Сабақ жоспары «Болжалды келер шақ»



Дата25.08.2017
өлшемі263,98 Kb.
#26596
түріСабақ
ШҚО

Көкпекті ауданы

«Шәріптоғай негізгі мектебі» КММ

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

«Болжалды келер шақ»

Сынып: 7


Мұғалімі: Акжигитова Раушан Жумановна

2016/2017 оқу жылы



САБАҚ:

МЕКТЕП: «Шәріптоғай негізгі мектебі»КММ

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Болжалды келер шақ.

КҮНІ:

Мұғалімнің аты-жөні Акжигитова Раушан Жумановна


Сынып:7

Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Болжалды келер шақ етістіктердің білдіретін мағынасын түсінеді; болжалды келер шақтың жасалу жолдарын біледі.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Болжалды келер шақ етістіктердің білдіретін мағынасын түсінеді; болжалды келер шақтың жасалу жолдарын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқу материалының элементтерінен жаңа нәтиже шығарады.

Кейбір оқушылар орындай алады: тақырып бойынша пікір білдіреді, жұмыс сапасын бағалайды

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Сөйлемдегі болжалды келер шақ етістіктеді табады; олардың жасалу жолын ажырата алады. Сөйлемдерді дұрыс құрастыруға дағдыланады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: келер шақ, болжалды келер шақ, болымсыз етістік, есімше




Талқылауға арналған пайдалы тіркестер: болымсыз етістік, есімшенің жұрнақтары,

Талқылауға арналған сұрақтар?

  1. Болжалды келер шақ етістіктер қандай мағынаны білдіреді?

  2. Болжалды келер шақ етістіктер қандай тұлғада тұрады

  3. Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

  4. Сөйлемде болжалды келер шақ етістіктерді қандай мақсатпен қолданамыз?

Алдыңғы оқу.
4 мин.

2 мин.


«Ой шақыру».

С. Білу

«Стикердегі диалог» стратегиясы арқылы өткен тақырыптарды қайталау.



  1. Нақ осы шақ етістіктер мен ауыспалы осы шақ етістіктердің жасалу жолдары бірдей.

  2. Бұрынғы өткен шақ –ған, -ген, -ып, -іп, -п жұнақтары арқылы жасалады.

  3. Келер шақтың келесі түрлерін ажыратамыз: болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ.

  4. Қалып етістіктер: жүр, отыр, жатыр, тұр.

  5. Ұйықтап жатыр, күліп отыр, жинап жүр – ауыспалы осы шақ етістіктер

«Құпия зат» тәсілі арқылы сабақ тақырыбын болжалдайды.

  1. Шақ түрі








Сабақ тақырыбы анықталады.

Мақсатты оқушылар өздері анықтайды.



  • Сабақта қандай мақсат қоямыз?

  • Нені білуіміз қажет?

  • Нені орындауға үйренеміз?

  • Бұл білім бізге не үшін қажет?

Критерийлер.

  1. Болжалдау келер шақ етістіктердің білдіретін мағынасын, жасалу жолдарын біледі.

  2. Болымсыз етістіктерден жасалған болжалды келер шақтың ерекшелігін түсінеді.

  3. Сөйлемде дұрыс қолданады.

Бағалау дескрипторлары ұсынылады:

  1. Болжалды келер шақтағы етістіктердің тұрған тұлғасын, жұрнақтарын біледі.

  2. Болымсыздық етістіктен жасалғандағы ерекшелігін түсінеді.

  3. Сөйлемде табады, жұрнақтарын белгілейді.

  4. Сөйлемнің мазмұнында етістіктердің қызметін түсінеді.

  5. Алған білімін пайдаланып, шығармашылық тапсырманы орындайды.

  6. Тақырып бойынша ой қорытады, жұмыс сапасын бағалайды.

ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

2 мин.

1 мин.

3 мин




  1. Ұйымдастыру кезеңі

«Дос достыққа»

Нұсқау: 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:



Оң қол оң қолмен!

Мұрын мұрынмен!

Иықпен амандасамыз

Арқамызбен амандасамыз

Құшақтасып амандасамыз.

«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.


Жұпқа бөлу. Шығарма кейіпкерлер мен шығарма атауларын сәйкестендіру арқылы жұпқа бөлу.

Осы шақ – нақ осы шақ

Өткен шақ – жедел өткен шақ
Бағалауды түсіндіру.

Жұпаралық бағалау. Жетістіктер ағашына тиісті түсті жапырақты жапсырады.

  • жақсы жауап берді, бірақ әлі де практика қажет

Жауабын жаман емес, дегенмен қайталайтының көп. Әр тапсырмадан кейін жұптар қалаған жапырақтарын ағашқа орналастырады.


  1. Үй тапсырмасын тексеру

Қазақ әдебиетінен келер шақ етістіктері бар 5 сөйлем жазу.

Бағалау

Атаулар жазылған парақ

Ағаш суреті, үш түсті жапырақтар



Ортасы
7 мин.

5 мин.
5 мин.

6 мин.
3 мин.


ЖЖ. Түсіну

«Жұптық әңгіме» әдісі. Оқулықтан ақпаратты оқып, түсінгедерін сызба не диаграмма түрінде түсіру.

1-жұп. Болжалды келер шақтың мағынасы мен жасалу жолдары /сызба түрінде/

2-жұп. Болымсыз етістіктен жасалғандағы ерекшелігі /Т кестесі/

Бағалау
Қолдану

ЖЖ.

117-жаттығу. Көшіріп жазып, болжалды келер шақ етістіктердің астын сызыңдар.

1-жұп. Асан Қайғы

2-жұп. Омар Хаям

Бағалау

Ж

Талдау.

Шығармашылық диктант. Сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, болжалды келер шаққа қойып жазыңдар.

Сөйлем мазмұнына нұқсан келе ме?

1-жұп.

Көз алдымда мұз моншақтар мөлдір тамшыға айналды.

Бесқоныстың бір бетінде кемпірқосақ шықты.

2-жұп.

Бәріміздің ойымыз бір жерден шықты.

Өз ісін дамыту мақсатында бар күш-жігерімен кірісті.

Бағалау


Жинақтау /көпшілігі үшін/

«Стоп-кадр» тәсілі арқылы келешекке көз жүгіртіп, келешекті болжайды. Сюжетті «тыңдалым кезіндегі саяхат» тәсілімен жалғастырады. Келер шақ етістіктерді қолдану қажет.

бағалау

" Бағалау /кейбір оқушы үшін/



«3-минуттық үзіліс»

Мен ... жайлы хабардар болдым.

Менің ... туралы көзқарасым өзгерді.

Менің ... жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы ...

Мені ... таң қалдырғаны ... .

Оқулық, түсті маркерлер, А3 парақтары

оқулық

слайд

Мультфильмнен үзінді





Соңы

3 мин.


Ү/т 119-жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар. Болжалды келер шақтың жұрнақтарын белгілеңдер

Бағалау.

Рефлексия.

«Иық тірескен шеңбер»






Қосымша ақпарат







Саралау.

Кейбір оқушыға тапсырма: тақырып бойынша пікір білдіреді, жұмыс сапасын бағалайды

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Өзара кері байланыс, жұп ішінде бір-бірінің жауабын дескрипторлар арқылы бағалайды.



Пәнаралық байланыс –

Қазақ әдебиеті


АКТ-мен байланыс.

Тәрбие элементі-

Білімге баулу, әділ болуға тәрбиелеу.



Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?/тапсырмалар сәйкес болды ма?/

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың мақсаты орындалды. Оқушылар болжалды келер шақ етістіктердің жасалу жолдарын білді, сөйлемде етістіктерді ажыратуға, қажетіне сай сөйлемдерді өзгертуге үйренді. Алған білімдеріне сүйеніп, оқу материалының элементтерінен жаңа нәтиже шығаруға тырысты. Тақырып бойынша қорытынды жасап, жұмыс сапасына баға берді.

Сабақ жоспар бойынша жақсы деңгейде өтті. Сабақ мақсатына сай критерийлер мен бағалау дескрипторлар құрылды. Дескрипторлар негізінде тапсырмалар берілді. Тапсырмалар Блум таксономиясының негізінде құрылды. Сабақ үш кезеңнен тұрды:



  1. Қызығушылықты ояту. «Дос достыққа» жаттығумен жағымды психологиялық ахуал орнатылды. «Стикердегі диалог» тәсілімен өткен тақырыптарды жаңамен ұштастырдым. «Құпия зат» тәсілімен оқушылар жаңа тақырыпты анықтады, сабақ мақсатын өздері қойды.

  2. Ойтолғаныс кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар «жұптық әңгіме» әдісімен жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерді.. Тақырып бойынша жұмыс жасады. Шығармашылық диктант, «Т» кестесі, «Стоп-кадр» тәсілдері өз бетімен білімді алуға көмектесті, «оқылым кезінде саяхат» оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға оң ықпал етті деп ойлаймын. «3 минуттық үзіліс»-те балалар тақырып бойынша пікір білдірді, жұмыс сапасына баға берді.

Рефлексия кезеңі. Бұл кезеңде «иық тірескен шеңбер» стратегиясы арқылы үйренгенін саралап, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

Жеті модульден ықпалдастырылған модульдер:

1. «СТО ойлауға үйрету»: «Құпия зат» стратегиясы; «3 минуттық үзіліс».

2. «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер»: «СТОП-кадр», «Стикердегі диалог», «Жұптық әңгіме», «оқылым кезіндегі саяхат» стратегиялары;



  1. «Оқуды бағалау және оқу үшін бағалау»: «жетістіктер ағашы» стратегиясымен жұп ішінде бірін-бірі бағалау арқылы оқу үшін бағалау іске асты;

  2. «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» модулінен электрондық презентация және бейнефильм қолданылды.

  3. «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулі бойынша шығармашылық диктант, оқулықтағы жаттығуды орындалды.

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе /оқу мен оқытуға қатысты/

  1. «Стикердег диалог» тәсілі ақ уақытта бүкіл сыныппен өткен тақырыпты қайталауға, жаңа тақырыппен ұштастыру ыңғайлы болды.

  2. Шығармашылық диктант сөйлемнің мазмұнында етістіктің қызметін түсінуге көмектесті.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалы тигізер еді /оқыту мен оқуға қатысты/?

  1. Бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларының жетілген кезінде бір-бірімен пікір алмасып, ойларын еркін жеткізіп, ортақ шешімге келуге жағдай жасайды.

  2. Бұл әдіс жұпта өзін сенімсіз сезінетін балаларға өздерін еркін ұстауына, ойын ашық білдіруге көмектесті.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

  1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға тапсырмаларды көбірек дайындау қажет.

  2. Жұп мүшелері жұмыстың бастапқы кезеңінде өз ойларын жеткізуде жасқанып, үндемей отыру сияқты қиындықтар туындады және формативті бағалауда кейбір оқушыларда әділдік болмады. Алдағы уақытта бұл олқылықтарды жою үшін оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын, бағалауын қадағалаймын, бағыт бағдар беремін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет