1-2 Блок. Теориялық сұрақ. Сұраққа қысқаша жауап беріңіз. ДҰрыс жауап үшін жоғАРҒы балл 30%


Құрғақ түйіршіктеу. Құрғақ түйіршіктеуді қолдану жағдайлары



бет60/71
Дата27.05.2024
өлшемі1,38 Mb.
#202947
түріРегламент
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71
Байланысты:
птл 1-11

111.Құрғақ түйіршіктеу. Құрғақ түйіршіктеуді қолдану жағдайлары.
Бұл әдіс судың қатысуында бұзылып, ыдырап кететін заттарды
түйіршіктеу үшін қолданылады. Бұл әдіс бойынша ұнтақ тәріздес
заттарды брикеттер немесе тілікшелер түрінде престеп, сонан соң
қажетті көлемді түйіршіктер алғанға дейін ұнтақтайды. Бөлшектер-
дің ілінісуі үлкен қысымының әсерінен жүреді. Ал көптеген заттар-
ды үлкен қысым көмегімен престеуге мүмкін болмайтындыктан,
қоспаның құрамына құрғақ байланыстырғыш заттар қосады. Құрғақ
түйіршіктеуге балқытып түйіршіктеу де жатады. Мұнда дәрілік
заттарды балқытып, қоспа қатқан соң, оны үгітеді. Бұл әдісті
қыздыру және балқыту кезінде бұзылмайтын заттар үшін ғана
қолдануға болады. Құрғақ түйіршіктеу үшін «ХУТГ» фирмасы
(ФРГ) бірқатар түйіршіктер қалыптаушы машиналар ұсынады. Бұл
машиналарда ұнтақтар қоспасы алдын-ала ылғалданбай, берік,
құрылыстары шамамен біркелкі түйіршіктер алынғанға дейін тығыздалады.
112)Таблетка өндірісіндегі көмекші заттардың жіктелуі.
Таблетка өндірісінде қолданылатын барлық қосымша заттарды
олардың қолданылу мақсаты бойынша мына топтарға бөлуге
болады:
-байланыстырғыштар
-антифрикциондык заттар
-ыдыратқыш заттар
-толықтырғыштар
-бояғыш заттар
-препараттың әсерін ұзартатын заттар.
113)Толтырғыштар және олардың таблетка өндірісіндегі рөлі.
Сұйылтқыштар немесе толықтырғыштар. Олар өте аз
мөлшерде (0,01-0,001 г) белгіленетін улы және күшті әсерлі дәрілер
таблеткаларын дайындағанда қолданылады. Соңғы уақытқа дейін ең
индифферентті толықтырғыш ретінде сүт қанты пайдаланылып
келді. Толықтырғыштар ретінде сахароза, лактоза, глюкоза, нарий
хлориді, кальций гидрофосфаты, кальций сульфаты және т.б. заттар
қолданылады. Престелушілігі және сусымалдығы жақсы толықтыр-
ғыштар тікелей престеу үшін қолданылады.
Соңғы кезде толықтырғыш ретінде кальций карбонатын
қолдануға болатындығы туралы мәліметтер пайда болды
(ГОСТ4530-48). Кальций карбонатын қосу арқылы антиструмин,
аэрон, димедрол, глицеррет қышқылы, кодеин фосфаты, кодеин
негізі, папаверин г/х, папазол, пахикарпин гидройодиді, рутин,
эфедрин гидрохлориді таблеткаларының технологиясы жасалып
шығарылды. Алдын - ала есептеулер бойынша, қантты кальций
карбонатымен алмастыру елімізге мыңдаған тонна қантты
үнемдеуге мүмкіншілік береді екен. Бірак, кальций карбонаты
дәрілік заттармен химиялық әрекеттесуі мүмкін, сондықтан бұл
толықтырғышты қолдану ғылыми дәрежеде негізделу қажет.
Мысалы, димедрол, эфедрин г/х, папаверин г/х таблеткаларындағы
дәрілік заттар суда немесе асқазан сөлінде ерігенде кальций
карбонатымен әрекеттесіп, осыған сәйкес негіз түзеді. Бірақ, бұл
негіз асқазан сөлінің қышқылымен оңай әрекеттеседі де, қайтадан сәйкес тұзға ауысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет