111
Ә) Балалары ер жеткенде ұл баланың үйлену тойын, қыз баланың
тұрмысқа беру тойын жасаған.
4-жаттығу.
Сөйлем ішіндегі белсенді лексиканы тауып, астын
сызыңыздар. Сөздің мағынасын түсіндіріңіздер және ондағы ойды басқаша
түсіндіріңіздер.
Қазақ халқы отбасының татулығына, бірлігіне ерекше көңіл
бөледі. Отбасында қарт адамның сөзін бөлмеу, оны құрметтеу – бірінші
қағида. Үйге келген туыстарды қарсы алып, дастарқанға дәм қою, бұл –
екінші қағида.
Үйдің қаржы мәселесі – біздің ортақ мәселеміз. Себебі оны
үнемдеу, дұрыс жұмсау – үшінші қағида. Егер отбасында мәселе туындаса,
ол үй ішінде шешіледі. Біз отбасында барлық мәселелерді ақылдасып
шешеміз.
Достарыңызбен бөлісу: