1-2 Блок. Теориялық сұрақ. Сұраққа қысқаша жауап беріңіз. ДҰрыс жауап үшін жоғАРҒы балл 30%


Шаншуға арналған ерітінділерді изотондау әдістері



бет26/71
Дата27.05.2024
өлшемі1,38 Mb.
#202947
түріРегламент
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
Байланысты:
птл 1-11

57. Шаншуға арналған ерітінділерді изотондау әдістері
Шаншуға арналған ерітінділердің ішінде изотондық ерітінділер ерекше топ құрайды, яғни бұл ерітінділердің осмостық қысымы ағза сұйықтықтары: қан плазмасы, жас сұйықтығы, лимфа және т.б. осмостық қысымына тең болады. Бұл сұйыктыктардың осмостық қысымы бір қалыпта, 7,4 атм деңгейде болады. Осмостык қысымы төмен ерітінділер гипотонды, ал жоғары гипертонды деп аталады. Осмостық қысымы жоғары (гипертонды) ерітіндіні қанға енгізген кезде, эритроциттер ішіндегі және оларды қоршаған плазманың осмостық қысымдарды теңестіруге айырмашылығы нәтижесінде, осмостық қысымдарды теңестіруге әкелетін эритроциттерде су қозғалысы басталады. Бұл кезде эритроциттер суынан айырылып, жыйырылады, бұл құбылыс-плазмолиз деп аталады. Егер гипотоникалық ерітінді енгізілсе, сұйықтық жасуша ішіне кіреді де, эритроцит ісініп, клетка қабырғасы жарылып, ал клетка- өлуі немесе жойылуы мүмкін, бұл құбылыс гемолиз деп аталады. Осы айтылған осмостық ауытқуларды болдырмау үшін, шаншуға арналған ерітінділердің осмостық қысымын ағзаның биологиялық сұйықтығының осмостық қысымына жеткізу мақсатында изотондау қажеттігі туады. Бұл ерітінділерді - изотонды ерітінділер деп атайды.Изотондықты есептеу тәсілдері. Ерітінділердегі дәрілік заттардың изотондық концентрацияларын әртүрлі тәсілдермен есептеуге болады: Вант- Гофф заңын қолдану арқылы, криоскопиялық әдіспен (Рауль заңы), дәрілік заттардың натрий хлориды бойынша эквиваленттерін қолдану аркылы.


58. Көзге арналған дәрілік түрлер. Жіктелуі
Көзге арналған дәрі қалыптар — жергілікті, инъекционды, имплантациялық қолдануға арналған стерильді сұйық, жұмсақ және қатты дәрілік формалар.
Көзге арналған дәрілік түрлер:Сұйық (тамшылар).
Жұмсақ (жақпа май, эмульсия, суспензия).
Қатты (пленкалар, сеппе, тритурационды таблеткалар).
Көз тамшыларының өнеркәсіпте асептикалық жағдайда тамшы, жақпа май, пленка түрінде өндіреді.
Өндіру технологиясының ерекшелігі - антиоксиданттардан басқа, жеңіл тотықтыратын заттар (морфин гидрохлорид, натрий сульфацил, аскорбин қышқылы) үшін газ қорғанысын қолдану, орауды жетілдіру (тюбик) болып табылады.
Ерітуді араластырғыштары бар реакторларда жүргізеді, ерітіндіні механикалық қосындылардан босатады, стерильді сүзуге ұшырайды және тюбиктерді толтыру үшін стерильденген аппаратқа жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет