1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер



бет32/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

Абай қара сөздеріндегі период

Қазақ тіл білімінде зерттеушілер назарынан қағыс қалып жүрген бір құбылыс бар. Оны жалпы тіл білімінде «период» деп атайды. Периодтың сипаты синтаксистік құрылыстағы бірыңғайлық заңдылықтарымен өзектес, оның үстіне, бұл - үлгі тұтып жүрген орыс тіл білімінде ертеден-ақ орныққан санат (Орыс тіл білімінде мұның зерттелу тарихын М.В.Ломоносов кезеңінен бастайды). Солай бола тұра қазақ тілтанушыларының бірыңғай мүшелер, салаластық қатынас, жарыспалылық сияқты синтаксистік құбылыстарды, параллелизм сияқты стильдік құбылыстарды зерттеушілері «периодты» ескермей кете береді [Мұндай еңбектер көп болғандықтан, сілтеме жасауды артық деп санаймыз].


Алайда қазақ тіліндегі периодты зерттеуді тақыр жерден бастау жөн емес. Бізге бұл жөнінде жазған екі ғалымның есімі белгілі: бірі – А.Байтұрсынұлы, екіншісі – Н.Т.Сауранбаев.
А.Байтұрсынұлы «Тіл-құралда» сөйлемдерді «құрылуынша» жіктегенде, оның бір түріне «орамды немесе өрнекті сөйлемді» жатқызады. «Сөйлегенде ойды тақ-тұқ қысқа айтып білдіретін орын да болады. Ойды ұзын айтып, орағытып келіп білдіретін орын да болады. Ұзын айтқанда ой дәуірлеген бетімен барып, қайтатын түрі болады. Сөйлеудің сондай түрлері орамды деліп аталады» [44, 173-б.]. Мұнан соң келтірген мысалдары «период» деп атап жүрген ұғымға сай келеді.
Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы мұндай бірліктің стильдік құбылыс екенін де ескерген. Оны «Әдебиет танытқышында» сөйлеу әуезділігінің факторы ретінде синтаксистік құрылыстан гөрі кеңірек қарастырған, ондай сөйлемдерді «өрнекті сөйлемдер» деп атаған. Өрнекті сөйлемдердің «өлеңдісі де, өлеңсізі де болатынын» ескерткен. Осыған орай, бір назар аударар жайт сол, Ахмет ғұламаның айтуынша, «өлең біткеннің бәрі әуезді сөйлеу тобына жататыны» [44, 179-б.]. Демек, біз қара сөздегі «өрнекті сөйлемдерді» айырықшалап көрсетуіміз керек.
Сонымен, ғұламаның «Әдебиет танытқышта» «өрнекті сөйлемдерге» берген сипаттамасын оқиық. «Өрнекті сөйлемдер деп құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, кестелі болып құралуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке яки кілемге салған түр сияқты болмағанмен өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнше оралып, қайрылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлем оралым (яки шұбыртпа) деп аталады. Оралым екі мүшелі болады. Бір мүшесінде пікір тақырыбы болады да, екіншісінде пікір баяны болады. Сондықтан бастапқы тақырыпшы мүше делініп, екіншісі баяншы мүше делініп айтылады. Өрнекті сөйлемді иіріп-жиырып жай сөйлемге айналдыруға болады. Жай сөйлемді жайып, далитып, өрнекті сөйлемге айналдыруға болады. Ол пікірді көп сөйлеммен ұлғайтып айтуға да болады. Ол пікірді шағындап, аз сөйлеммен айтуға да болады» [44, 179 -180-бб.].
Мұнан соң ғалым баяншы мүшенің тақырыпшы мүшеге қандай қызмет атқарып тұруына (мағыналық қатынастарға) қарай бұларды: себепті, мақсатты, ұқсатпалы, қайшы, шартты, жалғасыңқы, серіппелі, айырықты, қорытпалы деп тоғыз топқа бөледі [44, 180 -186-бб.].
Академик Н.Т.Сауранбаев В.В.Радловтың қазақтардың шешендігіне таң қалатынын тілге тиек ете отырып, «Использование в речи ритмико-мелодических средств придает ей… самое главное, целостность представлений, заключенных в простых предложениях в составе длинных периодов»…», - деп жазады [45, 204-б.]. Айғақ ретінде Қаз дауысты Қазыбектің қонтайшыға айтқан өрнекті сөйлемдерін келтіреді:
Сен - темір де, мен - көмір
Еріткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын
Теліткелі келгенмін.
Сөз бермейтін шешенді
Кеміткелі келгенмін.
Егесетін ер шықса,
Иіліткелі келгенмін.
Жаңа үйреткен жас тұлпар
Шабысқалы келгенмін.
Танымайтын жаттарға
Танысқалы келгенмін,
Қазақ, қалмақ баласы,
Табысқалы келгенмін
Табысуға келмесең,
Тұрысатын жеріңді айт.

Бұл терминді «Тіл білімі сөздігінде» «кезең» деп аударыпты. Онда: «КЕЗЕҢ (грек. реrіоdоs - айналу) ағыл. реrіоd, фр. реrіоd, нем. Реrіоdе – экспрессивті синтаксистің композициялық-стилистикалық тұлғасы. Қатаң орналасу тәртібі, баяндауыштардың түрлік-мезгілдік тұлғаларының сәйкес келуі, қайталанушы лексика сияқты бөліктерімен параллель ритмикалық жүйелі, бірқалыпты құрылымды қамтиды. Кезең бірізді терең кідіріспен бастапқыда тонның бірте-бірте өсуі және тонның бәсеңдеуі тән. Осыған сәйкес кезең кіріспе бөлім – протазиске және қорытынды бөлім – аподазиске бөлінеді. ... Кезең ойды білдіруге толықтығымен, аяқталғандығымен, көркем әдебиетке және публицистикалық әдебиеттерде оның кеңінен қолданылуының негізгі себебі болып табылатын күрделі дәйектеменің жан-жақтылығымен ерекшеленеді» [46, 270-б.].


Демек, периодтың қазақ тіл білімінде мынадай сипаттары белгілі:
1. көлемі жағынан ұзақ болады;
2. құрамы жағынан тақырыпшы бөлікке және баяншы бөлікке бөлінеді (мұның біріншісін жалпы тіл білімінде – протазис, екіншісін аподазис деп атайды);
3. берілетін ой анағұрлым толық болады;
4. айтылғанда дауыс ырғағы (тон) дәуірлеп барып төмендей береді;
5. өзіне тән композициялық-стилистикалық ерекшеліктері болады.
Орыс тіл білімінде «периодтың» сипаттары осы деңгейде белгіленген. Дәлел үшін бір-екі дәйек келтіруге болады:
«Период – многокомпонентное сложное предложение или очень распространенное простое предложение, отличающиееся полнотой и завершенностью содержания.
По значению и интонационным признакам период обычно разбивается на два компонента: «повышение» и «понижение». Между этими частями при произнесении периода делается значительная пауза, на месте которой ставится тире, а если структурой предложения требуется запятая, то – запятая и тире. По структуре период может представлять собой многокомпонентное сложноподчиненное, сложносочиненное, бессоюзное предложения, а также сложное предложние с разными видами связи. Период может иметь и форму простого предложения [47].
«Периоды, разнообразные по строению, в практике современной печати (с развитием присоединительных связей) чаще оформляются как грамматически самостоятельные предложения (между частями периода ставятся точки). Это, усиливая (актуализируя) отдельные компоненты периода, ослабляет смысловые связи между ними» [48, 240-241-бб.].
Байқалып тұрғандай, орыс тілінде «период» деп аталған соң, қазақ тілін «жатсынып» жүрген синтаксистік-стилистикалық бірліктер бар екені өткен ғасырдың басында-ақ белгілі болған екен. Оны А.Байтұрсынұлынша «орамды я өрнекті» деп атаймыз ба? Әлде басқа атау керек пе? Қазіргі тіл білімінде өрнектік, орамдылық сипат «периодтан» басқада да болатындығына сенім орнап қалды. Сондықтан бұл термин аталмыш бірліктің сипатының шекарасын белгілеп беруге бүгінгі күн ұғымынша сай емес. Олай болса, мынадай ұсыныс жасауға болады. А.Байтұрсынұлы грамматикасында «шұбыртпалы сөйлем» дейтін бар. Ғалымның өзінің сипаттауы мен мысалдарына қарасақ, «шұбыртпалы сөйлем» периодтың ауқымынан тыс шықпайды. Соған орай мұндай сөйлемдерді «шұбыртпалы сөйлем» деп атауды ұсынамыз.
Шұбыртпалы сөйлем барлық жанрда – көркем стильде, публицистикада, ресми стильде де кездесе береді. Публицистикадан мысалдар:
Қағидаттарда Қазақстан Республикасындағы кадрлық саясат пен мемлекеттік қызметкердің қарекеті міндеттілік сипатында болатыны; нормалар және ескертулер жүйесімен реттелетіні; қоғам, билік, жеке адам – үшеуінің арасында үйлесімді қатынастар тудыруға бағытталатыны; жоғары деңгейдегі құзыреттілік, кәсібилік, жауапкершілікті талап ететіні тұжырымдалған.
Бұл сөйлем – шұбыртпалы жай сөйлем. Тақырыпшы бөлік жүгін «Қағидаттарда ... тұжырымдалған» деген тіркес көтеріп тұр, «қағидаттарда не тұжырымдалғанын» қалған бөлік, яғни, баяншы бөлік жарыса белгілеп тұр.
Абайдың қара сөз мәтіндерінде алғашқы сөйлемнің тақырып туралы хабар беріп, одан кейінгі сөйлемдердің тақырыпты ашып, толықтыра түсуге қатысып тұрған сөздері көптеп кездеседі. Мысалы, 23-қара сөзде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет