1-2 Блок. Теориялық сұрақ. Сұраққа қысқаша жауап беріңіз. ДҰрыс жауап үшін жоғАРҒы балл 30%



бет70/71
Дата27.05.2024
өлшемі1,38 Mb.
#202947
түріРегламент
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
птл 1-11

130 Ампулаларды жуу тәсілдері.
Ампулаларды жуу.
1.Шприцтік әдіс – үлкен көлемді ампулаларды жуу үшін.
2.Вакуумдық
3.Вибрациялық – шыны қалдықтарынан тазалау үшін
4.Бу-конденсациялық – жылдам, тиімді 0,1-30с ішінде жүреді.
5.Термиялық
Ампулаларды жуу олардың сыртқы жэне ішкі қабыргаларын жуудан түрады. Ампулалардың сыртын жуу үшін ампулалар салынған кассеталарды камераның ішіне салып, тіреуіштің үстіне қойып, ыстық фильтрленген қүбыр суымен душ арқылы жуады. Судың температурасы 50-60°С
Шприцтік әдіс. Бұл әдіс үлкен көлемді ампулаларды жуу үшін қолданылады. Мүнда ампулаларды куыс инелерге кіргізіп, олар арқылы қысым күшімен ең алдымен ыстық су, сонан соң дистилденген су жэне ең ақырында бу жібереді. Вакуумдық тасіл (сурет 102). Кюветаға (1) ампулалар салынган кассетаны (7) орналастырады. Аппараттың қақпағын (4) жауып, оның ішіндегі ауаны сорып алады. Осы кезд кювета судың қажетті мөлшерімен толтырылады және аппарат пен ампулаларда бір мезгілде ауа сұйылады (вакуум пайда болады). Вакуум тереңдігінің дәрежесі 500-600 мм.сын.бағанасына жеткен кезде, ауа құбыры (3) ашылады да, аппаратқа атмосфералық қысыммен ауа жіберіледі.Осы кезде ампулалар тез сумей толып қалады. Сонан соң сумей толтырылған ампулалар бар кассетаны басқа аппаратқа ауыстырып салады да, оның ішіндегі ауаны сорып алады. Аппарат
ішіндегі ауаның сұйылуы нәтижесінде ампулалардағы су ағып түседі.Ампулалар ішіндегі суды сорып алуды бір аппаратта да жүргізуге болады. Вибрациялық әдіс. Ампулалар кірінің көп бөлігі шыны бөлшектері болып табылады. Шприцтік және вакуумдық әдістер ампулаларды осы шыны қалдыктарынан тазарта алмайды. Вибрациялык әдіс шыны қалдықтарынан тазалауға мүмкіндік береді. Ампулалар алдын-ала вакуумдық тәсілмен сумей толтырылады. Сумей толтырылған ампулалар капиллярлары төмен қаратылган күйде вибратормен қатты қосылған тіреуге орналастырылады, капиллярлардың ұшы сұйыктыкка батырылған. Сонан соң ампулаларды вибрацияга түсіреді. Осы кезде ерітіндідегі ұшпа бөлшектер капилляр зонасына шөгеді де, ампуладан шығарылып тасталады. Капиллярлардың ұшы мен судың шекарасында «толқынды барьер» пайда болады, сондықтан, бөлшектер судан ампулага кайтып кіре алмайды. Ультрадыбыстық әдіс (сурет 104). Ампулаларды дистилденген сумей вакуум көмегімен толтырады, сонан соң капиллярларын төмен қараткан күйде вакуум-жуғыш жартылай автоматтың түбіне орнатылган магнитострикторлардың үстінен өткізеді. Судың температурасы 40-60°С, ампулалар 2/3 көлеміне дейін сумей толтырылады, дыбыспен эсер ету екі рет (20 жэне 10
сек.) жүргізіледі. Бу-коыденсациялық әдіс (сурет 105). Бүл әдісті проф. Конев Ф.А. жэне оның әріптестері үсынған. Әдістің артықшылығы: процестің жылдамдыгы мен тиімділігі, ол небәрі 0,1-30 сек. Ішінде жүреді. Ампулалар салынган кассета (6) капиллярлары төмен қараған күйде камераға (1) салынады, кақпагы (2) жабылады және аппаратқа тоңазытқыш (4) арқылы 6 сек. бойына бу үрленеді. Аппараттан ауа ыгыстырылып шыгарылады және оның қабырғалары қыздырылады. Шашыратқыш (7) қысым күшімен температурасы 8-10°С салқын су жібереді. Будың салқын су тамшыларымен жанасуы нәтижесінде тоңазытқыш пен камера ішінде вакуум пайда болады. Ампулалардагы ауаны ығыстыру үшін сүйылту қайталанады. Камера температурасы 80-90°С тұзсызданган сумей толтырылады да, ампулалардың капиллярлары суга толық батырылады. Аппаратқа тоңазытқыш арқылы 4 сек. бойына бу жіберіледі, сонаң соң шашыратқышқа салқын су жіберіледі. Ампуланың корпусы осы будың әсерінен қыздырылады, капиллярды суга батырғанда бу конденсацияланып, ампула ішінде вакуум пайда болады және ол сумей толтырылады. Сонан соң аппаратқа 4 сек. Бойына тоңазыткыш арқылы бу жіберіледі, осы кезде ампуланың корпусы қызып, оның ішінде бу пайда болады. Осы бу ампуладан суды ыгыстырып шығарады. Осылай цикл қайталанады Термиялық эдіс. Бүл әдіс те проф. Конев Ф.А. пен оның қызметтестерімен ұсынылган. Дистилденген сумен толтырылган 380 ампулалар капиллярларымен төмен қаратылған күйде қыздыру зонасына қойылады, оның температурасы судың қайнау температурасынан жоғары. Осы кезде ампулалар қабыргасынан сұйыктыққа берілетін жылу ағымы сұйықтықтың жылдамдыгын күшейтеді, ол сұйықтық қайнаган кезде карқындай түседі. Механикалық бөлшектер ампула қабырғасынан бөлініп түсіп қалады және сумей бірге ампуладан сұйықтык үстіндегі артық бу қысымының әсерінен шыгарылып тасталады. Судың температурасы 60-80°С қыздыру зонасындагы температура 300-400°С, жуу жылдамдыты 5 минуттан аспауы керек. Осы тәсілдердің бірімен жуылған ампулалар олардың тазалыгы тексерілген соң кептіргіш шкафта 120-130°С температурада 15-20 минут бойына кептіріледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет