1-4 дәрістер. Энергетикалық кешендер. Қазақстан Республикасының энергетикалық секторлары және даму динамикасы. Энегоүнемдеу. Энергоүнемдеуге байланысты Қазақстан Республикасындағы нормотивті-құқықтық база. Энергия



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі20,69 Kb.
#119993
1   2   3
Байланысты:
1-4 лекция ЭКО виа

3. Энергетикалық кешенді дамыту

Электр энергетикасы


2008 жылы электр энергиясын өндіру 2007 жылмен салыстырғанда 4,8 %-ға өсті және 80,0 млрд. кВтс. құрады. Электр энергиясын тұтыну 80,6 млрд. кВтс. құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,5 % жоғары.
2009 жылы электр энергиясының күтілетін өндірісі 78,72 млрд. кВтс құрайды.
Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесі (БЭЖ) Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерімен қосарлас режимде орнықты жұмыс істейді.
Елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша электр энергетикасы саласының стратегиялық міндеттерін шешу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө өкімімен Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.
2015 жылға дейінгі электр тұтыну мен электр жүктемесінің деңгейлерін болжау негізінде Қазақстан БЭЖ-і оңтүстік аймағының болжалды қуат тапшылығы, электр станцияларындағы іске қосылатын қуаттар анықталды, оңтүстік аймақта (Балқаш ЖЭС) базалық электр станциясын орналастыру бойынша негіздемелер мен ұсыныстар және одан қуат берудің алдын ала жасалған схемасы дайындалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамытуға қажетті инвестиция есептелді.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 153, № 154 бұйрықтарымен электр энергиясының 2015 жылға дейінгі теңгерімі, қайта құруға, жаңғыртуға және кеңейтуге жататын электр энергетикасы объектілерінің тізбесі, сондай-ақ жаңа электр энергетикасы объектілерінің құрылысы бекітілді.
Қазақстанның үш энергетикалық аймағы бойынша энергия беруші қуаттарды, электр желілерін кеңейту, жаңғырту және қайта көру бойынша инвестициялық жобалардың әзірлемесі жүзеге асырылуда.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2009 жылғы деректері бойынша Бәсекелестік қабілетінің ғаламдық индексінің «Инфрақұрылым сапасы - электр» индикаторы рейтингте 4 позицияға жоғарылады және 77-орынды (81-ден) иеленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет