1. Адам туралы ғылым жүйесіндегі психологияның орны


Қарым-қатынас барысында қабылдау және түсіну. Қарым-қ



бет15/27
Дата16.10.2023
өлшемі72,01 Kb.
#185900
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
1. Àäàì òóðàëû ?ûëûì æ?éåñ³íäåã³ ïñèõîëîãèÿíû? îðíû 2

28.Қарым-қатынас барысында қабылдау және түсіну. Қарым-қатынас дегеніміз не? Ең алдымен осы сұраққа жауап беріп көрейік. Қарым-қатынас – адамдар арасында байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғаланың дамуы мен қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Жалпы түрде айтатын болсақ, қарым-қатынас адамдардың басқа адамдармен сөйлесу не болмаса басқа да қатынастарға түсу арқылы ақпарат алмасу және қоршаған ортасын танып білу.
Адам өмірінің аса бір қажеттілігі ретінде қарым-қатынас процесін қарастырсақ болады, себебі адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Қарым- қатынасқа түсу арқылы оның психологиясы, жан дүниесі, сана сезімі қалыптасады. Адамның басқа топтармен қатынасқа түсуі оның адам ретінде дамуына ықпал етеді, яғни өз ойын білдіруі, түрлі ақпарат алмасуы, сөйлеу машығын қалыптастыруы осының бәрі адамның рухани өмірінің кемелденуіне әкеледі.Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді жəне дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.

  • бірлесу, ортақтық, біртұтастық құру («жақсы орта, достар»);

  • хабарламалар жіберу, ақпарат алмасу («сөйлесу, əңгімелесу»);

  • қарсы ала іс-əрекет жасау, жиі құпия немесе интимді сипатқа ие өзара үйлесу («бірінбірі терең түсіну»).

Екі адам бірін-бірі оң қабылдап, үшінші біреуге (тұлғаға немесе объектіге) деген өз қатынастарын орнатса, оларда осы үшінші адамға қатысты ұқсас бағдарларды дамыту бағыты пайда болады [3].
Қарым-қатынас болмаса біз қазір қандай болсақ, сондай бола алмайтын едік. Қарым-қатынассыз біз, əжеміздің ертегісін тыңдай алмас едік, əкемізбен ұшатын қағаз жылан жасап, анамызбен демалысқа барып, достарымызбен серуенге шыға алмайтын, мұғалімнің түсіндіргенін түсіне алмас едік жəне т.б. Сондықтан өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана тұлғаның дамуы жүзеге асатындығын көреміз. Олай болса, мына бір белгілі сөзді былайша түрлендіруге болады: «Кіммен араласатындығыңды айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтып беремін».
Əр адам өзінің негізгі ерешеліктерін жеке қарым-қатынас тəжірибесі арқылы, отбасындағы, мектептегі, көшедегі тікелей қатынастар арқылы қалыптастырады. Мұны қазақстандық психолог Х.Т. Шерьязданованың еңбегінде қарым-қатынас – баланың қалыпты психикалық дамуының маңызды факторы жəне ажырамайтын шарты ретінде қаралады. Ол қоршаған адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі бастапқы мəні бар маңызды табыстылық ретінде зерттеп, қарымқатынасты іс-əрекет ретінде түсінудің негізгі ережесін ұсынады:
1. Қарым-қатынас іс-əрекетінің заты немесе объектісі бірлескен іс-əрекеттегі серіктес жəне қарым-қатынас потенциалының субъекті ретіндегі басқа адам.
2. Қарым-қатынас əрбір іс-əрекет сияқты адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Қарым-қатынастағы қажеттілік басқа адамды бағалауға талпынудан тұрады, ол өзінің тұлғасын жəне өзін бағалауға, сол адамның бағасынан өзін анықтауға, қарымқатынас мотиві басқа адам немесе, дəлірек, адамның сол қасиеттері туралы түсінігі үшін баланың үлкендермен өзара əрекетке түсуі болып табылады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет