9)Стенокардия ұстамасынан кейін миокардта жасушалар зақымдалуының қандай түрі пайда болады?
1.Қайтымды.
2.Қайтымсыз.
3.Созылмалы
4.Митозды.
5.Біріншілікті.
10) Тыныс алу қимылының тереңдігі мен жиілігінің жиілеуімен жүретін субъективті ауа жетпеу сезімі:
1.тұншығу
2.жөтел
3.ентігу+
4.тахипноэ
5.брадипноэ
11) Кез келген этиологиялық шокпен күресу үшін неліктен артериялық қысымды ұстап тұру өте маңызды?
1.Қысымның төмендеуі шок дамуының негізгі патогенетикалық факторы болып табылады.
2.Қысымның төмендеуі кез келген шоқ дамуының этиологиялық факторы болып табылады.
3.Қысымның төмендеуі липидтердің асқын тотығы механизмін және тіндер зақымдануын іске қосады.
4.Қысымның төмендеуі шырғалаң шеңберді туындатады: гипоксия – миокард жұмысының бұзылуы – қысымның төмендеуі.
5.Қысымның төмендеуі диссеминациялық тамырішілік қан ұюының дамуына септігін тигізеді.
12) Әдебиеттер мәліметтеріне сәйкес ми қыртысы клиникалық өлім басталғаннан кейін 5-6 минуттан соң өледі. Реанимациялық іс-шараларды осы уақыттан ұзақтау жасауға болады ма?
1.Жоқ, себебі нәтижесінде адам бәрібір вегетативті жағдайда болады
2.Жоқ, себебі адамның миы осы 5-6 минутың ішінде бәрібір өледі.
3.Ия, себебі реанимация ми жасушасының тіршілік мерзімін ұзартады.
4.Ия, себебі ми қыртысының жасушалары өлгенмен де адам өмір сүре алады.
5.Ия, алайда тек ми жасушалары ұзақ өмір сүретін жас адамдарда ғана.
13) Апластикалық анемиясы бар науқастарда зертханалық зерттеулерді саралап, сіз қорытынды жасайсыз:
1.жұлында қан туындауының төмендеуі
2.сарысулық темір деңгейінің жоғарылауы
3.қан туындауының мегалоцитарлы түрі
4.жұлында бластты жасушалар санының ұлғаюы
5.жұлынның жасушалық құрамының сақталуы
14) әйелдер консультациясына 25 жасар жүкті әйел келді. 1-ші жүктілік, мерзімі 5- апта. Шағымдары: тәбеті болмауы, жүрек айнуы, тәулігіне тамақтануға байланыссыз 6-10 ретке дейін құсу. 1,5 аптада 1,5 кг салмақ жоғалтып, қозғыштығы жоғарылау, тері мен кілегей қабаттарының түсі өзгеріссіз, құрғақ. Дене өызуы субфебрильді. Пульс 100, ырғақты, толысуы мен кернелуі қанағаттанарлық, АҚҚ 100\60 мм.с.б. Тәуліктік диурез 850мл
1. 5-6 апта жүктілік. Орташа дәрежелі жүктілік құсығы
2. 5-6 апта жүктілік. Жүктілер тетаниясы
3. 5-6 апта жүктілік. Ревматизм, қолқа қақпақшаларының жетіспеушілігі
4. 5-6 апта жүктілік. Темір тапшылық анемиясы
5. 5-6 апта жүктілік. Жатыр миомасы. Миоматозды түйін некрозы
Достарыңызбен бөлісу: |