54 Инфузиялық ерітінділер. Жіктелуі
Көп қан жоғалту, естен тану, сулы-электролитті балансты және организмнің қышқылдық-негіздік күйін бұзу арқылы жүретін эртүрлі патологиялық жагдайларда организмге қан алмастыргыш сұйықтардың көп мөлшерін енгізу қажет болады. Олардың ең қарапайым өкілі натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі болып табылады, ол өте жагымды гемодинамикалық эсер көрсетеді.
Қазіргі кезде барлық қан алмастыргыш ерітінділерді алты топқа бөле жіктеу қабылданып отыр:
1)сулы-тұзды жэне қышқылды-негіздік тепе-теңдікті ретгеу- шілер; оларға натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, Рингер-Локк ерітіндісі және күрделі тұзды ерітінділер: квартасоль, лантасоль, дисоль, ацесоль, трисоль және т. б. жатады;
2) гемодинамикалық немесе естен тануға қарсы қолданылатын қан алмастырғыштар: полиглкжин, реополиглюкин, желатиноль, декстран;
3) дезинтоксикациялық қан алмастырғыштар: полидез;
4) парентеральды қоректендіруге (тамақтандыруга) арналған препаратгар: гидролизин, аминопептид, полиамин, протеин;
5) отгегі тасымалдау функциясын орындайтын қан алмастыр- ғьпитар;
6) комплексті эсерлі қан алмастырғыш
55 Жеңілгидролизденетін заттарды тұрақтандыру. Мысалы
Гидролиз - эртүрлі затгар мен су арасында жүретін ион алмасу реакциясы. Гидролизге заттардыц әртүрлі топтары шалдығады. Бұлар тұздар, эфирлер, белоктар, көмірсулар, майлар жэне т. б. Оның ең маңызды түрлерінің бірі - тұздардың гидролизі, оның дэрежесіне гұздың химиялық табиғаты, температура, түздың концентрациясы, ерітіндінің pH ортасы эсер етеді. Тұздың химиялық табиғаты оны түзетін қышқыл мен негіз күші бойынша анықталады. Түздың компоненттері неғүрлым әлсіз- деу болса, согүрлым гидролиз өнімдері әлсіз диссоциацияланады және гидролиз дэрежесі соғүрлым күшті болады. Гидролизге тек компонеттерінің біреуі немесе екеуіде элсіз болыи келетін түздар гана шалдыгады.
Гидролиздің үш түрі болады:
І.Күшті негіз бен әлсіз қышкылдан түзілген тұздардың
гидролизі:
Мысалы,ВА+НОН <-*•В+ОН”+ НА
Сулы ерітіндіде В А түзы В + жэне А + иондарына толық диссо-
циациаланады. Гидролизді басу ушін 0,1н ащы натр ерітіндісін немесе натрий гидрокарбонатын қосу арқылы әлсіз негіздік орта тудыру керек. Күшті негіз бен элсіз қышқылдан түзілген тұз гидролизінің мысалы натрий нитриті, натрий тиосульфаты, кофеин-натрий бензоаты, никотин қышқылы ерітінділерінің гидролизі болады. Барбитур қышқылының натрий тұздары да, көмір қышқылының әсерінен суда ерімейтіндіктен, тұнбага түсетін қышқылдық формасын түзе, оңай гидролизденеді. Натрий нитритінің ерітіндісі 1 литріне 2 мл 0,1 н. натрий гидроксидін, кофеин-натрий бензоатын 1 литрге 4 мл 0,1 н. натрий гидроксидін қосып тұракгандырады. Натрий тиосульфаты ерітіндісін 1 литр ерітіндіге 20 г натрий гидрокарбонатын косып тұрақтандырады. Барбитур қышкылының натрийлі түздары, мысалы, гексаналды ащы натрдың 0,05-0,25% концентрациясымен,
тиопентал-натрий ерітіндісін 5-6% натрий карбонатымен тұрақтандырады. Никотин қышқылы 1 литр ерітіндісіне 7 г натрий гидрокарбонатын қосып түрақтандырады.
2. Әлсіз негіз бен күшті қышкылдан түзілген түздардың і идролизі. Бұл топка алколоидтар мен синтетикалық азотты негіздер тұздарының ерітінділері жатады:
.ВА+НОН <-►ВОН+НА’
ВА түзы В жэне А' иондарына толық диссоциацияланады. Әлсіз негіздер мен күшті қышқылдардан түзілген тұздар ерітінділерін 0,1 н. тұз қышқылы ерітіндісімен түрақтандырады.
Тұрақтандыруға қажетті кышқылдың мөлшері препараттың қасиетгеріне байланысты. Әдетте жиі 1 литр ерітіндіге тұрақтандырғыштың 10 мл мөлшері қосылады, мысалы, стрихнин нитраты, дибазол, дикаин ерітінділеріне. Совкаин ерітінділерін 1 литрге 6 мл, ал морфин і идрохлоридінің 1-5%-тік ерітінділеріне 10- 20 мл 0,1 н.түз қышқылын қосып, түрақтандырады.
3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардын гидролизі. Бүл жағдайда әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдың аз диссоциацияланған молекулалары түзіледі, сондыктан, гидролиз алдыңгы жагдайларға қараганда толық жүреді, ал реакция ортасы бейтарап болады:
ВА+НОН -> ВОН+НА
Әлсіз негіз бен элсіз қышқылдан түзілген түздардың гидролизін басу үшін тек беттік-белсенді заттар қосылады. Фармацияда гидролиздің бүл түрі өте сирек кездеседі.
4. Органикалық қосылыстардың гидролизі. Гидролиздің бұл түрінде органикалық қосылыстар сумен әрекеттесу нэтижесінде
екі немесе бірнеше заттар түзе ыдырайды. Гидролиздік ыдырауға көміртегі атомының басқа атомдармен байланысы жиірек ұшырайды. Көптеген дэрілік заттардың күрделі эфирлі, амидті, лактонды, глюкозқдті және т. б. байланыстары бар, олар сулы ерітінділерде гидролизге оңай ұшырайды. Күрделі эфирлердің сілтілік гидролизінің мысалы ретінде новокаинннің бейтарап жэне
әлсіз сілтілік ерітінділерде диэтилами-ноэтанол мен параамино- бензой қышқылын түзе ыдырауын айтуға болады. Спазмолитин
сулы ерітінділерде диэтиламиноэтанол мен дифенилсірке қышқы- лын түзе гидролизденеді. Скополамин сілтілік гидролиз кезінде троп қышқылы мен скополин аминоспиртін түзеді. Сондықган, оларды түрақтандыру үшін қышқылдық реакция ортасын тудыру керек. Бүл ерітінділер 0,1 н. тұз қышқылымен түрақтандырылады. Жүрек гликозидтерін түрақтандыру үшін фосфатгы және ацетатты буферлі ерітінділер қолданылады
Достарыңызбен бөлісу: |