Зақымдану синдромдары. Экстрапирамидтік бұзылыстар қозғалыстың баяулауымен (гипокинезия және акинезия); еріксіз қозғалыстармен (гиперкинездер);бұлшық ет тонусының өзгеруі: пластикалық түрі бойынша жоғарылауы (ригидтілік) немесе төмендеуі (бұлшық ет гипотониясы) байқалады.
Экстрапирамидті бұзылыстардың негізгі синдромдары:
1) гипокинетикалық-гипертониялық немесе акинетико-ригидтік синдром (паркинсонизм синдромы) паллидарлы жүйенің және ең алдымен қара субстанцияның зақымдануы кезінде байқалады;
2) гиперкинетикалық-гипотониялық синдром (гиперкинездер) стриарлық бөлім зақымданғанда пайда болады.