Жұлдыз: - Іскер адам әрдайым жеңімпаз болуға ұмтылады.
Жамбыл: - _________________________________________________?
Жұлдыз: - Кәсіпкер – өзіндік идеясы бар, ойын жүзеге асыратындығына
көзі жететін, өзіне деген сенімі күшті, жігерлі әрі қайратты
адам.
Жамбыл: - _________________________________________________?
Жұлдыз: - Ол басқаларға жұмыс тауып беріп, қоғамға пайда әкелетін
адам.
9-жаттығу. Диалогті
рөлге
бөліп
оқыңыздар,
монологке
айналдырыңыздар.
Жұлдыз: - Жамбыл сенің әкең кәсіпкерлікпен айналысады деп естідім.
Жамбыл: - Иә, жеке кәсібі бар.
Жұлдыз: - Жұмысшылары да бар ма?
Жамбыл: - Иә, жұмысшылар наубайханада нан пісіреді. Ет өнімдерінен
шұжық жасайды.
Жұлдыз: - Өнімдерін қалай сатады?
Жамбыл:- Дайын болған өнімдерді дүкендерге өткізеді. Дүкеншілер
өнімдерді халыққа сатып, еңбегін алады.
Жұлдыз:- Өнімнен түскен ақшаны қалай жұмсайды?
Жамбыл:- Дұрыс айтасың, жұмысшыларға айлық ақшасын береді, салық
төлейді.
Жұлдыз: - Әкең іскер адам екен.
Жамбыл:- Иә, әкем – өз ісіне сенген қайратты, жігерлі кәсіпкер. Мен де
әкем тәрізді кәсіпкер болғым келеді.