістерді қолдану керек.
Соның бірі болып, ұсынылған сараптамашылардың алдын-ала тізімін құрудан соң, осы мақсатқа сәйкес келетін жұмыскерлердің санын атауды ұсынады. Екіжақты ескертулердің жиілігіне қарай жұмыскерлерді беделіне, әр қайсысының сараптамашылар құрамына енгізілу қажеттілігін шешіледі.Сарапшылар санына қатысты сұрақ әрқалай шешіледі.
Көптеген мамандар сараптамашылар тобының саны 12-15 адаммен шектеледі, ал кішігірім кәсіпорындарда немесе бөлімшелерде 7-9 адам.
Сондай-ақ мүмкіндігінше сараптамашылар санына жынысты, жас шамасы, жұмыс өтілі әртүрлі адамдарды алуға талаптанады.Бұл бағалауды терең жүргізуге мүмкіндік береді.
Аттестациялық комиссияның өкілеттілігі барлық мерзімге таратылғаны, бұйрықтың анықталғаны, жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Аттестациялық комиссия құрамына кіреді:

  • комиссия төрайымы- ұйым басшысы (басшының меңгерушісі);

  • комиссия төрайымының меңгерушісі- кадр бойынша ұйым басшысының меңгерушісі немесе қызметкерлерді басқару қызметінің басшысы (кадр бөлімі);

  • комиссия хатшысы- қызметкерлерді басқару қызметінің жетекші жұмыскері (кадр бөлімі);

  • комиссия мүшелері – басшылар мен басты (жетекші), бөлімше мамандары, кадр бөлімі өкілдері мен заң қызметі, психолог, социолог (егер бар болса), профсоюз ұйымдары өкілдері, сондай-ақ аттестацияланатын сала бойынша оқу орындары мен басқа да ұйымдардың мамандары болуы мүмкін. Келесі кезең аттестацияның өту кестесі мен мерзімін бекіту.

Аттестация кестесі мен мерзімі ұйым басшысымен бекітіліп, жұмыскерге бір ай бұрын хабарланады.
Аттестация барысында қолданылатын дайындық пен бекітудің стандартты формалары: аттестациялық парақ, аттестацияланушының жазбаша мінездемесінің құрылымы; аттестациялануышыың қабілеті мен жұмыс көрсеткішінің бағасын көрсететін бланк; жасалған жұмыстары жөнінде есеп; аттестацияланушының жұмыс жоспары; аттестациялық комиссияның қорытындысы, аттестациялық комиссияның аттестация қорытындысы бойынша жасалған есептің құрылымы.
Атестация өткізетін басшыларға арналған нұсқаулықты дайындау; аттестациялық комиссия жұмысының регламенттік нұсқаулығын дайындау.
Аттестацияланатын жұмыскердің тізімін құру; аттестациялық комиссия құрамын қалыптастырып, бекіту; аттестация өткізу кестесін дайындау; жұмыскерлерге аттестация мерзімін жариялау; аттестация комиссиясының құрамын анықтау; аттестациялық комиссия жұмысына қажетті,типтік формадағы бланктерді көбейтіп дайындау.
Аттестация өткізу нәтижесінен алынған ақпаратты талдап, сақтау және өңдеу тәртібін анықтау.
Аттестация өтуге қатысты жұмыскерлердің нақты формадағы аттестациялық парағы өңделген талаптарға және кәсіби топтарға сәйкес әр түрлі болып келуі мүмкін.
Аттестация өткізу - бірнеше ұйымдастырушылық сұрақтарды шешу ретінде қарастырылса, сондай–ақ аттестациялық комиссияға келіп түсетін ақпараттар жұмысын қарастырады.
Жалпы алғанда үш ірі бағытты белгілеп алуға болады:

  1. Кейін аттестациялық комиссияда талқыланатын ақпаратты дайындап алу қажет.Аттестациялық комиссияда талқыланатын (аттестация өткізер мерзімге дейінгі екі апта уақытта) негізгі құжат пікір (мінездеме) болып табылады.Пікірді аттестация өткізілуіне жауапты тиісті құрылым бөлімшесінің басшысымен аталған ұйым басшысының меңгерушісі келісе отырып, аттестация өтетін әр жұмыскерге жеке жазады.Пікір аттестация өтетін жұмыскердің жан-жақты және кәсіби деңгейінде, іскерлік жеке жеке қабілеттерінің объективті бағасын, өткен аттестациялық кезеңде аталған қызметтегі жұмысының нақты нәтижесін көрсетіндей болуы керек.Аттестация өтетін жұмыскер аттестация басталуына дейін екі аптадай уақытта өзіне жазылған пікірмен танысуы керек. Көрсетілген пікірмен келіспеген жағдайда аттестация өтуші өткен кезеңдегі өзінің еңбегіне қатысты қосымша мәліметтерді аттестациялық комиссияға жариялауға құқылы.Аттестациялық комиссияға пікірден (мінездеме) басқа өткен аттестациядағы (егер ондай өткізілген болса) аттестация парақтары ұсынылады.

2.Аттестациялық комиссияға ұсынылатын, аттестация өтетіндерге арналған ақпараттарды жинау мен оларды тексеру.
3.Бекітілген кесте бойынша аттестациялық комиссия отырысын өткізу және аттестация өтуші әр жұмыскерге қорытынды дайындау.
Аттестацияның өзіндік процесі мынадай; аттестация өтетін жұмыскерлер, олардың тікелей басшылары немесе сарапшылар қажетті стандартты форманы толтырады.
Кейін аттестациялық комиссия ұсынылған материалдарды қарастырып, аттестация өтушінің жұмысы жөніндігі хабарламаны тыңдайды.
Комиссия отырысында аттестация өтушінің тікелей басшысы болады, өйткені көп жағдайда аттестациялық комиссияның регламентінті ретінде аттестация өтетін жұмыскер жайындағы мәліметті тікелей басшысы ұсынады.Кейін қызметкер жайында күніне 7-8 дей презентация өтеді. Ереже бойынша бірінші болып шыдамсыздар кейін адал ниетті сөйлеуді ұнататындар кетеді. Сұхбат 40-60 минутты алады. Сұхбат дегеніміз не? Біріншіден қызметкер өзі туралы презентацияны ұсынып, жасалған жұмыстары жайында айтады, кейін бір-біріне сұрақтар қойылып, соңғы сөз қызметкерге беріледі.
Сұхбаттасу барысында жұмыс құжаты құрылып, бағалау парақтары толтырылады.Тыңдалымнан соң комиссия мүшелерінің 3-4 қызметкері естігендерін ұғыну мақсатында кеңеске кетеді. Бұдан кейінгі процес тез әрі оңай өтеді. Аттестациядан кейін 2-3 аптадан соң шешім қабылдау мақсатында қорытынды отырысқа жиналады.
Комиссия отырысында аттестация өтушінің жұмысының табысы мен кемшілігі жан-жақты талқыланып, пікірталас тудыру маңызды. Пікірталас субъективизм тудырмайтындай ,тілектестік және обьективті жағдайда өтуі тиіс. Аттестацияда жұмыскерге объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін, келесі принциптерді ұстауды ұсынамыз: барлық аттестациялаушыларға біркелкі жағдай жасау, объективтілік пен әрекеттілікті ұстану, яғни аттестация жұмыскердің өткен аттестациямен салыстырғанда еңбектегі сандық көрсеткіштері мен мінездеме сапасын жақсартуда себебін тигізуі керек.

«НПЦ АСАР» ЖШС келесі жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілігі бар:



  • жылу электрлік шаруашылық бойынша жобалық жұмыстарды жетілдіру;

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қызметкерлерге аттестация жүргізу;

  • энергетикалық жабдықтарды, электрлік желі мен жүйелерді тексеруге арналған электрлік лаборатория;

  • туризм бойынша қызмет көрсету

Материалдық құндылықтарды сақтау мен қаптау қоймаларда жүзеге асырылады.«НПЦ АСАР» ЖШС арнайы дүкендері бар, оларда тауарды бөлшектеп және көтермелеп жібереді.
Маркетингтік зерттедің көмегімен кәсіпорынның коммерциялық қызметі жайында сатып алушылар біледі.
Баға мен сапа – факторды анықтаушы, бірақ баға басымды болып келеді. «НПЦ АСАР» ЖШСбәсекелес бағаға өз өнімін шығара алатын жағдайы бар.
Тауар бағасы мен қызмет бағасын анықтау өзіндік орташа салалық құнды калькуляциялау жолымен өндіреді.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік өнімге кеткен қажетті шығынды анықтауға және нарықтық экономика жағдайында бұл шығындар мен бағаны анықтаудың есеп базасы ретінде болады.
Сыртқы ортада сәтті әрекет ету үшін, кәсіпорынның ішкі және күшті жақтарын анықтап, оның мықты жағына тіреу болу керек. Бұл баға SWOT –талдау көмегімен өткізіледі(3 кесте). Алынған бағалар кәсіпорынға стратегиялық жоспарлар құрып, қойылған мақсатқа жету бағыттарын анықтайды.

1 Кесте - SWOT- талдау «НПЦ АСАР» ЖШС



Күшті жақтары (S)
1)Тұрақты қаржы көрсеткіштері.
2)Қосалқы мердігерлермен, төменгі тұтынушылармен шарт міндеттерін жоғары дәрежеде сақтау.
3)Нарықтың жаңа сегментін меңгеру:жаңа тауарлардың өндірісі.

Әлсіз жақтары (W)
1)Бағалау жүйесі мен қызметкерлерді аттестациялау.
2)Қатардағы қызметкерлердің кәсіпорынның дамуына деген қызығушылығының төмендігі.
3 3)Ертеден келе жатқан құрылым тиімді бағыттардың шығуын қиындатады.

Мүмкіндіктері (O)
1)Өндірісті үлкейту
3)Ақпараттық портал құру
4)Материалдардың сапасын арттыру бағдарламасы.
5)Облыс бойынша, көршілес аймақтарға шығу.

Қауіптері (T)
1)Нарықта өнімнің бәсекелестерінің күшейуі.
2)Өндіріс материалдарының пайдасының төмендеуі.
3)Евро валютасының курстық бағасының өсуінен құрылыс материалдары қымбаттауы.

«НПЦ АСАР» ЖШС маңызды күшті жағы оның тұрақты қаржылық көрсеткіші, шарт міндеттемелерін жоғары дәрежеде сақтауы.
Осы орайда «НПЦ АСАР» ЖШС - тауар нарығында нақты позициясы мен мақсаты бар үлкен потенциалды мүмкіндіктері бар кәсіпорын. Тауар өнімінің түрлері әрдайым кеңейіп, келешекте тауар сапасын сақтай отырып, сыртқы нарыққа шығуға мүмкіншіліктері бар.

2 Электрмен жабдықтау


2.1 Электрлік жүктемелерді есептеу


Электр жабдықтау жүйесімен құрылғылардың кешенін атайды, өндіріске арналған , тапсырулар және электрлік энергия таратулары.


Өнеркәсіпті тұтынушылар өнеркәсіпті кәсіпорындардың электр жабдықтау жүйелері электрлік энергиямен қамсыздандырады . Электрлік энергия негізгі тұтынушыларымен өнеркәсіптілерді кәсіпорындарда электр жетектерін келеді , электрлік жарықтандыру , электр қыздырғышты құрылғының , электрлік ошақ соның ішінде.
Өнеркәсіпті электр жетектерінің жұмыс және басқа тұтынушылардың , қалай жобалау жанында , дәл осылай және қанау уақытына қатал сәйкестікте тиісті орнында болу , қалай бөлек қабылдағыштармен , дәл осылай және электр жетектерінің кешенімен , күрделі механизмдарды жұмыс қамтамасыз етуші.
Электрлік энергия қабылдағыштарының жұмысы оның сапасынан тәуелді болады.
Электр энергиясы сапасы, мысалы, күштену ауулары, электр жетектерінің қозғалыс жылдамдықтары өзгеріс енгізеді , не өз кезегінде азаю деп атайды немесе өнеркәсіпті механизмдардың өнімділік артуы. Неке мүмкін, шығарылатын өнім күштенулері үлкен ауулар жанында, сонымен қатар өнім сапа төмендеуі және толық тоқтау тіпті оның өндірістің.
Өндіріс барысыға электр жабдықтау жүйе ықпалын жасауы өте ұлы . Жеткілікті айту , не өндіріс барысы көптегенде өнеркәсіпті электр жабдықтау жүйелері көрсеткіштермен анықталады және электр жетектерінің, өнеркәсіпті кәсіпорынның барлығы жұмыс нормалы тәртібін қамсыздандырады. Байланысты баяндалғанның электр жетегі облысында мамандар өндіріс механизмдардың электр жетектерінің жұмысына өнеркәсіпті электр жабдықтау жүйелері ықпалын жасау туралы хабарланған болуға жеткілікті толық тиісті . Өз кезегінде өнеркәсіпті электр жабдықтау облысында мамандар өнеркәсіпті электр жетектерінің жұмысына электр жабдықтау жүйелерінің мүмкін ықпалын жасауында хабарланған болуға жеткілікті толық сонымен қатар тиісті , мысалы , оқиғада, қашан қозғалтқыш орын алу самозапуск және қашан ол тиым салынған болуға кесімді тиістіге алу.
Өнеркәсіпті өндіріс нормалы жұмыстары біреудің пайдасына өнеркәсіпті кәсіпорындардың келешек инженерлеріне арналған электр жабдықтау сұрақтарының кешен қажетті жеткілікті толық білімі.
Электрлік жүктемелерді есептеу негізгі трансформаторлық қосалқы станцияны; трансформаторлық қосалқы станцияны; өзіндік қажеттілік трансформаторын; токөткізуші бөліктер қимасын; бақылау-өлшегіш және коммутациялық аппараттарды таңдау арқылы жүзеге асырылады. Жобаның бұл сатысы маңызды болып саналады, себебі трансформатордың толық жүктелмеуі жүйенің энергетикалық көрсеткіштерін төмендетеді, ал асқын жүктеме қосалқы станцияның уақыттан бұрын элементтің қатарынан шығуына алып келеді.
Реактивті қуатты электр қабылдағыштар сияқты торап элементтері де реактивті қуатты тұтынады. Мысалы, энергожүйенің трансформаторлары тұтынатын қосынды реактивті қуат оның торабына қосылған барлық асинхронды қозғалтқыштардың тұтынатын реактивті қуатынан көп болады. Реактивті қуатты тұтыну активті қуатты тұтынумен байланысты емес, айнымалы ток торабының параметрлерімен және оның жұмыс режимдерімен анықталады. Берілген кернеуден ток қалса, реактивті қуатты электрлік тораптың кез-келген элементі тұтынады. Өндіретін электр берілісі желісінің реактивті қуатымен қосындысында генераторлардың реактивті қуаты жеткілікті емес.
Тұтынушыларға реактивті қуатты беру тиімсіз болғандықтан қарымталаушы құрылғыларды тікелей таратушы тораптарда орнатады. Олар қуаттарын тораптағы өзгеретін жүктемеге сәйкес реттеуді қамтамасыз етеді.
Тораптың қажетті өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етумен қалыпты режимді ұстау шартын сақтау кезінде кез-келген электрлік торабы үшін толық қуаттың балансы болуы керек. Бұл кезде реактивті қуаттың балансын толық жүйе үшін, сол сияқты қоректендіруші тораптың жеке түйіндері үшін де қамтамасыз ету керек, бұл жеке түйіндерінде кернеуді реттеуге мүмкіншілік болу үшін реактивті қуаттың резерві болу керек.
Реактивті қуаттың балансын тораптың бөлек-бөлек әр жұмыс режимі үшін қарастыру керек. Бұл режимдерге келесілер кіреді:
а) реактивті қуаттың ең көп тұтынылуы кезіндегі және қарымталаушы құрылғының ең көп қажетті қуаты кезіндегі ең көп реактивті жүктеме;
б) генераторлардың активті қуатпен ең көп жүктелуімен және олардың ең аз реактивті қуатымен байланысты ең көп активті жүктеме;
в) генератор бөлігінің сөнуімен және онымен реактивті қуаттың елеулі мөлшерін өндіруге болмайтындығымен байланысты ең аз активті жүктеме;
г) торап бойымен реактивті қуатты беруге ең көп шектеулермен байланысты апаттан кейінгі және жөндеу режимдері.

Белсенді актив қуатыPp, кВт, формула бойынша анықталады:


Pp=Kc·∑Pном, (2.1.1)


мұндағы Kc – сұраныс коэффициенті;


∑ Pном – электрқабылдағыштың қосынды номинал қуаты, кВт.

∑Pном=Pном·n, (2.1.2)


мұндағыPном – бір электрқабылдағыштың номинал қуаты, кВт;


n – шина санын есепке алғандағы электрқабылдағыш саны, дана.

Реактив есептеу қуатыQp, кВАр, формула бойынша анықталады:


Qp=Pp·tgφ , (2.1.3)


Толық есептеу қуатыSp, кВА, формула бойынша есептеледі:




, (2.1.4)
мұндағыPр – белсенді есептеу қуаты, кВт;
Qр –реактив есептеу қуаты, кВАр.
Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, 2 кестеге келтірілген есептеулер жасадым

2 кесте- Электрлік жүктемелерді есептеу



Тұтынушы атауы

саны

Рбел, кВт

Кс

cosφ

tgφ

Есептеу жүктемесі

Рном

∑Рном

Рр,кВт

Qр, кВАр

Sр, кВА

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Вакуумдық реактор

1

71,2

71,2

0,9

0,8

0,75

64,08

48,06

80,1

Bакуумдық миксер

1

67,4

67,4

0,9

0,85

0,62

60,66

37,61

71,37

Ұнелегіш

1

72,6

72,6

0,7

0,75

0,86

50,82

43,71

67,03

Макарон өнімдерінбасатын машина

1

77

77

0,9

0,97

0,25

69,3

17,33

71,43

Кептіружабдықтары

1

71,2

71,2

0,9

0,8

0,75

64,08

48,06

80,1

Салқындатужабдықтары

1

74

74

0,75

0,8

0,75

55,5

41,63

69,37

«НПЦАСАР»
ЖШС

1

44

44

0,9

0,8

0,75

39,6

29,7

49,5

Сақтаубункері

1

71,2

71,2

0,9

0,8

0,75

64,08

48,06

80,1

Пневматикалық конвейер

1

83

83

0,75

0,8

0,75

62,25

46,68

77,80

Матрицалардықалыптастыру

1

57

57

0,9

0,85

0,62

51,3

31,81

60,36

Жарықтандыру

21

250

5,25

0,25

0,76

0,86

2,63

2,26

3,46

Барлығы

-

-

693,85

-

-

-

584,3

394,91

710,62

Есептеу қуат коэффициенті анықталады:


, (2.1.5)


.

Есептеу қуат коэффициенті энергожүйемен берілген қуат коэффициентінен кіші болғандықтан (cosφс=0,95), реактив қуатты компенсациялау қажет.


2.2 Реактив қуатты компенсациялау


Реактив қуат қуаттың басқа түрлеріне түрлене алмайды, сондықтан шартты түрдегі қуат деп аталады. Реактив қуаттан магниттік және электрлік өрістер пайда болады. Синусоидалық токтың тізбегіндегі режимдерді талдау үшін реактив қуат тәжірибеде кеңінен қолданылатын ыңғайлы сипаттама болып табылады.активтік қуатың шығындары қуат коэффициентінің шартысына кері пропорционал екі екені көрінеді. Тораптағы электр энергия шығындарын азайту үшін және таратушының кернеуі көтеру үшін берілетін реактивті қуаттың шамасын азайтуға ұмытылу керек. Бұған тұтынушылардың қуат коэффициентінің келесі жолдарымен көтеруге болады;


а) тұтынушыларда орнатылған электр жабдықта ұтымды пайдаланып;
б) тұтынушыларда реактивті қуатты өтемдеу;
Трансформатордағы реактивті қуттың шығындарын аз жүктелген трансформаторды қуаты аз трансформатормен ауыстырып, ал екі трансформаторлы қосалқы станцияларда екі трансформатордың біреуін авторматты резервке көшіріп ағытып қойып, төмендетеді.
Реактивті қуаттан торапты жеңілдету үшін бұл қуаттың бір бөлігін оны тұтынатын орында өндірген дұрыс. Тұтыну орынында қондырылған реакті қуаттың көздері болып табылады;
а) синхронды өтемдеушілер ;
б) статикалық конденсаторлар ;
в) басқарылатын статикалық реактролар
Тұтынушылардың реактивті жүктемелерін азайту келесідей жүзеге асады: компенсациялаушы құрылғыларды, реактивті қуатты азайтатын құрылғыларды орнатуды талап ететін шараларды жасау; реактивті энергияны толық немесе бөлігін ғана компенсациялау үшін компенсациялаушы құрылғыларды орнату.
Реактивті қуатты электр қабылдағыштар сияқты торап элементтері де реактивті қуатты тұтынады. Мысалы, энергожүйенің трансформаторлары тұтынатын қосынды реактивті қуат оның торабына қосылған барлық асинхронды қозғалтқыштардың тұтынатын реактивті қуатынан көп болады. Реактивті қуатты тұтыну активті қуатты тұтынумен байланысты емес, айнымалы ток торабының параметрлерімен және оның жұмыс режимдерімен анықталады. Берілген кернеуден ток қалса, реактивті қуатты электрлік тораптың кез-келген элементі тұтынады. Өндіретін электр берілісі желісінің реактивті қуатымен қосындысында генераторлардың реактивті қуаты жеткілікті емес.
Тұтынушыларға реактивті қуатты беру тиімсіз болғандықтан компенсациялаушы құрылғыларды тікелей таратушы тораптарда орнатады.Олар қуаттарын тораптағы өзгеретін жүктемеге сәйкес реттеуді қамтамасыз етеді.

Компенсациялауға қажет реактив қуат формула бойынша есептеледі :




, (2.2.1)

мұндағы ∑Рр – қосалқы станция бойынша белсенді есептеу қосынды қуаты, кВт;


tgφp – есептеу қуат коэффициентінің тангенсі;
tgφс – энергожүйемен берілетін қуат коэффициентінің тангенсі.



Қондырғыға УК – 10 – 135 УЗ түріндегі екі компенсациялаушы құрылғы таңдалады,


Компенсацияны ескергендегі толық есептеу қуаты , кВА, формула бойынша анықталады :


, (2.2.2)



Компенсацияны ескергендегі есептеу қуат коэффициенті , формула бойынша есептеледі :




, (2.2.3)



3. Еңбек қорғау

3.1 Еңбек қауіпсіздігінің ұғымы


«НПЦ АСАР» ЖШС өз қызметкерлерін оқытып-үйретеді және олардың жұмыстарды орындауда қауіпсіздікті сақтау қажеттілігін қолдайды. Құрал-жабдықтардың жоғары сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ең жаңа технологиялар мен әдістер қолданылады.


Еңбек қауіпсіздігі ұғымымен қызметкердің, еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерлерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қорғалу жағдайы түсініледі.Қауіпсіз еңбек жағдайларына жұмыс беруші жасаған, қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын немесе олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын еңбек жағдайлары жатады.Бұл ретте өндірістік құрал-жабдықтардың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың ол тапсырылған функцияларды нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасымен белгіленген жағдайларда орындаған кезде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.Өндірістік үрдістің қауіпсіздігі- өндірістік үрдістің нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген шарттарда еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі.
Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы негізгі қағидалар:

  • өндірістік қызметтің нәтижесіне қатысты қызметкерлер өмірі мен денсаулығының басымдылы;

  • қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік фактордың зиянды әсерінің орны толмас зардабын болдырмау ;

  • ішікі актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында бірегей талаптар қою;

  • қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелерін өндірістік реттеу

  • уәкілетті орган мен оның территориалды бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы үйлесімді іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;

  • қауіпсіздік пен еңбеті қорғау жағдай туралы ақпараттың жариялғы, толықтығы және дұрыстығы;

  • қызметкерлер өкілдерінің қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ведомстволық бағдарламалар қалыптастыруға, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нормалары бар ішкі актілерді әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қауіпсіздік пен еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуге қатысуы.

  • Адамның еңбек ету процесінде әсер ететін фактолардың жиынтығынан адамның еңбек ету жағдайы қалыптасады. Еңбек ету жағдайы жағымды және жағымсыз болып бөлінеді. Жағымды және жағымсыз әсерлер ресми құжаттар арқылы анықталынады (стандарттар. нормалар, ережелер).

3.2 Еңбекті қорғау ережелері


Еңбекті қорғау ережелері келесі түрге бөлінеді:



  1. арнаулы киiм - қызметкердi зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғап;

  2. ауыр қол еңбегi - ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызмет түрлерi не 360 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да жұмыстар;

  3. еңбек гигиенасы - қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк ортаның және еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнiң алдын алу жөнiндегi санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешенi;

  4. еңбек қауiпсiздiгi - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкердiң қорғалу жай-күйi;

  5. еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  6. еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) - еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi;

  7. еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мониторингi - өндiрiстегi еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың жай-күйiн қадағалау жүйесi, сондай-ақ республикадағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың жай-күйiн бағалау және болжау;

  8. еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайлары - еңбек процесiнде қызметкердiң жұмысқа қабiлеттiлiгi мен денсаулығына әсер ететiн өндiрiстiк орта мен еңбек процесi факторларының жиынтығы;

  9. еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де iс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе;

  10. қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор - ұйымның кәсiподақ органы, ал ол болмаған кезде қызметкерлердiң жалпы жиналысы тағайындайтын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкiлi;

  11. еңбектiң қауiпсiз жағдайлары - қызметкерге зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi жоқ не олардың әсерiнiң деңгейi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген қауiпсiздiк нормаларынан аспайтын, жұмыс берушi жасаған еңбек жағдайлары;

  12. жеке қорғану құралдары - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар;

  13. орны - қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде өзiнiң еңбек мiндеттерiн орындау кезiндегi тұрақты немесе уақытша болатын орны;

  14. зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайы - белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

  15. өндiрiстiк фактор - оның әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;

  16. ауру - қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауымен байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;

  17. қауiпсiздiк нормалары - қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық биологиялық және өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтамасыз ету тұрғысынан өндiрiс жағдайларын, өндiрiс және еңбек процесiн сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткiштер;

  18. қауiптi (ерекше қауiптi) еңбек жағдайлары - еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерiн тигiзуi қызметкер денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе жарақаттануына не өлiмiне әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

  19. қауiптi өндiрiстiк фактор - әсерiн тигiзуi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе мүлдем айрылуына (еңбек жарақатына немесе кәсiби ауруына) немесе өлiмiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;

  20. қызметкерлер өкiлдерi - қызметкерлерi уәкiлеттiк берген кәсiптiк одақтардың және олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмағанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған өзге де өкiлдер немесе ұйымдар;

  21. өндiрiстегi жазатайым оқиға - өзiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын орындау кезiнде қызметкердiң жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсiби ауруға шалдығуына не өлiмiне әкеп соқтырған өндiрiстiк фактордың әсерi;

  22. өндiрiстiк жабдық - машиналар, тетiктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;

  23. өндiрiстiк жабдықтың қауiпсiздiгi - өндiрiстiк жабдықтың өз функцияларын орындауы кезiнде нормативтiк-техникалық және жобалау құжаттамасында белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;

  24. өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндiрiстiк объектiлердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауiпсiздiгiнiң, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйiн, еңбек гигиенасын айқындау және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбектiң қауiпсiз жағдайларына нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында оларды бағалау жөнiндегi қызмет;

  25. процестiң қауiпсiздiгi - өндiрiстiк процестiң нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;

  26. өндiрiстiк санитария - зиянды өндiрiстiк факторлардың қызметкерлерге әсерiн болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру ic-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi;

  27. өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты берiлген өкiлеттiк шегiнде iске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы орган;

  28. ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс iстейтiн екi және одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бiр мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар.

Аталған  ережелерге толығырақ тоқталып кетсек.
Кәсіпорындарда қызметкерлердің еңбек қорғау жөніндегі стандарттарды, ережелерді, нормалар мен нұсқауларды сақтауы жөніндегі жұмыс берушінің міндеттемелері ұжымдық шартта көзделеді. Кәсіпорын қызметкеріне меншік иесі есебінен еңбек жағдайларына байланысты мемлекеттік басқару органдары белгіленген нормалардан кем түспейтін және ұжымдық шарт негізінде арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дезинфекциялау материалдары, сүт, емдеу, алдын-алу тамағы беріледі.Еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа нормативтік актілердің сақталуын қоғамдық бақылауды еңбекті қорғау жөніндсі уәкілдік берілген адамдар арқылы еңбек ұжымдары мен кәсіподақ ұйымдары жүзеге асырады. Кәсіподақтардық өкілдері өндірістегі жазатайым жағдайларды тексеруге қатысады, еңбекті қорғау жайын, оны жақсарту жөніндегі кәсіпорындардағы ұжымдық шарттарда көзделген шаралардың орығалуын тексереді және олардың нәтижелері бойынша анықталған тәртіп бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізеді.
Электр қондырғылардың бірнеше түрі мен жұмыс істеген кезде ереже бұзып, немесе ток жүретін қондырғының ашық жеріне тиіп, кеткен жағдайда адаммын өміріне қауіп төнуі мүмкін жағдайларды айтып кетті.
Адам ағзасына ток тиген кезде, есінен танып қалуы, демалу органдары жүмыс істемеуі жэне жүйке жүйелерінің бүлінуі мүмкін.

Бұдан басқа электр тогы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін және күюдің ауырлық жағдайы токтың шамасына байланысты болады.


1)электрлік соғулар — олар адамның ішкі ағзасын жарақаттайды, жүйке жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды.
2)электрлік жарақаттар — олар адамның сыртқы терілерін жарақаттайды.


3.3 Электр кауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары жұмысорнын ұйымдастыру

Электр қауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары 3-ке бөлінеді. Бұларды орындайтын жұмысшылар электр қондырғыларын іске қосқанда өте білімді жауапты маман болуы тиіс.


1) оперативтік персонал — кезекші электротехникалық персонал — бүкіл қарамасындағы электр қондырғыларын қосып жэне соған жауап береді.
2) жөндейтін персонал — бұлар электр қондырғыларын жөндеу, реттеу, монтаждау сияқты жүмыстарға жауап береді.
3)оперативтік жөндеу персоналы — бұлар әрі жөндеу, реттеу, монтаждау мен қоса бүкіл, Электр қондырғыларын іске қосып, әрі жауап береді.
Электр қондырғыларын жөндейтін, әрі іске қосатын жұмысшылар, денсаулықтары мықты, ешқандай науқас емес және білікті, білімді болуы керек, әрбір жұмысшы электрлік жұмысқа барар кезде электр қауіпсіздігі туралы емтихан тапсырып, білімін тексереді. Электр қауіпсіздігі жөнінде курстық сабақтар өтіп, жұмыс орнында квалификациялық комиссиялар жұмысшыларды тексереді.
Комиссия жұмысшылардың біліміне қарай оқу дәрежесін жоғарылатады, сөйтіп білімін және дәрежесін көрсететін куәлік беріледі.
Жұмыс орнын ұйымдастыру электротехникалық жабдықтарды қолданарда техникалық қауіпсіздікті сақтау екі түрге бөлінеді:
1)оперативтік электр қондырғыларды іске қосып тексеру, жеңіл жұмыстар істеу, қорғаныс жабдықтарын ереже бойынша қарап шығу, қауіпсіздігін қарау, еңбекті қорғау;
2) электр қондырғыларында өндірістік жұмыс істеу дегеніміз — жөндеу, монтаждау, құрылыс жұмыстарын және т.б. жұмыстарды орындау - электр қондырғыларында.
Пайдалынылатын электр қондырғыларын еңбек қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз ету.
Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электр тоғынан қорғану шаралары:
1)ток өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;
2)изоляцияланған жерді бақылау бақылау (ашық қалған жерлері болмау);
3)қорғаныстық жерге қосқыш;
4)қорғаныстық нөлдік сым;
5)автоматтық ажыратқыш;
Қорғаныстық жерге қосқыштың 2 түрі бар: кәдімгі және жасанды.
Кәдімгідей қорғаныстық жерге қосқышқа кез-келген металл құрылмалы ғимараттар жер астындағы металл труба еткізгіштер, кран жолдары жатады.
Ал, жасанды қорғаныстық жерге қосқышқа металл стержендер немесе трубалар 25-50мм, үзындығы 2-Зм, бұрыштық болат 50х50х5мм және металл ленталар 40х4мм өлшемдегі.
Автоматтық ажыратқыш — аппаратын ішіне орналасқан, ол электр кұбырлардың немесе электр қондырғылардың (1000 В-қ) ішіне орналастырады қауіпті жағдайда ол өздері токтан ажыратады.

4 Экология және қоршаған ортаны қорғау


Экология - ағзалар және олардың өмір сүру ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтарын, биосфераның әр түрлі бөліктеріндегі тірі және өлі компоненттерді өзара әрекеттесуші бір тұтас кешен түріндегі биогеоценоздар деп қарастырып, олардың өмір сүру және даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ағзалардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін биология ғылымына енген «экология» деген сөзді бірінші рет неміс биологы Эрнст Геккель 1866 жылы қолданған. Қазіргі кезде бұл түсінік барлық әлемге әйгілі және дағдылы, біздің өміріміздің бөлінбес бөлігі, әрі қазіргі ғылыми пәндерді экологиялық тұрғыдан толықтыруды талап етеді. Экология адамзат үшін тек ғылым ғана емес, сондай-ақ ойлау, тәрбие тәсілі. Экология салауаттылықты, адам мен табиғаттың біртүтастығын, жоғары мәдениеттілікті көрсететін гуманизмнің бір жағы. Бізді қоршаған табиғат бүкіл адам өмірінің негізі, оның шаруашылығында ресурс көзі, солай болса да бұрынғы ғылым дамудың табиғатқа әсер ету проблемаларын қарастырмады.


В.И. Вернадский XX ғасырдың басында адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсері туралы мәселені қарастырып және антропогендік үдерістердің биосфераға берген әсерін қуаты жағынан геологиялық және басқа жаратылыс үдерістерімен салыстыруға болатынын дәлелдеді. Ғылыми ой қорытындысы, өркениеттің қазіргі түрде дамуы табиғаттың бұзылуына әкелетінін түсінгенше бірнеше ондаған жылдар қажет болды, ал бұл биологиялық түр - адамзат тіршілігіне қайшы келеді.
Табиғи орта адамзатқа мекен және қызмет етуге жағдайлар жасайды. Адамзаттың шаруашылық қызметінің дамуы адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартады, бірақ табиғи, энергетикалық, материалдық ресурстар шығынының өсуін қажет етеді. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндіріс барысында түзілетін қалдықтар өндірістің өзімен қоса нообиогеоценозға да әсер етеді және ластану мен бұзылуга алып келеді, ол өсіп келе жатқан халықтың өмір сүру деңгейін күрт нашарлатады.
Экологиялық мәселелерді экологиялық саясат жүргізу арқылы шешуге болады. Ол көптеген бағыттар мен аспектілерден тұрады, соның бірі «экологиялық тәуекелдік тұжырымдамасын» колдану болып табылады, оның мәні - кез келген шаруашылық қызметтің барысында экологиялық жағдайға зиянын тигізу мүмкіндігін жол берілетін шекке жеткізу.
Бұл жерде қоршаған ортага келетін зиянның тәуекел деңгейі негіз болып отыр.
Қоршаган ортаға әсерін бағалауда гигиеналық нормаларды қолдану негізі болып табылатын экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының аналогы - экологиялық тәуекелдік тұжырымдамасы болуы қажет. Оған сәйкес, әкелетін экономикалық және әлеуметтік негізді білдіреді. Экологиялық тәуекел тұжырымдамасына сәйкес, қоршаған орта мен адамның тіршілігіне кері әсер ететін бірқатар факторлардың анықталуы қарастырылуда. Осының негізінде қызметтің бірнеше баламалы нұсқалары жасалып, ең тиімдісі таңдалуда.

Мысалы, АҚШ-та Табиғатты қорғау агенттігінің сарапшылар тобы құрастырған және қолданып келе жатқан «экологиялық тәуекелдер жүйесі» бойынша олар экологиялық мәселелерді қауіптілік деңгейіне байланысты топтарға бөлді.


Жоғары (орташа) жалпы тәуекелдер осы жүйе бойынша озон қабатының жұқаруы, азық-түліктің ластанып, гидросфераға түсуіне алып келетін ауаның дәстүрлі компоненттермен ластануына байланысты болып келеді.
Кіші (орташа) жалпы тәуекел зиянды қалдықтарды ластаумен, қалдықтарды жер астына көмудің нәтижесінде жерасты сулары және топырақтың ластануымен байланысты.
Жоғары медициналық (кіші экологиялық және экономикалық) тәуекел бөлменің бөлінген ауасы мен азық-түліктің, ауыз судың, тұтыну тауарларының ластануына байланысты болып келеді.
Кіші медиңиналық (жоғары экологиялык және экономикалық) тәуекел климаттың жылынуы және су акваториясының ластануымен шартталады.
Тәуекелді басқару экологиялық дамудың қауіпсіздік стратегиясымнен байланысты. Оны практикаға енгізу үшін білім және мәдениет жоғары деңгейде болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет