Бұлшықеттердің ең басты физиологиялық қасиеті - жиырылғыштық. Әрбір тітіркендіргішке бұлшықеттер қысқару, жуандау арқылы жауап қайырады, соңынан қайта қалпына келеді. Бұлшықеттерге әсер ететін тітіркендіргіштер - жылу, суық, әлектр тоғы, химиялық заттар. Осылардың барлығына бұлшықеттер жиырылу арқылы жауап қайтарады. Денеде бұлшықеттерді тітіркендіру орталық жүйке жүйесінен берілетін жүйке қозу толқынының қатысумен болады. Бұлшықеттер жиырылғанда энергия жұмсалады. Бұлшықеттердің жұмысын жүйке жүйесі басқарады.