96. Ұнтақ пен түйіршіктердің фракциялық құрамын анықтаудың мақсаты мен әдісі.
Қалыпты заттардың фракциялық немесе гранулометриялық құрамы әр түрлі мөлшердегі бөлшектердің мг/л немесе қалқымалы заттардың жалпы мөлшерінің пайыздық қатынасындағы мөлшері.
Маңызды технологиялық қасиеттердің бірі материалдың фракциондық курамы немесе оның ірілігіне карай бөлінуі болып саналады. Материалдың бұл қасиеті оның престелушілігіне, сусымалдығына, таблетканың беріктігіне, көлемдік дозалаудың дэлдігіне, дәрілік заттың таблетка құрамынан бөлініп шығу жылдамдыгына эсер етеді.
Қазіргі кезде фракциондық қүрамды анықтаудың бірнеше әдістері бар. елеуіштік, микроскоптық, седиментометрлік, пневматикалық жэне тагы басқалар. Фракциондык құрамды анықтаудың ең қарапайым және қолайлы әдісі елеуіштер көмегімен талдау болып табылады. Зертгелетін материалдардың 100 г мөлшерін жүйелі түрде жиналған 5 елеуіш жиынтығынан елеп өткізіп, эр елеуіште қалған фракдияның салмағын өлшеп анықтайды да, оның пайыздык мөлшерін есептеп табады.
97. Таблеттеу процесіне ұнтақ пен түйіршіктердің өлшемдерінің әсері.
¥нтақ тэріздес заттар бөлшектерінің ілінісуі электростатикалық теория түрғысынан да түсіндіріледі.Таблеттеу өлшемдеріне байланысты таблетканың сапалылығын анықтай аламыз. Таблеттелуші қоспалардың көпшілігінің кұрамында көлемдері 0,1 мм төмен 80-100% жуык шамада ұсақ фракциясы болады және сондыктан олардың сусымалдығы нашар болып келеді. Олар таблеткалық машиналарда көлемі бойынша нашар дозаланады, таблеткалар салмагы жэне беріктігі бойынша біртекті болып алынбайды. Сондықтан осындай массалардың бөлшектерін багытты түрде ірілету кажет, яғни, түйіршіктеу керек
Түйіршіктеу үнтақ тәріздес заттарды белгілі көлемді түйірлерге айналдыру процессі. Түйіршіктеу таблеттелуші қоспаның сусымалдылығын жақсарту және оның қатпарланып кетуін болдырмау үшін қажет. Сусымалдықтың жақсаруы бөлшектердің түйіршік болып жабысқанында олардың жалпы бет көлемінің едәуір азаюы және осыган сәйкес бөлшектер арасындагы пайда болатын үйкелістің азаюы нәтижесінде іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |