1-2 слайд Нурай Басқарудың әкімшілік мектебі (1920-1950) пайда болуы-нан бастап мамандар ұйымды басқару тәсілдерін жетілдіруді үнемі іздестіруде болады.
Бұл мектептің авторлары үлкен бизнес саласында басқарудың жоғарғы деңгейінде бас-шы болып көп еңбек тәжірибесін өздері жинағандар.
Классикалық мектептің жақтаушылары ғылыми басқаруды жазғандар сияқты басқарудың әлеуметтік аспектілері туралы аса бас қатырған жоқ. Көбінесе олардың жұмыстары ғылыми әдістемеге емес, өздерінің қадағалауларына сүйенеді. Классиктер ұйымның жалпы сипаттамасы мен заңдылықтарын анықтауға ұмтылып, ұйымға кең перспектива тұрғысынан қарауға тырысты, классикалық мектептің мақсаты басқарудың әмбебап қағидаларын қалыптастыру болды. Ол бұл қағидаға сүйену ұйымды сенімді түрде жетістікке жеткізеді деген идеядан туындады.
3-слайд Аружан Өнеркəсіптің буырқанған дамуы классикалық мектептің ғылыми көз қарастарының ары қарайғы эволюциясын Ұйым туралы ғылым теориясында маңызды орын алатын – Анри Файоль.Тейлордың ойларын ары қарай дамытқан «ғылыми менеджментің əкесі» болып саналатын француз инженері – Анри Файоль (1841- 1925),ол алғашқы болып менеджменттің толық теориясын жасаған: оның фунцияларын,принціптерін анықтады,басқарудың жоғарғы деңгейінде теориясын дамытты.
Файоль басты назарын қызметкерлерді басқаруға, оның ішінде әкімшілік кадрларға аударды. Оның пікірі бойынша, басқарушылар кеңесі мынадай қасиеттерді бойына сіңіру қажет: физикалық (денсаулық, қуаттылық, сыртқы пішіні), ақылды (түсіну және қызып алу, сергек ой, қуатты ойлану және бейімделу) моральды (қуаттылық, бекімді, өзіне жауапкершілік алуға дайын болу, ынталылық, сыпайылық, тәсілгерлік өз қасиеттерін сезіне білуі), білімді (атқаратын қызметке қатысы жоқ мәселелерге жалпылай қанық болу) және (істеп жүрген жұмысынан алған) тәжірибе.
4-слайд 1 часть Меруерт Анри Файоль 1916 жылғы “жалпы және өнеркәсіпті басқару” атты өз еңбегінде басқарудың 14 принципін жан- жақты дәлелдеп берді. Енді сол басқару принциптерін жеке- жеке қарастырайық:
1. Билік жауапкершіліктен бөлінбейді. Біз бұны бұлай айтуға дағдыланғанбыз: «Құқ алдың — жауапкершілік арқылы» деп. Бірақ бұл қағиданың кері жағы өте маңызды: «жауапкершілікті жүктедіңдер — құқ беріңдер».
2. Арнайыландырудағы еңбек бөлінісі. Арнайыландырудың пайдасы көпке әйгілі. Онымен байланысты еңбек бөлінісі, артынан тиімділіктің жоғалуы олардың өз шектерін иеленеді.
3. Бөлудің бірлігі. Жұмыскер тек бір бастықтан ғана тапсырма алу керек. Бұл қағида Тейлордың функционалды басқару идеясымен қарама-қайшы келеді. Шешім тек функционалды басқаруды сызықты басшылықпен ұйымды ұштастыра білу қажет.
4. Тәртіп. Бұл жерде басты идея тәртіптің барлығына міндетті икемдігінде. Бірақта әр кез жоғарыдан төмен қарай кететіндіктен, тәртіп бастық қандай болса, сондай деп айтуға болады. Файоль тәртіпті сыйластықпен байланыстырады.
5. Басқарудың бірлігі. Бұл былай түсіндіріледі: «Ортақ мақсаты бар операциялар жиынтығы үшін жалғыз жоспар және жалғыз жетекші». Бұл жерде мақсатты басқарудың негізі жатыр.
6. Жекеше мүлделердің жалпыға бағынуы. Бұл мынаны білдіреді, жұмыскердің немесе топтың мүлделері жалпы кәсіпорын мүлделерінен жоғары тұрмауы тиіс. Егер мүлделері қайшылықты болса, онда жетекші оларды келістіруі тиіс.
7. Сый ақы. Файольдің есептеуі бойынша сый ақы және оны төлеу әдісі әділ болуы және жұмыскерлерді де, жұмыс берушілерді де толығымен қанағаттандыруы қажет.