110
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде балалық шақ және үйленуге
қатысты салт-дәстүрлердің алатын орны ерекше. Әрбір ата-ана баласы
дүниеге келгеннен бастап, оны ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелейді.
Бала дүниеге келгенде шілдехана тойын жасайды. Сондай-ақ баланы
бесікке бөлеу – отбасы үшін ең қуанышты сәттердің бірі.
Қазақ халқы 40 санын «киелі сан» деп есептеген. Баланы қырқынан
шығарарда туыстарын қонаққа шақырған. Сәби жүре бастаған кезде ата-
анасы ырымдап, тұсау кесу тойын өткізген. Ер баланы үш немесе жеті
жасында сүндетке отырғызған. Қыз бала тоғызға келгенде оның анасы
«құлақ тесу» ғұрпын өткізген. Балалары ер жеткенде ұл баланың үйлену
тойын, қыз баланың тұрмысқа беру тойын жасаған. Ұзатылатын қыздың
аулында айтылатын “Жар-жар”, “Жұбату”, “Сыңсу” өлеңдерiнде, келiн
түсiру тойында орындалатын “Беташарда” қыздың, жас келiннiң басты
киiмдерi, сән-салтанаты жырланған.
Халқымыз қыздың көркiне ақыл-ойы,
мiнезi сай болуын қалаған. “Қыз – қылығымен сүйкiмдi”, “Қызым үйде,
қылығы түзде” деп, қыз тәрбиесiнiң ерекшелiгiне аса жоғары мән берген.
Қазақ халқы отбасының татулығына, бірлігіне ерекше көңіл
бөледі. Отбасында ұл мен қызды қарт адамның сөзін бөлмеуге, оны
құрметтеуге тәрбиелейді. Егер отбасында мәселе туындаса, ол үй ішінде
ақылдасып шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: