1 А. Нұрқатовтың өмірі мен шығармашылығы А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі


А.Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі



бет3/5
Дата19.12.2022
өлшемі44,8 Kb.
#163259
1   2   3   4   5
Байланысты:
А Нұрқатов

А.Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі

50-60 жылдар аралығында әдебиеттану ғылымының қазіргі биігіне жетуіне өзіндік үлесін қосқан ғалымдардың бірі – Айқын Нұрқатов. Ғылыммен айналысқан он бес жыл көлемінде ұшқыр ой, дәйекті пікірлерімен әдебиетші қауым ортасында кеңінен танылып үлгерген Айқын Нұрқатовтың ғалымдық болмысы, сыншылық даралығы хақында кеңінен ой бөлісіп, сөз қозғайтын уақыт әлдеқашан жеткен. Жиырма екі жасынан бастап әдебиеттану мен әдебиет сынына бел шеше араласып, әр еңбегіне қисапсыз қуатын сіңірген Айқын Нұрқатов қаламынан Мұхтар Әуезов, Абайдың ақындық дәстүрі аталатын екі монографиялық зерттеу, В.В.Маяковский-совет дәуірінің аса талантты ақыны, Сәбит Мұқановтың творчестволық жолы, Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы, М.Әуезов творчествосы, Ғ.Мұстафиннің творчествосы, Қазақстанның Россияға қосылуының прогрессивті маңызы, Мұхтар Әуезов, Идея және образ, Тарас Шевченко және қазақ әдебиеті, Ғасыр перзенті, Жалғасқан дәстүр атты ғылыми зерттеулері жарық көріп, баспасөзде екі жүзге жуық мақаласы жарияланды. Бұл еңбектерде әдебиеттің жалпы мәселелері, әдеби үрдіс пен қаламгерлер жайы сөз болды. Жоғарыдағы жұмыстар қатарына А.Нұрқатовтың авторлық ұжым құрамында болып шығарысқан IX, X сыныптарға арналған Қазақ әдебиеті оқулықтарын, 1961 жылы жарық көрген Қазақ әдебиеті тарихын (2-том. 1-кітап) қосар болсақ, тынымсыз еңбектің ұланғайыр нәтижесін танимыз. Ғалым еңбегінің дәреже деңгейі жазғандарының санымен емес, сапалық құндылығымен, яғни ойының ұщқырлығымен, пікірінің уәжділігімен, дерек- дәйегімен, әділдік-ақиқаттығымен, парасат-пайымымен, тұжырым тиянақтылығымен таразыланады.


Бұл тұрғыда А.Нұрқатов жазбаларының қай-қайсы да барлық болмыс-бітімімен сындарлы ой иесінің парасат сүзгісінен өткенін аңғартады. Сыншы еңбектеріне зер сала қараған жан Нұрқатов бойынан екінің бірінің еншісіне бұйыра бермейтін несібе – туғансыз бидің тура тартар принципшілдігін жазбай таныры анық [ 6,7].
Өзі әр кез қадай көрсететіндей, ең алдымен, шұрайлы тіл. А. Нұрқатов үшін кестелі тіл жоқ жерде, көркем шығарма да жоқ. Сондай-ақ, шұрайлы ды шырайлы тілмен зерленген жанды суреттер, суреткердің көркемдік елегінен сүзіліп шыққан сом образдар, сол образдардың болмыс-бітімімен туындап жатқан соқталы тартыс, шынайы да шымыр сюжет, он саққа жүгірген оқиғаларды жіпсіз байлап тұратын ұтымды композиция, қаламгердің қасиетті тұғырындай авторлық позиция, міне, Нұрқатовтың көркемдікті бағалар критерий- таразысы. Шығармашылық жолы ұшқыр да өткір жанр - сыннан басталып, парасатты зерттеулерге ұласқан сыншы – ғалым еңбегін үш топқа бөліп қарастырады Кенжебай Ахметов. Олар:
1. Мерзімді басылымдарда жарық көрген әдебиеттің жалпы мәселелері, әдеби үрдіс пен әдебиет қайраткерлері, әдебиеттер байланысы, жекелеген көркем туындылар хақындағы ой-пікірлерін қамтитын сыншылық еңбектері;
2. Арнайы зерттеу нысанасы тұрғысынан қарастырылған Ш.Уәлиханов, С.Мұқанов, Т.Шевченко, В.В.Маяковский, Ғ.Мұстафин, т.б. жайындағы ойлары тоғысқан зерттеулері;
3. М.Әуезов, А.Құнанбаев шығармашылықтары кең ауқымда қамтылып талданатын монографияларынан тұратын ғылыми мұраларына негізделген, әдебиеттануға қатысты еңбектері[6,12]
А.Нұрқатов қаламынан туған сын мақалалар, рецензиялар, әдеби шолулар мен шығармашылық портрет үлгісіндегі әдеби сын мақалалары мен зерттеулер ғалымның болашақ іргелі еңбектеріне бастаған сәтті баспалдақтар болғаны анық. Сыншы еңбектеріне тән негізгі сипаттарға үңіліп көрер болсақ, төмендегідей жағдайларды тани аламыз: – кеңестік дәуірдегі коммунистік идеология үстемдік еткен кезеңге тұстас келгендіктен де, жекелеген мақалалары мен шағын көлемді зерттеулерінде сол жылдардағы қоғамдық санада үстем болған кеңестік шындық талаптарының салқыны аңдалғанымен, А.Нұрқатовтың сыншылық болмысына тән негізгі сипаттар ретінде сыни пікірлеріндегі жан-жақтылық, айқындық пен дәлелділік, теориялық тұрғыдан біліктілік, әдеби туындыны көркемдік тұтастық ретінде қарастыру, жеке тұлға мен әдеби-қоғамдық ортаның бір-біріне әсер-ықпалы жайындағы объективті түсінік сияқты мәселелерді атауға болады;
– ғалымның жекелеген қаламгерлердің шығармашылық өмірі мен шығармаларын талдап-тануға, олардың әдеби үрдістегі орнын анықтауға бағытталған зерттеулері дерек көздерінің молдығы, ізденіс өрісінің ауқымдылығымен ерекшеленеді.
Бұл еңбектерінде сыншы-ғалым жеке қаламгердің шығармаларын қоғамдық, саяси, экономикалық өмірдегі өзгерістермен тығыз бірлікте ала отырып, соған сәйкес оның шығармашылық тұлға ретінде идеялық, тақырыптық, көркемдік тұрғыдағы ізденістеріне баса назар аударуды мақсат тұтады;
–сын мақалалары мен шағын көлемді зерттеулерінде жеке туындының кемшілік-жетістіктерін тізбелеумен шектелмей, олардың себептерін қаламгердің өмірбаяндық, шығармашылық деректерімен сабақтастыра қарастыру А.Нұрқатовтың сыншылық, зерттеушілік еңбектерінің жан-жақтылық сипатын танытатын белгілердің бірі болып табылады;
– сыншы-ғалымның қандай да бір қаламгер шығармашылығын зерделеу барысында өзі өмір сүріп отырған уақыт талаптары ауқымында ғана қалып қоймай, өнердің эстетикалық мұраттары тұрғысынан пікір айтуға ұмтылуы
– оның үлкенді-кішілі еңбектерінің қай-қайсына да тән өміршең қасиет.
– сыншылық жолында кей тұстарда уақыт ықпалынан шыға алмай, кей-кейде үстірттеу пікірлерге жол беріп қалып отырса да, негізінен тура бағытынан таймаған А.Нұрқатовтың сыни еңбектеріне әділдік пен ақиқатты мұрат тұтқан принципшілдік, көркемдік таным тазалығы тән.
– А.Нұрқатов мақалаларына тән бір ерекшелік ретінде оның өзі зерттеу нысаны етіп алған мәселе жайында ең әуелі баға беріп алып, содан соң сол бағасын жүйелі түрде дәлелдеуге көшетіндігін атап өткен жөн. Қандай мәселе төңірегінде ой өрбітсе де, әркез объективті көзқарас тұрғысынан баға беруге ұмтылатыны, ой-пікірді жеткізуде тілінің қасаңдықтан ада, оралымды әрі әсерлі болып келетіні оның еңбектерінен айқын танылады. Соның бір сипаты ретінде оның әдебиеттегі тау тұлғалар жайлы жазған еңбектеріне тоқталуды жөн көрдік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет