1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер



бет25/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

«Ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп, орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті», - деп орысқа да күлуші еді.
Жоғарыдағы мысалдардағы төл сөзді конструкциялар деп дәнекеріне аяқталып тұр.
Ғалым Т.Қордабаев: «Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім» деген екінші қара сөзді талдай отырып: «Қазіргі әдеби тіліміздің синтаксистік құрылысы жағынан алғанда, жоғарыдағы ойлаушы едім деген тіркес осындағы барлық сөйлемдердің ең соңында келген болар еді» [20, 32-б.] деп, мұның себебін: «қазіргі әдеби тіліміз тұрғысынан алғанда белгілі бір пікірді түйіндеп, ой соңында айтылуға тиісті сөйлем сол ойға қатысты басқа сөйлеммен я сөйлемдерден бұрын айтылатындығынан» деп түсіндіреді. Осы тақылеттес сөйлемдер Абайдың басқа да қара сөздерінде кездеседі. Ол үшін төмендегі мысалдарға назар аударайық.
28-қара сөзде: Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді - бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс деп.
Осындағы ойды аяқтап тұруға тиіс сіздер айтасыздар конструкциясы ойға қатысты басқа сөйлемдермен байланысқа түсіп, жалпылама мәнді білдіруге қатысып тұр. Егер сөйлемді қалыпты формасына келтірсек, былай болып шығады: Біреу: «Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді - бұлар неліктен?» десе: «құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс», - деп сіздер айтасыздар.
35-қара сөзде: Дүние үшін болғандарға айтар дейді: «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе ахиретті ұстап, дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?» деп.
Дүние үшін болғандарға: «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе ахиретті ұстап, дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?» - деп айтар дейді.
Ана шын ниетіменен орнын тауып, бір құдайдың разылығы үшін өнер қылғандарға айтар дейді: «Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарып қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм ол разылықтарыңнан басқа осы махшар ішінде, сендердің осы қылғаныңа өзі қылмаса да, іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шафағат қылыңдар!» - деп айтар дейді.
Ана шын ниетіменен орнын тауып, бір құдайдың разылығы үшін өнер қылғандарға: «Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарып қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм ол разылықтарыңнан басқа осы махшар ішінде, сендердің осы қылғаныңа өзі қылмаса да, іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шафағат қылыңдар!» - деп айтар дейді.
36-сөзде: «Пайғамбарымыз салалаһу һалайһи уәсәләмнің хадис шарифінде айтыпты: «Мән лә хаяһүн уә лә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген».
Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген», - деп айтыпты.
Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген.
Біздің қазақтың өзінің: «ұят кімде болса, иман сонда» деген мақалы да бар.
Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді.
Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді.
37-қара сөзде: Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
Адамның адамшылығы істі қалайша бітіргендігінен емес, бастағандығынан білінеді.
39-қара сөзде: «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп.
«Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп.
«Сөйлем ішіндегі сөздердің орны ауысып жүрген ерекшеліктердің екінші тобы деп дәнекерінсіз жасалған өзге құрмалас сөйлем компоненттерінің өз орындарында тұрмауына, яғни басыңқы мен бағыныңқының, сондай-ақ кейбір салалас құрмалас компоненттерінің орындары алмасып құрылуына байланысты» [36, 308-б.]. Мысалы, Абай мәтіндеріндегі басыңқысы бағыныңқыдан бұрын келген құрмаластарды қалыпты жүйеге салу арқылы аңғаруға болады: Өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес [22, 193]. Басында зорлықпенен, яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанда [22, 195].
«Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібінде Абайда өз қаламына ғана тән ерекше бір конструкция бар, ол – толықтауыш бағыныңқының орнындағы сөйлемнің баяндауышы табыс септігінде тұрмай, ашық райда келуі немесе жай сөйлемдердің деп дәнекері арқылы байланыспауы» [36, 309-310-бб.] дей келе, баяндауыш қызметінде келген толықтауыш бағыныңқының басыңқыдан кейін орналасуы – грамматикалық тұлғасы жағынан салалас, мағыналық жағынан сабақтастардың бірі түрі деп айқындайды.
Екінші топтағы – компоненттерінің орны ауысып жүрген сабақтас және кейбір салалас құрмалас сөйлемдер. Мысалы:
1-сөзде: Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. Бұл сөйлемнің қалыпты құрылымы: «Ақыры осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын ... деп ойладым» түрінде болуы керек. Мұндай тәртіп мына сөйлемдерде де анық көрінеді:
3-сөзде: Өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін.
Бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған.
Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әрқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады. Бұл сөйлемнің де қалыпты формасы: «Әрбір жалқау кісінің қорқақ, қайратсыз тартатынын һәмма ғаламға белгілі данышпандар әрқашан байқаған» түрінде болуы керек.
Әрнешік білмек керек: жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ. – Жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ екенін әрнешік білмек керек.
Үшінші топтағылар – мүшелерінің орны ауысып келген жай сөйлемдер.
«Абай қара сөздерінде кітаби тілге тән осы үлгілес құрмалас сөйлемнің әсерімен, соның моделін қабылдау негізінде жасалған тағы бір ерекше сөйлем үлгісі кездеседі. Бұл сөйлемдерде бірінші жай сөйлемге тән баяндауыштар болады да, екінші жай сөйлемнің баяндауышы табыс септігінде тұрады. Яғни бұлар – тіліміздің қазіргі сөйлемдік жүйесінен ерекше, оған жат үлгіде, баяндауышы өзге тұрлаусыз мүшелердің алдына шығарылған жай сөйлемдер» [94].
Мысалы, 4-сөзде: Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын.
Сөйлемнің қалыпты формасы – Әрбір байқаған адам күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын білсе керек.
Жұрттың бәрі біледі: өлетұғынын және өлім қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қайтып жібермейтұғынын.
Сөйлемнің қалыпты формасы – Жұрттың бәрі өлетұғынын және өлім қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қайтып жібермейтұғынын біледі.
Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа қайғыны, орынды харекетпен азайт!
Сөйлемнің қалыпты формасы – Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, қайғыны орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт! Бұл сөйлемде тура толықтауыштың орны ауысып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет