Каракулова Жанар Махамбетовна
Шымкент қаласындағы
№17 Лермонтов атындағы жалпы
орта мектебінің бастауыш сыныптар мұғалім
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән мұғалімі: Каракулова Ж.М.
Күні : 13.03.2015ж.
Пән: қазақ тілі
Сынып: 3 «А»
Сабақ тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Етістіктердің мағыналары жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетінін түсіндіру, болымсыз етістіктердің –ма, -ме, -ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарымен таныстыру.
Оқу нәтижесі: Оқушылар етістіктердің мағыналары жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетінін түсінеді, болымсыз етістіктердің –ма, -ме, -ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарымен танысады, тәжірибеде пайдалана алады..
Оқыту әдістері: «Пресс-конференция», «Дөңгелек үстел», «Сөздер банкі», «Басбармақ», «Бағдаршам»
Барлық оқушылармен (А,В,С) жұмыс: Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырып жазады.
Сабақ барысы:
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Қажетті ресурстар, қолданылатын құралдар
|
Кіріспе
5 мин
Қызығушылықты ояту.
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
Үй тапсырамасын пысықтау.
«Пресс-конференция» дидактикалық ойынының шартын түсіндіреді.
Ойынның шарты: тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер» болады. «Журналистер» «Ғалымдарға» сұрақтар қояды.
Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтарады.
|
Оқушылардың бірі санамақты айтып, оқушыларды рет бойынша қолымен көрсетіп, меңзеп отырады:
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,Балалы үйрек,Ортан терек,Шүлдір шүмек,Кішкене бөбек!
Бұл санамақты бірнеше рет қайталайды.
Оқушылар бес топқа бөлініп, топтар саусақтар бойынша аталады: «Бас бармақ» тобы, «Балалы үйрек» тобы, «Ортан терек» тобы, «Шүлдір шүмек» тобы, «Кішкене бөбек» тобы.
Оқушылар сұрақтар қояды.
Тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер» болады. «Журналистер» «Ғалымдарға» төмендегі үлгі бойынша сұрақтар қояды:
Етістік дегеніміз не?
Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
Дара, күрделі етістіктер туралы не айтасыз?
«Ғалымдар» мысал келтіре отырып, жауап береді.
|
Үстел
интербелсенді тақта.
Слайд
|
Достарыңызбен бөлісу: |