123 Пленкалық қабықтар. Түрлері мен қасиеттері. Қолдану әдістері. Таблетка бетінде оган бүркілген пленка түзуші заттың ерітіндісі кепкен соң жүқа қабықша (0,05-0,2 мм) түзіледі, сол қабықшаны пленкалы кабықша деп атайды. Ерігіштігіне байланысты пленкалы қабықшаларды мына топтарға бөледі.
а) суда еритін кабықшалар
б) асқазан сөлінде еритін кабыкшалар
в) ішекте еритін қабықшалар
г) ерімейтін қабықшалар
124 Престелген қабықтар. Қолданылатын сатылар мен жабдықтар Престелген қабықшалармен қаптау РТМ - 24 Д модельді жэне «Драйкота» таблеткалық машиналарында жүргізіледі («Манести» фирмасы, Ливерпуль қаласы, Англия). «Драйкота» машинасы екі 16 пуансондық ротордан түратын қосарланған агрегат болып табылады. Сурет 80 Драйкота таблеткалық машинанын қүрылысы
1 жэне 5 - таблетка-ядро үшін түйіршік салынатын бункер; 2 - ротор; 3 - пуансон; 4 – престеуші ролик; 6,7 - транспорттык ротор. Бірінші роторда әдеттегідей тәсілмен таблеткалар – ядролар престеледі. Екі жағы да шығыңқы формалы таблеткалар арнайы
тасымалдаушы қондырғының көмегімен екінші роторға беріледі. Мұнда таблеткалар қабықшамен капталады. Престеу арқылы қабықшаларды қаптау схемасы төмендегідей болады Ең алдымен матрица ұясы қабықшаның төменгі бөлігінің жартысын жасауға кажетті түйіршікгің бір порциясымен толтырылады (1). Сонан соң осы түйіршіктің үстіне арнайы бағыттагыштармен бірінші ротордан таблетка-ядро (2) салынады. Таблетка матрица үясының дәл ортасына бекітілген соң, төменгі пуансон аздап төмен түседі, ал жогаргы пуансон томен түсіп, таблетка-ядроны оның астындагы түйіршік порциясына (3) жайлап нығыздайды да, таблетка бетінде қабықша түйіршігінің екінші бөлігіне (порциясына) орын босатады. Осы қабықша түйіршігінің екінші порциясы (4) салынган соң, төменгі және жогарғы пуансондармен бір мезетте престеу арқылы қабықшаны қалыптайд (5). Соңгы сатысында қабықшамен қапталган таблетка матрицадан итеріліп шыгарылады (6). Машинаның өнімділігі - 10,5 мың табл./саг. Егер престелген қабықша таблетка-ядроны тек атмосфера әсерлерінен, жарық әсерінен және жагымсыз иісі мен дэмін бүркеу үшін қолданылса, онда мұндай қабықшамен каптауга арналган түйіршік қүрамы төмендегідей болуы мүмкін : сахароза - 60%; лактоза - 30 %; крахмал - 9%; магний стеараты - 1%. Егер боялган қабықшалар алу кажет болса, онда крахмал
клейстері немесе қант шырыны қүрамына тиісті боягыштар қосады. Асқазанда еритін престелген кабыкша жасау үшін Борисенко Ю. және т.б. (ВНИИХТЛС) келесі құрамды түйіршіктерді үсынады: оксипропилметилцеллюлоза 0,4%; лактоза 98,6%; кальций стеараты немесе стеарин қышкылы 1%. Ішекте еритін престелген қабықшалар дайындау үшін мына жазба қолданылады: целлюлозаның триэтанол-ацетофталаты - 20%; лактоза - 78%; магний стеараты - 2%.